Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы
Өрнек ауылы
Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебінің
Тақырыбы | Қазақ хандығы | |
Мақсаты | Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы туралы тарихи деректермен оқушыларды жан-жақты таныстыру | |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар тарихи танымдық ойлауы арқылы талдайды, салыстырады, өз ізденістерін қорытындылайды; | |
Қажетті құралдар | постер, маркер.стикерлер, | |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі |
1. Тұлғааралық байланысты орнату
2. Топтық ережені еске түсіру 3. Хандардың суреттері арқылы топтарға бөлу
|
«Алтын Ережені»еске түсіреді
№1 топ: Тәуке хан №2 топ:Есім хан №3 топ:Қасым хан:
|
Тұсау кесер | «Қазақ хандығының-550 жылдығына » арналған деректі фильмдерінен үзінді көрсету. | Оқушылар үзіндіден әрі қарай қалай болғанын ауызша айтады |
Негізгі бөлім | №1 топқа тапсырма:
«Сәйкестендір» Хандар Билік еткен жылдары 1.Бұрыныдық хан а)1380-1395 жж 2. Қасым хан б)1474-1511 жж 3.Хақназар хан в) 1532-1537 жж 4.Есім хан г)1511-1518 жж 5. Тәуке хан д) 1538-1580 жж е)1680-1718 жж ж)1598-1628 жж Жауабы: 1-б ;2-г;3-д;4-ж;5-е; №2 топқа тапсырма:Қазақ хандарының билік ету ретімен қой: v Жәнібек v Шығай v Есім v Тәуекел v Керей v Бұрындық v Қасым v Хақназар Жауабы: 1.Керей;2..Жәнібек;3.Бұрындық;4.Қасым; 5.Хақназар;6.Шығай;7.Тәуекел;8.Есім №3 топқа тапсырма: Артығы не?неліктен? Қасым; Тахир; Бұйдаш; Есенбұға; Хақназар Шайбани;Сұлтан Бейбарыс;Абд ар-Рашид; Абдаллах Түркістан;Қозыбасы;Сығанақ;Тараз Ресей;Египет; Бұқар хандығы; Моғолстан Жауабы: Артығы :1) Есенбұға;2.Сұлтан Бейбарыс;3)Тараз;4)Египет |
Тапсырмаларды орындайды.
№1 топ: сәйкестендіреді; №2 топ.Ретімен қояды №3 топ: Артығын алып неліктен екеніне түсінік береді
|
Мағынаны ажырату | «Ойлаудың алты қалпағы»
1.Ақ қалпақ (тарихи фактілерді,жаңа мәліметтерді обьективті санамалау) 2.Қызыл қалпақ (тарихи материалға жекелей талдау жасау) 3.Қара қалпақ.( теріс салдары проблемаларды бөліп қарастыру) 4. Сары қалпақ(барлық оң атаулыны жинақтау) 5.Жасыл қалпақ (тарихи нәтижелерді шығармашылық формада ұсыну) 6. Көк қалпақ (оқу материалы жалпы рефлекситі ойларды , идеяларды,,тұжырымдарды қалыптастыру) 1).Тарихшы М.Х.Дулати өзінің «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде 1465-1466 ж. Аралығында осы хандықтан Жәнібек пен керейдің бөлініп кеткендігін айтады.Көшудің басты себебі-Әбілқайыр хан 1457 қалмақ ханы Үз-темір жеңіліп қаоғаннан кейін өзін қолдамаған сұлтандарды жазалай бастады.бұған қарсы болған Жәнібек пен керей сұлтандар өз руларын жетісуға қарай бет алды. 2). ХҮ-ХҮІІ ғасырдағы қазақ хандығының ең жоғары билеушісі ХАН болдыХан өзінен кейінгі сұлтан,билердің көмегімен билік жүргізді.Ханедық билік мұрагерлікпен беріліп,тек сұлтан атағы бар адам ғана тағына отыра алған.