Сабақтың тақырыбы: | 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбы бойынша ҰБТ-ға дайындық сабағы. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың әдісі: | ЖАДА –ны дамытуға арналған стратегиялар арқылы ҰБТ-ға дайындық. | ||||||||||||||||||||
Тізбектелген сабақтар бойынша | Сабақ №1 | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Ø 1916 жылғы көтерілістің алғышарттары,;
Ø Басталу себебі; Ø Қазақ зиялыларының екіге бөлінуі; Ø Көтерілістің мақсаты, қозғаушы күштері; Ø Көтеріліс аумағы; Ø Жеңілу себептері; Ø 1916 жылғы қозғалысқа орыс зиялыларының көзқарастары;көтерілістің тарихи маңызы жайлы қарастырылып, оқушының өзіндік зерттеу жасау арқылы көз жеткізуі көзделеді, білімді оқып үйренеді. |
||||||||||||||||||||
Оқып үйренудің нәтижесі | Ø Оқиғалар кезеңдерін
белгілейді; Ø Хронологиялық шеңберлер есебін шеше алады; Ø Картада негізгі оқиғалар мен құбылыстарды, олардың динамикасы мен даму жағдайын белгілейді; Ø Оқиғалар арасында байланыс орнатады; Ø Біршама күрделі сұрақтарға жауап беру үшін деректерді ажыратып, талдай алады; салыстыра отырып шешім шығара алады. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбы бойынша ҰБТ-ға дайындық әдісін үйренеді және теориялық білімін жетілдіреді. |
||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбында мәтінмен жұмыс жасайды. жұмыс жасайды. (оқылым дағдысы)
Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым мен тыңдалым дағдысы) |
||||||||||||||||||||
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау | Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау.
1. Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау; 2.Зерттеудегі өзіндік үлесін бағалау; 3.Тақырыптың нәтижесіннің нақтылығына қарай бағалау |
||||||||||||||||||||
Барлығын қосқанда | Тапсырмаларды деңгейіне қарай
1.Дарынды окушыларға (тақырыптың проблемамалық сұрақтарды талдау) 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (дидактикалық тапсырмалар) 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс) |
||||||||||||||||||||
Негізгі дерек көздер | 1.Қазақстан тарихы көне заманнан
бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010 2.Қазақстан тарихы бойынша нақты деректер. Алматы,2007 3.Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы бойынша тест жинақтары мен лекциялар жинағы, Алматы ,2015 4.Қазақстан тарихы Алматы:Атамүра, 2013. Авт.Аяған Б.Ғ., Шаймерденова М.Ж. |
||||||||||||||||||||
Оқытудағы
әдіс -тәсілдер |
АКТ, СТО, сыни тұрғыда ойлау, талдау, жинақтау, ішінара ізденіс, ойтолғау, жеке , топтық жұмыс. | ||||||||||||||||||||
Кезең | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс әрекеті | ||||||||||||||||||
Қызығушылықты ояту | 1. 1-мин
2. 2-мин
3. 5-мин
4. 5-мин
5. 5-мин
6. 5-мин 7.3-мин
8. 3-мин 9. 3-мин 10.3-минут |
1. Оқушыларды топқа бөлу;
(қиындылар арқылы бөлінеді және онда жазылған тұлғалар жайлы білетін мәліметтерімен бөліседі) 1-минут 2.Тұлғаларды нақтау арқылы өтілетін тақырып ашылады. 2-минут 3.Тақырыпты еске түсүру мақсатында «тізбектелген сұрақ қою» әдісі жасалынады. 4.Тақарапты нақтылау мақсатында деректі фильм көрсетіледі. 5. Мәтінмен жұмыс. 6.Топтық жұмыс кесте арқылы жұмыс жасау. 7. Логикалық сұрақтармен жұмыс 8.Бір жауабы бар тест жұмысы 9.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбы бойынша ҰБТ-да келетін ықтимал сұрақтардың тізбегін шығару. |
1.Оқушылар сыни тұрғыда ойлана отырып топқа бөлінеді.
