Астана қаласы
№65мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Иманкалиева Сагила
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Сын есімдердің зат есім арқылы алуан түрлі белгілерін білдіретінін дәлелдеу. Сөйлем арасынан сын есімді айыра білу. Сын есімдердің заттың сынын, сипатын, сын сапасын білдіретін қосымша материалдардан іздеу арқылы еске түсіру.
- Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Ақыл-ойларын, іскерлік-белсенділіктерін дамыту. Ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқыту әдісі: Ой шақыру, топтастыру, еркін жазу, болжау.
Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды түсіндіру. Сын тұрғысынан ойлау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, тақырыпқа арналған кесте, суреттер, сызбалар, ойын түрлері, слайд-шоу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Дидактикалық кезең. Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы.
ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі.
ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешу:
Сөз табының ең басында тұрамын,
Білесіңдер Кім? Не? Деген сұрағым.
Сөйлемде ой иесі боламын
Етістікпен көркейемін толамын.
( Зат есім)
Зат есіммен көршілес,
Сынаудан бір сәт ерінбес
Бұл қай сөз табы?
(Сын есім)
Жұмбақ шешу, ой толғау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.
ә) Тақтаға сөйлемдер жазылған кесте ілінеді және осы кесте бойынша жаңа сабақ түсіндіріледі.
б) Сөйлемдерден Қандай? Қай? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді табу.
в) Сурет бойынша сын есімдерді табу және қорытындылау.
г) Өткен тақырыптан алған білімге сүйене отырып «топтау стратегиясы» арқылы ой толғау және іздендіру.
Оза оқыту әдісі бойынша, осылай сын есімдерді топтау арқылы түсіндірдім.
- Ой толғаныс кезеңі.
- Поэзия минуты.
Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты «Күз», «Қыс» өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Орнында отырған оқушылар осы өлеңдердің ішінен сын есімдерді тауып дәптерлеріне жазады.
- Біліміңді байқап көр.
Осы сөздерді (екі өлеңнен) тақтаға жазады, орфографиялық нормаға сәйкес жазылғанын тексереміз. Эпитет, теңеуді тапқызу.
- Сен қалай ойлайсың?
Осы уақытта ең жақсы оқитын оқушыларға қосымша тапсырма беру. Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастыру. Өте зейінді оқушы кім?
Тірек сөздер: алғыр, өте тиянақты, аса ұғымтал, әп-әдемі, тап-таза, мұнтаздай, қайырымды, жолдастарына тым беделді, мұғалімдер, қоғамдық жұмыс, белсенді оқушы.
- Ұйқасын тап.
Зеректікке байланысты оқушыларға өлең құрастыру. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қояды.
Біздер … баламыз,
… ой-санамыз.
Достықты біз …,
… боламыз,
Оқып білім …
Біз бақытты баламыз.
І қатар «зерек», ІІ қатар «әдепті», ІІІ қатар «бақытты» деген сөздерге сатылай кешенді талдау жасайды.
V. Дидактикалық кезең.
Жаңа сабақты бекіту.
Сын есім ережесін, сұрағын сұрап, мысал келтіре отырып, қайталау.
[bws_related_posts]