Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№56 «Жұлдыз» бөбекжайының тәрбиешісі
Кауымбаева Рзагул Наурызгалиевна
«Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің маңызы»
Бүгінгі таңда XII ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейтесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» халықққа жолдауында былай деп жазылған «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани – мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: — оқушылардың ұлттық сана – сезімін қалыптастыру; — жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухани дамыту; — ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани – мәдени мұраларды қалыптастыру. Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар үйіндегі әжелер мен аталар, нашақорлық салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейлі болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір –бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиеннің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде –ақ оқушы бойына сіңе бастайды. Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М. Шахановтың «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек» әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз керек. Ол үшін ұстаздар қауымы оқушыларға салт- дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы-отбасында, екінші мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдерімен жұртшылық тығыз байланысты болуы шарт. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлары бойы армандаған мәдени – рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім – тәрбие саласындағы, білім жүйесідегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек. Ұлттық тәрбиенің іргетасын қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен бірігіп жүргізген жұмысы болу керек. Ұлттық тәрбие- бізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Өмірде қымбат нәрсе бар ма адамда, Орындығы жұмсасаң өлмес дәрі. Қасиетін өмірдің білу керек, Басында ми бар болса, бетінде ары, — деп Шәкәрім ақын жырлағандай, біздің жастарымыздың өз өмірлерін бос өткізбей, білімге жұмсауды, артында өшпейтін із қалдырып, мәнді де бақытты өмір сүруге ұмтылуына көмектесуіміз керек. Ата – бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына ақыл болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ана тілімен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту баршамыздың парызымыз. Сонымен қортындылай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық. [bws_related_posts]