2. Мұғалім : 1916 жылға патша жарлығының мазмұны қандай болды? Бұл сұрақты мен Гүлжанға қояын.Оқушылар жалғастырып кетеді 3.Көсетілген деректі фильм бойынша өз пікірлерін ортаға салады. 4.Мәтінмен жұмыс 5.Оқушылар өздерінің білетін оқиғаларын айта бастайды. 6.Тақырып бойынша логикалық сұрақтар құрастырады. 7.Біржауапты тест жұмысына жауап қайтарады.
Тақырып бойынша БҰТ-да келетін ықтимал сұрақтар тізбегін шығарады. |
||||||||||||||||||
Мағынаны ашу |
|
5-мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс. І-топ
XIX ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді.XXғасырдың басында ол шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналады. Капиталистік қатынастарға ерте көшкен елдер дамуы жағынан едәуір озып кетіп, әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттерінің алдыңғы легін құрды.Ресей капиталистік экономика жолына кештүссе де,жедел дамып,орташа дамыған екінші лекте өзін нық сезінді.Азияның,Африканың,Латын Америкасының баяу дамыған елдерге қысым жасады,олардың олардың ішкі істеріне қол сұқты,байлығы мен шикізатын пайдаланды.Ресей де Азия елдерінде көз тікті,шет өңірледі өзінің отарына-шикізат,тұрақты нарық көзіне айналдырды. Ресейдің алға шығуына негізгі кедергі-феодализм қалдықтары:биліктің патшалық болмысы,дворяндардың үстемдігі,помещиктік жер иелену,буржуазияның,халық бұқарасының саяси биліктен шеттетілуі болатын.Шаруалардың жерінің аздығы,олардың меншікке байланысты бөлшектенуі,елдің тұрмыс жағдайының ауырлығы,халықтың кедейлене түсуі, «бұратаналар» деп аталған халықтардың ұлттық езілуі сияқты факторлар да Ресейді етектен тартты.
ІІ- мәтін Қазақ демократтарының саяси көзқарастары. Жергіліктіпатша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі – жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі – бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды. Ат төбеліндей байлар, ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды.Олар қазақтарды «Ресей мемлекетінің бодандары,Оттанның перзенті» деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып,мемлекетті қорғауға лайық еді.қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз», -деп жазды.Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатұлы өздері қол қоиған үндеуде екі баламаны алға тартты:»Бірі-барса, алынған жігіттер қазаға,бейнетке аз ұщырайды,екіншісі-«бармаймын»деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді…» Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды.Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдетуден ж/е ұлттық автономия құрудан үміттенді.Олар:»қарусыз халық үкметтің жазалау шараларының құрбаны болады»,-деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында.Қазақ халқының либералдық-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасаты ымырластық тәсілін жүргізуді,халықтың амандығын ж/е оның етностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады.Тарих осы бағыттаң дұрыс блғанын дәлелдеді. ІІІ-мәтін Торғайдағы көтеріліс орталығы. 1916 жылғы қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай обылысында орын алды. Мұнда қазақ шаруаларының күресі мейлінше табанды болып, ұзаққа созылды. Жергілікті ауылдық-болыстық әкімшіл басқарудан аластатылып, билік көтерілісшілердің қолын көшті. Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, аса беделді Әбділғафар Жанбосыновты өздерігің ханы етіп сайлады. Атақты Иман батырдың немересі Амангелдіні сардарбегі етіп тағайындады. Торғайдағы қозғалыс ошағы биліктің бір орталықта болуымен, көтерілісшілер қозғалысын басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен көзге түсті. Әскери іс мәселелеріне Әскери Кеңес баса назар аударып отырды. 1916 жылғы қыркүйекте Торғай уезінде Амангелді Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушыларды ұйымдастырды және көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті. Олардың жалпы саны 20 мыңға дейін жеткен.Көтерілісшілер қатарын Ырғыздан, Қостанайдан, Ақтөбеден, Байқоңыр және Шоқпаркөл кеніштерінен, Орынбор-Ташкент теміржолынан келген жұмысшылармен толықтырды.
|
|||||||||||||||||||
3. Кестемен жұмыс.
1-топтың тапсырмасы
|
|||||||||||||||||||||
1І-топтың тапсырмасы
|
|||||||||||||||||||||
1ІІ-топтың тапсырмасы
|
|||||||||||||||||||||
Оқушылар ХХғ.басындағы оқиғаларды айта алады.
Логикалық сұрақтар құрастыра алады. 6-ҰБТ-да логикалық сұрақтармен жұмыс
1.1916 жылы 20 шілдеде Түркістан генерал-губернаторы болып тағайындалды. Ол қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерлісішілерді бағындыруға және лаң салушыларға қарсы күресу үшін рулық араздықты пайдалануға нұсқау берді. Үстем тап өкілдерін қара жұмысқа алудан босату туралы жарлық шықты.16 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа желеу болған себеп: Қазақтан қар жұмысқа жігіт алу. Қозғалыстың қамтыған аумағы: бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір мен Каваказдың бір бөлігі Ұлт- азаттық қозғалысқа желеу болған жағдай: А) Патша жарлығы В) Халықтың ауыр тұмысы С) Салықтың көбеюі Д) Ресейдің отарлау саясатының шарықтауы 2. Торғай көтерілісі табанды болып, ұзаққа созылды. Билік көтерілісшілерінің қолына көшіп, бір орталықтан басқарылды. Торғай уезіндегі қыпшақ руының қазақтары Әбдіғафар Жанбосыновты хан етіп сайлады. Иман батырдың немересі Амангелді сардарбек болды. Мергендерден ерекше жасақтар құрып, оларды шағыл құмдардың арасына орналастырды. Көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып,қару жасаушыларды ұйымдастырды, көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті. Әскери іс мәселелеріне Әскери Кеңес баса назар аударып отырды. Торғайдағы көтеріліс ұзаққа созылды.Бұл көтерілісті жазалаушы отрыдтар тез басып тастай алмады. Көтерілісшілер алдымен жасаған іс-әрекеттері: А) Соғыс жоспарын құру В) Бекіністер салды С) Қару өндіруді ұйымдастырды Д) Ескі феодадық жүйені қайта орнатты. 3. IV Мемелекеттік Думада А.Ф.Керенский патша үкіметМемелекеттік Думада А.Ф.Керенский патша үкіметін, Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл әкімшілігін сынады. Қостанай социал-демократиялық ұйымын құрушы, публицист С.Ужгин үнқағазында көтерілісшілерді батылдыққа шақырды. Торғайда Н.Кротов көтерілісшілерді соғыс ісіне үйретіп, шайқас барысында жазалаушылардың қолынан қаза тапты. Е.Курев Қарқара көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болды. Кәсіпкердің қызы С.Вербиукая көтерілісшілер жағында шайқасты.1916 жылы патша өкіметі дала стратегиясын жүзеге асырып, ұлт-азаттық қозғалысты жаныштады.Нәтижесінде қазақтардың саны жарты млн-ға жуық кеміді. Көтерілістің жеңілу себептеріне бытыраңқылығы, қарудың жеткіліксіздігі, жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар, ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы жатады. Патша үкіметін және Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл әкімшілігін сынаған: А) С.Вербицкая В)С.Ужгин С)Н.Кротов Д)А.Ф.Керенский Е)Е.Курев |
|||||||||||||||||||||
Бір жауапты тест жұмысы
