Басы » Cыныптан тыс » ЭКСПО-2017 болашақтың энергиясы

ЭКСПО-2017 болашақтың энергиясы

Жамбыл облысы

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

Жаңатас көпсалалы колледжінің

электртехника пәнінің оқытушысы

Бексейтова Акмарал МырзабековнаСабақтан тыс іс-шаралар

 «ЭКСПО-2017 болашақтың энергиясы»

(пікір-сайыс)

Пікір-сайыстың мақсаты: «ЭКСПО-2017 болашақтың энергиясы және  Жасыл экономикаға көшу мақсаты туралы  оқытушылар мен білімгерлерге таныстыру,үгіт-насихат жүргізу.

Пікір –сайысты ұйымдастырушылар :Электротехника пәнінің оқытушылары

 

«ЭКСПО – 2017  болашақтың энергиясы» атты

Жаңатас көпсалалы колледжінің оқытушылары мен білімгерлерінің ұйымдастыруымен   

ЖҮРГІЗІЛУ ТӘРТІБІ

                                                      

Құрметті білімгерлер өздеріңізге белгілі елімізде ірі даталы тарихи күндерге толы екені сөзсіз. Күні кеше ғана қазақ елінің тарихындағы  қазақ хандығының 550жылдық мерей тойын дүркіретіп көне Тараз төрінде жоғары дәрежеде өткіздік. Бүгінгі акциямыз күллі әлем көз тіккен  экспо – 2017 көрмесіне арналған «ЭКСПО – 2017 болашақтың энергиясы» атты ғылыим акциямызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі пікір-сайысымызға  Жаңатас көпсалалы колледжінің директоры Туйтебаева Нұрландия Ералықызы, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елешева Ләззат Нұраханқызы, әдіскер Утебаева Гүлнұр Мейрамәліқызы, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Молтаева Майра Сармантайқызы   қатысып отыр.

Экспо  – бүкіләлемдік көрмесі бір жарым ғасырлық тарихы бар жаһандық көрме. Көрме кезінде «индустрияландырудың белгісі техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш Экспо көрмесі 1851 жылы Ұлыбританияда өткен болатын. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен.

2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы еліміздің Астанасында Экспо ұйымдастырушы комитетінің  сарапшы комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017  көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатындығын ерекше атап өтті.

Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып, жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Елбасымыздың сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтын жеткізді.Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.

«Экспо-2017 бүкіләлемдік көрме өткізу үшін басты екі қала таласқа түскен болатын Олар: біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы болатын.

Сайлау барысында 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды.

ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуына зор мүмкіндік жасалуда. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелдіру үшін қуатты серпін береді.

Экспо -2017 көрмесі әлемдік энергия сақтау технологиялары күн және жел дәстүрлі емес энергия көздерін жандандыру,  шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады. EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиғалармен жалғасын табады.

Ендеше акциямыздың алғашқы сөзі Жаңатас көпсалалы колледжінің оқытушы Бексейтова Ақмарал Мырзабекқызына беріледі.

(А.Бексейтова өз баяндамасын оқиды)

Келесі кезекте «Экспо -2017 бүкіл әлемдік көрмесіндегі жасыл энергия көзі» атты тақырыбымен  Жаңатас көпсалалы колледжінің оқытушы Қаспахов Қайрат Шариябекұлынна сөз беріледі. (Қ.Қаспахов өз баянадамасын оқиды)

«Күн және жел дәстүрлі емес энергия жасжандандыру» тақырыптарында 03-14 тобының білімгерлері Бурхан Руслан және Мұратұлы Ерболсынды ортаға өз ойларымен және өз қолдарымен жасап шығарғанан ма кеттерін  таныстыру үшін ортаға шақырамыз.

(Р. Бурхан және Е. Мұратұлы өз макеттерін таныстырады)

1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады.             Жастардың көзқарасымен дайындалып жасалынып жатқан түрлі жобалар дәл осы ЭКСПО-2017 бүкіл әлемдік көрмеде көрсетіледі деген ойдамыз. Осымен Жаңатас көпсалалы колледжінде ұйымдастырылған «ЭКСПО – 2017 болашақтың энергиясы» атты  пікір-сайысымыз соңына келіп жетті. Қатысқандарыңызға көп рахмет.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *