Жамбыл облысы
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы
Жаңатас көпсалалы колледжінің оқытушысы
А.Т.Естемесова
- Сабақтың тақырыбы: Халқын сүйген, халқы сүйетін ақын.
- Сабақтың мақсаты : ақын өлеңдерін сүйе білуге,өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету; сөйлеу тілдерін жетілдіру,өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу сезімдерін ояту,талдаулар жасауды меңгерту, пікірталасын ұйымдастыру; блімгерлерге эстетикалық тәрбие беру,өз ұлтын,елін жерін,отбасын сүюге тәрбиелеу.
- Күтілетін нәтижесі:
Мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің идеясын ашады.
Топта жұмыс жасау арқылы меңгерген ақпараттарын қажеттілігіне жарата білуге үйренеді
Өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап,баяндау,ой қозғау,кластер
Пән аралық байланыс: орыс әдебиеті, музыка , қазақ тілі,бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакат, алмалар, алмұрттар , А3 форматты қағаздар,түрлі- түсті бояу,ақын портреті
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі
Білімгерлерді түгелдеп, зейіндерін сабаққа аудару. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. Екі топқа бөлу «Ақын», «Қара өлең» тобы
Екі топқа алма ағашын және алмұрт ағашын тақтаға іліп жемістерді таратып беру . Әрбір дұрыс жауапқа ағашқа жемістерін желімдеу арқылы топ жұмысын бағалау . топ басшысын орталарынан сайлап топ мүшесінің әр берген дұрыс жауабын есепке алып отыруы үшін бағалау парағын беру.
ІІ Үй тапсырмасы :
1.Мұқағали қандай ерекшелігімен қазақ поэзиясының Хантәңіріне айналды ?
2.Мұқағали қазақ әдебиетін қай тұрғыда байытты?
3.Оның әдебиетіміздегі орны
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
«Топтастыру» әдісі
“Ақын” тобы
Поэзияның асқар шыңы
Мұқағали
|
Қара өлеңнің шебері Лирик ақын
Сыршыл ақын Философ
Ғасыр ақыны Ақиық ақын
Халқын сүйетін, халқы сүйетін ақын
Сөзжұмбақ «Қара өлең» тобы
1.Мұқағалидың қызы 2.Лашын 3.Туған ауылы
4.Ән жазылған өлеңінің бірі 5.Ғасыр ауысар тұста алған атағы 6.Анасы 7.Әкесі
8.1964 жылы жарық көрген тұңғыш кітабы
ІV Жаңа сабақ
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір, ер-тұрманы. М. Мақатаев
Ой қозғау:
Бұл ребусты дұрыс шешсек, Мұқағали Мақатаевтың өлеңінің тақырыбы шығады
Дәптермен жұмыс:
А )Түсіндірме сөздік
Белгілі бір өлшеммен ,қиыннан қиыстырылып үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесін өлең дейді .
“Қара өлең” – ауыз әдебиетіне жатады.
Оның иесі, авторы- халық. Қыпшақ тіліндегі мағынасы: “ұла”- ұйқасу, “қара”-ежелгі, байырғы.
“Аңыз” — бұл сөздің екі мағынасы бар: бірі –ауыз әдебиетінің түрі, екіншісі- егістік,кең алқап.
Күпі- ішіне жабағы жүн салып тігілген сырт киім
Шекпен- зерлі оқалы , сәнделіп түйе жүнінен тоқылған сырт киім
Боз көрпе- түннің таңмен астасқан кезі
Ә) Әдеби –теориялық ұғымдар сөздігі (Түртіп алу стратегиясы)
- Шумақ- аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.Шумақтың өз бөлшегі бар,ол- тармағы.
- Тармақ –өлеңнің әр жолы.
- Ырғақ немесе бунақ –қимыл әрекетті бір мөлшерде суреттеу.
- Ұйқас — өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі .
- Эпитет — бір заттың не құбылыстың айырықша сипатын,сапасын айқындайтын суретті сөз
- Кейіптеу – табиғаттағы жансыз денелерді тірі адам бейнесінде алып жандандыра суреттеу
- Ұйқас түрлері: қара өлең ұйқасы,шұбыртпалы ұйқас,кезекті ұйқас,шалыс ұйқас,егіз ұйқас,ерікті ұйқас.
Автор орындығы
Тірек сөздерді қатыстырып,
“Өлеңнен кейінгі ой» тақырыбында эссе жазу,
1 шумақ өлең,сурет салу
ІҮ Сабақты қорыту
“Бес жолды өлең” әдісі арқылы өз топтарының атының бүгінгі өткен сабақпен байланыстылығын анықтайды.
1 топ: “Ақын”
2 топ: “Қара өлең”
“Бес жолды өлең” әдісі
- Тақырып (зат есім) ___ ___ __
- Суреттеу (сын есім) ___ ___ __
- Қимыл (етістік) ___ ___ ___ __
- Сезіну (сөйлем) ___ ___ ___ __
- Мәнін қайта айту ___ ___ ___ _ (синоним)___ __
Мен-таулықпын-
Қыранның балапаны
Маған дағы тауымның таңы атады,
Қарапайым қалтықысыз жырларымды,
Қажетіне өз халқым жаратады!
Мұқағали поэзиясының мәңгілік өміршеңдігі халқына рухани азық боларлық жыр жазғандығында. Қазақ халқының дара перзенті “мызғып алып” қайтадан жазираны жырлап тұрғандай көрінеді.
Сен, жас буын, жаңа тал
Гүлің де өсіп шашырар.
Сарылып оқып, білім ал,
Сөнгенше сәулең асырар.- деп келешек ұрпақты білімге құштар болуға шақырады. Өмірді мәнімен сүру үшін адам терең білімді болу керек екенін айтады.
V Үйге тапсырма:
“Поэзия пайғамбары” тақырыбында шығарма жазу
Кестені толтыру
VІ Бағалау :
Талдардағы жинаған жемістері арқылы топ бағаланады, топ басшысының толтырған бағалау парағы арқылы топ мүшесі бағаланады
[bws_related_posts]