22 — Қыркүйек тілдер мерекесі құтты болсын. Қазақ тілі мәңгілік болсын дей келе, қарсаңында қазіргі кездегі елімізге танымалы, қазақ тілінің жанашыры болып жүрген Мұхамедия Ахметов ағамыздың «АНА ТІЛІ» мен ОҚУШЫНЫҢ айтысы шығармасын жариялап отырмыз. Оқыңыз мүмкін сізге ой салар.
«Ана тілі»:
Мен сенің «Ана тіліңмін»
Парақтап оқып білім ал.
өмірлік жасыл жайлаумын
Теретін талай гүлің бар.
Тау мен өзен, кең далаң,
Бабаңнан қалған – біліп ал.
Көкбайрақ пен Елтаңбаң
Кеудеңе бекем тағып ал.
Әнұранды жатта да,
Тарихыңды ұғып ал.
Оқушы:
Сен менің «Ана тілімсің»,
Бесікте шыққан үнімсің,
Тамыры терең ілімсің.
Білмей өтсем – мінімсің,
Білсем – көкте күнімсің,
Сүтімен енген анамның
Сен менің «Ана тілімсің».
«ҚАЗАҚ ТІЛІ»
Үйретіп әріп, дыбысты,
Атқардым қиын жұмысты.
Сөйлем құрап үйреттім
Әр сөзің болсын жұғысты.
Кім?, не?, кімдер?, нелер? – деп
Бастауышты іздеттім.
Не істеді?, қайтті? – дегенге
Баяндауыш міндетті.
Жұрнақ пенен жалғауды
Түбір сөзге жалғаттым.
Сауатсыз болып жазылса –
Ұяты нағыз ұяттың.
Мұхамедия Ахметов Фейсбуктегі жазбаларынан
Мерекелериниз кутты болсын устаздар! Унеми сабак алмасып туралык