Қызылорда қаласы. Смағұл Айман Тілеубергенқызы | ||||||
№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты | ||||||
9-сынып. Қазақстан тарихы | ||||||
Сабақтың тақырыбы | §2. 1916 жылғы ұлт –азаттық көтеріліс | |||||
Тізбектелген сабақтар бойынша | Сабақ №2 | |||||
Сабақтың мақсаты: | Көтерілістің себептерін, Торғай, Жетісудағы болған көтерілістерді оқып үйренеді | |||||
Оқып үйренудің нәтижесі | Көтерілістің себептері мен сипатын, Торғай, Жетісудағы болған көтерілістердің тарихи маңызы мен қозғаушы күштері туралы оқыған материалдарын ұғындырып түсіндіріп бере алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология
Милитаризм, агралық мәселе, метрополия, бұратана, мобилизация, сардарбек 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс жайында мәтінмен жұмыс жасайды. (оқылым дағдысы) Сыныпта талқылау жүргізіледі (айтылым және таңдалым дағдысы) |
|||||
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау | Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау.
1. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс туралы айта аламын; 2.Тарихи орындардың тарихы туралы мәлімет бере аламын; 3.Тақырыптың нәтижесін түсіндіре аламын. |
|||||
Барлығын қосқанда | Тапсырмаларды деңгейіне қарай
1.Дарынды окушыларға (тақырыптың проблемамалық сұрақтарды талдау) 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (дидактикалық тапсырмалар) 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс) |
|||||
Негізгі дерек көздер | Б.Ғ.Аяған.Қазақстан тарих. ІХ сынАлматы «Атамұра»2013ж. §2. 11- 18бет
Жыл, жаңа сөз, тұлғаларға арналған дәптер Электронды оқулық, дидактикалык материалдар, карта |
|||||
Оқытуда қолданылатын
әдіс -тәсілдер |
Топтық жұмыс, әңгімелесу, Топтық тергеу әдісі, «Блумның сұрақ қою өлшемі» | |||||
Ресурстар | Интерактивті тақта, стикерлер, суреттер, кабинет жабдықталуы | |||||
Алдыңғы білім | §1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы | |||||
Кезең | Уақыты | Мұғалімнің тиісті іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Қызығушылықты ояту |
5 минут |
І..« Блумның сұрақ қою өлшемі» ойынын жүргізеді.
1. «Қазақ» газеті қандай бағытта шығарылды? 2. «Айқап» журналының редакторы кім еді? 3. «Айқап» журналының шығаруға кімдер белсене араласты? 4. «Айқап» журналының негізгі мазмұнның мәні не еді? 5. Мемлекеттік Думаға қазақ даласында сайланған депутаттар кімдер еді? 6. ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағы қанша облыстын тұрды? 7. ХХ ғасырда Қазақстанда қандай кен орындар мен кеншілер салынды? 8. Қазақтың зиялылары М. Шоқай мен М.Тынышбаевтар қандай идеяны қолдады? 9. ХХ ғасырда Ресей қандай дағдарысқа ұшырады? 10. Қазақтардың міндеттері не еді? 11. Халық наразылығы неден туындады? 12. Соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етті? Бірінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқының өміріне қандай өзгерістер әкелді?2. Оқушының ой-пікірін тыңдайды. 3. Сыныпты топқа бөлу |
І..« Блумның сұрақ қою өлшемі» ойынын жүргізеді.
Өтілген сабақ көлемінде оқушыларды ойландыратын сұрақтарға жауап беру
|
|||
аМағынаны тану |
20 минут |
ІІІ. Тергеу әдісі бойынша жұмыс. Бөлінген төрт топты басшылыққа ала отырып, әртоппен жұмыс жасаланыды. Әр топтың тапсырмасы бөліп беріледі.
І-топ: Сипаттама берушілер (тақырыпқа жалпы сипаттама беру) ІІ топ: Мақалшылар ( тақырыпқа мақалдар құрастырып тұүсіндіреді) ІІІ топ: Сұрақшылар( Сұрақтар қойылады. Сол сұраққа нақты мәлімет береді) ІҮ топ: Суретшілер (Суретке қарап сөйлеу) Жаңа тақырыптың негізі мазмұны туралы түсініктеме беру. 1. Көтерілістің себептері 2. Жетісу, Торғай жеріндегі көтеріліс 3. А. Иманов бастаған көтеріліс |
ІІІ. Тергеу әдісі бойынша берілген тапсырманы орындайды.
І-топ: Сипаттама берушілер (тапсырманы жүйелі түрде сипаттап береді) ІІ топ: Мақалшылар мақал түрінде жеткізеді ІІІ топ: Сұрақшылар(сұрақ беру арқылы түсіндіреді) ІҮ топ: Суретшілер (суретті салу арқылы жүргізеді)
|
Ой қозғау сабақты бекіту |
15 минут
|
Топтың жұмысы бақыланады. Әр топқа сұрақ беріледі.
Тапсырмаларды деңгейіне қарай беру 1.Дарынды окушыларға тақырыптағы оқиғаның проблемалары туралы өз пікірлерін айт алады. 2. Оқу үлгерімі орташа оқушыларға Қосымшы № 2-3. 1916 жылғы ұлт –азаттық көтеріліс тақырыбына байланысты топтастыру жұмысы мен сәйкестендіру тест тапсырмасы. 3.Үлгерімі төмен оқушылар термин сөздермен жұмыс жасайды. Тақырыптағы жаңа сөздермен жұмыс жасайды. Қосымша №4. 1916 жылғы ұлт –азаттық қозғалыс жайлы қандай қосымша тарихи-көркем шығармаларды білесіңдер? Кестемен жұмыс
|
Оқушыларға сұрақтар беріліп, жауап алындаы. Деңгейлік тапсырмалар
І.Тақырыптың негізі проблемелары. Ұлт азаттық қозғалыстың, себебі, Жарғыдан кейінгі жағдайы, тарихи маңызы, Көтеріліс болған жерлер мен сипаты, қозғаушы күштері, басшылары туралы түсініктеме береді. ІІ. Топтастыру жұмыс мен сйкестендіру тест тапсырмасы: 1916 жылғы ұлт –азаттық көтеріліс тақырыбына байланысты топтастыру жұмысы ІІІ. Жаңа сөздер: Милитаризм, агралық мәселе, метрополия, бұратана, мобилизация, сардарбек сөздерінің мән-мағынасына түсініктеме береді Қосымша №4 1916 жылғы ұлт –азаттық қозғалыс жайлы қандай қосымша тарихи-көркем шығармаларды туралы кестеге толтырады. |
5 минут |
Сабақты бекіту сұрақтары
1. Ер азаматтарды тыл жұмысына алу жөніндегі патша жарлығы қашан жариялады? 2. Патша жарлығымен тыл жұмыстарына қай жастан бастап алынатын болды? 3. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің себептері қандай? 4. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің көпке танылған басшыларын атаңдар? 5. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің негізгі мақсаты қандай? 6. А. Иманов бастаған көтерілістің қамтыған аймақтарды ата? 7. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістегі А. Имановтың рөлі қандай болды? 8. Жетісу жеріндегі көтеріліске қандай ұлт өкілдері қатысты? 9. Бұратан дегеніміз не? 10. Милитаризм дегеніміз не? |
||
Бағалау | 1. Тақырыптың негізгі мазмұнын баяндауы.
2. Тарихи орындардың тарихы туралы мәлімет бере аламын; 3.Тақырыптың нәтижесін түсіндіре аламын. 4. Шығу парағы (Смайликтер, қол соғу, бағдаршам, бармақ арқылы бағалау) |
||
Үйге тапсырма беру | §2. 1916 жылғы ұлт –азаттық көтеріліс тақырыбын оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. |
Қосымшы № 1
1916 жылғы ұлт –азаттық көтеріліс
Себебі | 1916 жылы 25 маусым күні «бұратана» халқытардың 19-43 жас арасындағы Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мың адамы қара жұмысқа алу туралы патша жаолығы | ||
Жарғыдан кейінгі жағдайы | Дала «біреуі жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды» | Интеллеген
ция |
Либерал-демократиялық (Ә. Бөкейханов,
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, т.б.) көтеріліске шығауға қарсы болды; отарлық империяға парасаты ымыраластық тактикасын ұсынып, халықтың этникалық тұтастығын ойлады. |
Революцияшыл-демократиялық (Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Ә. Майкотов, С. Меңдешов, С. Сейфуллин, Б. Алманов. Ә. Жангелдин т.б.) көтерілісті жақтап, өздері де қатысты. | |||
Көтеріліс болған жерлер | Бүкіл Қазақстан: Негізгі екі орталық Жетісу мен Торғай | ||
Көтерілістің сипаты | Империализмге, отаршылдық езгіге қарсы | ||
Қозғаушы күштері | Шаруалар мен қолөнершілер және қазақ жұмысшылары, жетекші күш – демократиялық интеллегенция өкілдері мен байлар, болыс басқарушылары | ||
Басшылары | Жетісуда: Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, А. Қосақов
Торғайда: А. Иманов, Ә. Жангелдин. Ә. Жанбосынов, К. Көкімбайұлы |
||
Көтерілісшілердің алғашқы күрес түрі | Отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіріп, әкім (елбегі), сот алқасы (жасақшы), қазына билеуші (қазынашы), әскери басшысын (сардарбек) сайланды. Қара жұмысқа алынғандардың тізімін жойып жіберді, салық тілхаттарын құртып, болыс ауылдарын тонады. | ||
Қара жұмыстан босатылған
дар |
ü Басқармалардың лауазымды адамдары
ü Жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер ü Имамдар, молдалар, мүдәрістер ü Ұсақ несие мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлер ü Оқу орындарындағы оқушылар ü Үкіметтің мекемелерінде жоғары лауазымды қызмет атқаратын бұратаналар |
||
Басқа ұлт өкілдерінің қатысуы | ü И. Долматов және Д. Федотов қырғыздарды бұратаналардың тізімін шығармауға шақырды
ü Жетісуда Демко, П. Аркадьев, т.б. көтеріліске қатысушыларды үйлеріне жасырды ü Торғайда Н. Кротов соғыс ісі шеберлігіне үйретті ü Е. Курев Қарқадағы көтерілісшілердің шағын топқа ұйымдастырды ü С. Вербицкая көтерілісшілер қатарында шайқасты ü С. Ужгин «Қарабалықтағы оқиғалар» атты прокламацияда көтерілісті тоқтатпауға шақырды |
||
Жеңілу себептері | ü Бытыраңқылығы
ü Қару-жарақтың нашар әрі жеткіліксіз болуы ü Ұлтаралық және руаралық қақтығысты пайдаланды ü Саны аз пролетариаттың елеулі ықпал жасай алмағандығы ü Біртұтас басшылықтың болмауы ü Ұлттық-демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы ü Даланың бетке ұстарларының (бай, батыр, қазы) дәйектілік, батырлық көрсетпеуі |
||
Тарихи маңызы | ü Қазақ халқының таптық, революциялық сана-сезімі өсті
ü Мыңдаған көтерілісшілер патша самодержавиесіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті ü Отарлық езгідегі ұзақ жылдар ішінде ұлттық мүлденің ортақтығын тұнғыш рет ұғынды ü Өздерін отаршыл экспансияға қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді |
||
Көтеріліске байланысты әдеби шығармалар | Ж. Аймауытов «Қарақожа», С. Сейфуллин «Тар жол , тайғақ кешу», Б. Майлин «Қанды кек», С. Мұқанов «Ботагөз», М.Әуезов «Қилы заман», И. Дәукебаев «Бекболат» және т.б.
|
,
Қосымшы № 2
1916 жылғы ұлт –азаттық көтеріліс тақырыбына байланысты топтастыру жұмысы
Қосымша №3
1916 жылғы ұлт –азаттық көтеріліс тақырыбына байланысты сәйкестендіру тест тапсырмасы
Сұрақтың тармағы
Қазақстандағы 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілістің |
Жауабы | Мазмұны |
А) Себептері | 2, 3, 7 | 1. Бұқара халықты қара жұмысқа алу барысындағы чиновниктердің озбырлығы |
Б) Сылтауы | 1, 6 | 2. Қоныстандыру саясатының кең өріс алуы |
В) Нәтижелері | 4, 5, 8 | 3. Қазақтардың жерін еш бақылаусыз тартып алу |
4. Үкімет көтерілісті түпкілікті түрде басып жанши алмады | ||
5. Көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана сезімі мен саяси белсенділігінің өсуіне ықпал етті. | ||
6. 1916 ж. 25 маусымдағы патша Жарлығы | ||
7. Бірінші дүние жүзілік соғыс | ||
8. 1916 ж көтеріліс Ақпан революциясының бастамасы болды. |
1916 жылғы ұлт –азаттық көтеріліс тақырыбына байланысты сәйкестендіру тест тапсырмасы
Жерлер | Жауабы | 1916 ж көтерілістің басшылары |
А) Торғай даласы | 4 | 1. Т. Бокин С. Ниязбеков |
Б) Орал облысы мен Бөкей Ордасы | 5 | 2. Т. Рысқұлов |
В) Ақмола даласы | 3 | 3. Ә. Майкөтов, С.Сейфуллин |
Г) Жетісуда | 1 | 4. Ә. Жанкелдин, А. Иманов |
Д) Сырдария облысында | 2 | 5. С. Меңдешев, Ә. Әйтиев |
1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілістің барсысын кестеде көрсетілген даталар мен мәліметтерді пайдалану арқылы өзара сәйкестендіру
Жылдар | Жауабы | Болған оқиғалар |
1. 1916 ж. 25 маусым | Патша үкіметінің жергілікті орындары болыстармен бірлесіп, тізім жасап, қазақ кедейлерін майданға аттандырып жатты | |
2. 1916 ж. шілде | Майданға 19 бен 43 жастың аралығыдағы қазақтар, өзбектер, қырғыздар және Сібірдің басқа да халықтарынан әскерге адам алынсын деген жарлық шықты | |
3. 1916 ж. шілде | Ереуілтөбе деген жерде 14 албан болысының жігіттері өліспей-беріспеуге ант берді | |
4. 1916 ж. 11 шілде | Түркістан қаласының тұрғындары көтеріліске шықты | |
5. 1916 ж. 1 шілде | Жаркент уезіндегі Құрман болысының наразлық манифестациясын өткізді | |
6. 1916 ж. 8 тамыз | Орынбордағы наразылық | |
7. 1916 ж. 16 тамыз | Ақсу жайлауындағы наразылық | |
8. 1916 ж. 16 тамыз | Верныйдағы наразылық | |
9. 1916 ж. 8 тамыз | Әулиеатадағы наразылық |
Қосымша №4
1916 жылғы ұлт –азаттық қозғалыс жайлы қандай қосымша тарихи-көркем шығармаларды білесіңдер? Кестемен жұмыс
№ | Авторы | Шығарманың аты |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
Бекіту сұрағы
- Ер азаматтарды тыл жұмысына алу жөніндегі патша жарлығы қашан жариялады?
- Патша жарлығымен тыл жұмыстарына қай жастан бастап алынатын болды?
- 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің себептері қандай?
- 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің көпке танылған басшыларын атаңдар?
- 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің негізгі мақсаты қандай?
- А. Иманов бастаған көтерілістің қамтыған аймақтарды ата?
- 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістегі А. Имановтың рөлі қандай болды?
- Жетісу жеріндегі көтеріліске қандай ұлт өкілдері қатысты?
- Бұратан дегеніміз не?
- Милитаризм дегеніміз не?