1.2. Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы 1.2.1.Қандай амалды болса да қолданудан тайынбауға шақырған Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы: А) А.Куропаткин В) М.Фольбаум С) А.Керенский Д) С.Ужгин Е) Н.Кротов 1.2.2. Жазалау отрядтарының жанынан құрылды: А) Қарулы кулактар тобы В) Әскери-дала соттары С) Мергендер тобы Д) Қарулы қазақ ақсүйектері Е) Уездік соттар 1.2.3.ТОқмақты қоршаған көтерілісшілер саны: А) 5 мыңнан астам В) 6 мыңға жуық С) 7 мың Д) 9 Мыңға жуық Е) 10 мыңнан астам 1.2.4. 1916 жылы Жетісудағы қозғалыстың ең ірі ошағы: А) Лепсі В) Жаркент С) Қарқара Д) Шамсы Е) Қорам 1.2.5.Жетісу көтерілісшілерін басқарды: А) А.Куропаткин, М.А.Фольбаум В) Ә.Жангелдин, Т.Бокин С) Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов Д) М.Дулатұлы, иА.Иманов Е) Б.Әшекеев, Ұ.Саурықов 1.2.6.Торғайдағы көтерілістің басты ерекшелігі: А)Табанды болып, ұзаққа созылды В) Бекіністер жойды С) Қару өндіруді ұйымдастырды Д) Мергендер жасақтарын құрды. Е) Көтеріліс жеңіске жетті. 1.2.7.1916 жылғы Торғайды қоршаған көтерілісшілер саны: А) 5 мың В) 7 мың С) 10 мың Д) 15 мың Е) 20 мың 1.2.8.Торғай көтерілісіндегі атақты мерген: А) Амангелді В) Әліби С) Кейкі Д) Әбдіғафар Е) Бекболат 1.2.9.Жетісу көтерілісшілер шабуылдаған қоныстанушылардың мекені: А) 24 В) 34 С) 54 Д) 74 Е) 94 1.2.10. «Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» деген үнқағазын шығарған публицист: А) С.Вербицкая В) С.Ужгин С) Н.Кротов Д) А.Ф.Керенский Е) Е.Курев 1.2.11.Көтерілістен кейін қазақтар саны кеміді: А) 0,5 млн-ға жуық В) 400 мыңнан астам С) 300 мың Д) 200 мың Е) 100 мыңға жуық 1.2.12. Абақтыда азаптап өлтірілген көтеріліс жетекшісі: А)Никита Кротов В) Бекболат Әшекеев С)Жәмеңке Мәмбетов Д)Тоқаш Бокин Е) Ақкөз Қосанов 1.2.13. «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекте қандай ел екенін білдірді»-деп жазды: А) Ә.Бөкейханов В)Т.Рысқұлов С)А.Байтұрсынұлы Д)М.Дулатұлы Е)С.Сейфуллин Осы тақырып бойынша ҰБТ-да келетін ықтимал сұрақтар тізбегін құрастыра алады. |
|||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма
у |
1. Тақырыпты пысықтау.
2. ҰБТ-да келетін ықтимал сұрақтармен жұмыс. 3. Логикалық сұрақтармен жұмыс жүргізу. |
||||||||||||||||||||
Бағалау |
Оқушылардың білімдерін «Жетістік» критерийлары бойынша бағалау.
Өзін –өзі бағалайды, өзара бағалайды. Сабақ қаншалықты қызықты, пайдалы болғандығы туралы рефлексия жасайды |
||||||||||||||||||||
Мұғалім сөзі. Оқушы сабақтың түйінін түсінеді. | |||||||||||||||||||||
Рефлексия.
Сабақты өзіңіздің бағалауыңыз (бұл жерге сабақ барысындағы енгізілген өзгерістер мен өз комментариилеріңізді жазасыз. Сәтті және сәтсіз тұстарын жазыңыз) Не жақсы болды? Неліктен? Не ұнамады? Неліктен? Не ұнамады? [bws_related_posts] |
Ілмек1916 бойынша дайындық жылғы қозғалыс сабағы тақырыбы ҰБТ-ға ұлт-азаттық