Аға сұлтан тек шыңғыс тұқымдарына берілген 3). «Тақсыр-тақсыр» дегізіп тамсандырды, Сөйтіп жүріп,аяққа хан салдырды» деген сөздің шығуы Қарапайым халық сұлтандардың атын атамай , «төре» немесе «тақсыр» деп атаған. Себебі қазақ халқы әлеуметтік екі топқа бөлінген. Феодалдар-Шыңғыс тұқымынан шыққан.Оңтүстікте сұлтандар мен қожалар жатты,бір саты төмен жергілікті ру тайпадане шыққан билер,бай-шонжарлар,батырлар,ақсақалдар тұрды.Ақсүйектерді «төре» деп атаған. 4).Қазақ қоғамында меншік мәселесі өте күрделі болған.Тартыс болмау үшін әркімнің өз мүліктерінің (малының) таңбалары болған. Бөрі болған қазақ сыныды көне елде, Ел белгі де,ерлік сезім,өнерде Жаһандық ең жауынгерхалықта Кім сенеді ту болмады дегенге? Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға, Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.Қалай оныңЕлтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салса ен таңба! Батырлыққа уызынан жарыған. Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын,өзі әнші халықта Кім айта алар Болмаған деп әнұран?! А.Бөкейхан 5).Тәуке хан: -мен мынаны білсем деймін.жоңғар шапқыншылығын тоқтатып,олардың ордасын күл-талқан ету үшін қазақтарға не қажет? Қолбасшылары әр түрлі пікір айтады. Тәуке хан: -Бәрі дұрыс-ау,тоқ етерін айтар болсақ,қазақ халқына құдайдың құтты күні және болашақта ауызбіршілік қажет.Ол еліміздің мәңгілік қаруы,күш-қуаты,жеңістеріміздің күретамыры,-деген екен Жазба деректерінен алынған 6). РАФТ әдісі Р-роль А-аудитория Ф-форма Т-тақырып |
Әр топ өздеріне берілген уақыт бойынша өзө пікірлерін қорғап шығады
Ақ қалпақ: Негізгі тарихи идеялар бойынша жазба деректемелермен байланыстырылған фактілерді айтып өтеді.
Қызыл қалпақ: Қазақ хандығының хандарына жекелей талдау жасайды
Қара қалпақ: Қазақ хандығының хандарының саясатындағы теріс проблемаларға шолу жасайды
Сары қалпақ: Қазақ хандығындағы халыққа тиімді жақтарды айтып өтеді
Жасыл қалпақ: Көрініс көрсетеді Тәуке ханмен қолбасшыларымен сұқбаттасу кезі
Көк қалпақ: Рафт әдісін қолданып Р-оқушы А-облыс әкіміне Ф-өтініш Т-Керей мен Жәнібек хандаға ескерткіш орнату |
Ой толғаныс | Венн диаграмма (кеше және бүгін)
№1 топ: Хан құқықтары мен Президент құқықтарын №2 топ: Қазақ хандығы кезіндегі заңдар мен Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясын №3 топ: Картамен жұмыс: Қазақ хандығының аумағы мен Қазақстан Республикасының территориясын |
Салыстырмалы деректерін қорғайды. |
Бағалау
Кері байланыс |
Топтық жұмыстағы бағалау критерийлері:
1. Хандардың билік еткен хронологиясы 2. Тарихи фактілер, материалдарды талдау,тиімді және тиімсіз салдарлар,шығармашылық пен рефлексті ойлар 3. Салыстырмалы деректер Дескрипторы. «Бағдаршам» тәсілі Жасыл түс- 3ұпай Сары -2 ұпай Қызыл түс-1 ұпай «Білім ағашы» кері байланысы |
Топ басшылары критерийлер бойынша топты бағалайды
Жасыл түске – түсінгенін және ұнағандығын жазады Сары түске -түсінбегендігшін жазып «Білім ағашына» іледі Кері байланыс жасайды |
Үйге тапсырма | «Егер мен хан болсам»тақырыбында эссе жазу | Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады |