Басы » Биология » Өсімдіктердің тозаңдануы және ұрықтануы. Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдану, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру).

Өсімдіктердің тозаңдануы және ұрықтануы. Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдану, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру).

АйгулҚызылорда облысы Арал ауданы

№2 Облыстық арнайы санаториялық

мектеп –интернатының

Биология пәнінің мұғалімі.

Құлмырзаева Айгүл Баймырзақызы

 Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердің тозаңдануы және ұрықтануы. Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдану, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру).

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   Өсімдіктің тозаңдануы және ұрықтануы , көбею мүшелерін жүйелеу, көбею мүшелерінен түзілген өнімнің адамға, жан-жануарларға қажеттілігін түсіндіру.

 Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, ойындар ойнау арқылы, логикалық танымын, биология пәніне деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны аялап, қорғауға тәрбиелеу.

Типі:Түсіндірмелі
Әдісі: баяндау сұрақ-жауап
К/к: слаид,сурет, кесте, тапсырмалар.

Сабақтың ұраны:

Тіршіліктің тірегі өсімдікті қорғайық.
Тұқымдарын молайтып өсіруді ойлайық!

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Кезекшіні анықтау,түгендеу.

Оқу құралдарын тексеру.

Сынып  оқушыларын үш  топқа бөлу.1 — топ «Тамыр», 2 — топ «Сабақ» ,3  — топ «Жапырақ»,

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 

І. «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» стратегиясы арқылы.

1-топ

  1. Жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтанудан пайда болатын гүлшоғыр күрделі шашақ, күрделі масақ, сырға , күрделі шатыр (шындық)
  2. Жүзім, гүлшетен, тары, күріш күрделі масаққа жатады. (жалған)
  3. Жай масақ гүлшоңырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағағтары арқылы кезектесіп орналасады. (жалған)

2-топ

  1. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын жиынтығын гүлшоғыр деп атайды. (шындық)
  2. Күлте гүл табанынан кейін орналасқан.(жалған)
  3. Бір гүлде аталық пен аналық болса қос жынысты дейді.(шындық)

3-топ

  1. Аналықтың ұшын мойын, ортаңғы жіңішке жерін ауыз,түп жағындағы жуандаған жерін тұқымбүршік дейді. (жалған)
  2. Жанама сабақшалары бұтақтанбай, ұшы гүлмен бітсе, ондай гүлшоғырды жай гүлшоғыр деп атайды  (шындық)
  3. Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе – дұрыс гүл, бір сызықпен теңдей бөлінбесе бұрыс гүл дейді.(шындық)

 

 

ІІ. Суретпен жұмыс

  1. Гүлшоғырлар кестені толтырыңыз.
  2. Аналықтың құрылысын түсіндіріңіз.
  3. Гүлдің құрылысын түсіндіріңіз.

ІІІ. Сергіту тренингі (мұғалім мәтінді оқиды, оқушылар қимылмен көрсетеді):

Делфинде суда жүзеді. Кенгруле пружина секілді жұмыс жасайды. Өсімдіктер қосжарнақты және даражарнақты болып бөлінеді. Жирафтың биік бойы өсімдіктердің жоғары ярусындағы жапырақтармен, гүлдермен қоректенеді.  Жас өсімдік бұтағы әлсіз болғандықтан жел болса біресе оңға, біресе солға  қозғалады.

ІҮ. Жаңа сабақ:

Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.

Тозаңдану – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді.

І топ Өздігінен тозаңдану – бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына (қос жынысты гүл) түсуі (1-сурет). Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай (бітеу гүлде) тұрғанда тозаңданып үлгереді. Мысалы, жер жаңғағы (арахис), шегіргүл, саумалдық, бетеге, тары өсімдіктерінің гүлдері ашылмай тұрып тозаңданады.

ІІ топ Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі. Айқас тозаңдануды – бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөледі.

ІІІ топ Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі (1-сурет).

 

Өздігінен тозаңдану                                       Айқас тозаңдану                                                          Аралар арқылы айқас тозаңдану

1-сурет. Тозаңдану түрлері.

Балара, жабайы ара, шыбын, көбелек, қоңыз, құмырсқалар гүлдің тозаңымен, шірнесімен қоректенеді (2,3-суреттер).

Қорегін іздеп, бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне тозаңдар жабысады. Екінші гүлге қонғанда жабысқан тозаңдар аналықтың аузында қалып, тозаңдануға себепші болады.

2-сурет. Көбелек арқылы айқас тозаңдану.

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ.

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады. Соққан желге тербеліп, тозаңдарының таралуына бейімделген. Аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған.

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай, қайың, емен. Тозаңдануы ауа райына байланысты. Бұлтты, жаңбырлы күнде жаңбыр суы тозаңдарды шайып, өсімдік түсімін кемітеді.

 

 

 

3-сурет. Тозаңдану.

Ұрықтану (4-сурет) – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін болады.

 

4-сурет. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы.

Ү. Кестемен жұмыс. 

Белгілері Тозаңдану әдісі
1.                 Тозаңдары майда, жеңіл, құрғақ.
2.                 Гүлі ашық реңді.
3.                 Тозаңдары өте ірі, жабысқақ.
4.                 Гүлдің аталық жіпшелері өте ұзын, тербеліп тұрады.
5.                 Гүлдері реңсіз, ұсақ.
6.                 Гүлдері хош иісті, өсімдік топтасып өседі.
7.                 Гүлдердің шірнеліктері болмайды.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.  Кубизм әдісі.

  1. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатысады?
  2. Ұрықтану қай кезде жүреді?
  3. Қосарлы ұрықтану дегеніміз не?
  4. Ұрықтануға қанша аталық жасуша қатысады?
  5. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым
  6. Тозаңданудың қанша түрі бар?

ҮІ. Үйге тапсырма: Өсімдіктердің тозаңдану және ұрықтану.  Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдану, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру).

тозаңдану

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *