Басы » География » Демография, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру проблемалары.

Демография, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру проблемалары.

ж1Қостанай облысы

Арқалық қаласы

Жалпы білім беретін № 4 орта мектебінің

География пәнінің мұғалімі                                                          

Кемпирова Әсемгүл Сайлаубекқызы

Сабақтың тақырыбы:Демография, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру проблемалары.

Мақсаты:

Дүние жүзі елдерінің демографиялық жағдайы туралы мағлұмат беру.

Денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру проблемалары салалары туралы білімдерін толықтыра отырып және  пікірлесіп ортақ шешімге келуге дағдыландыру.Оқушыны өз интеллектуалдық қабілеттерін бағалай білуге, көп алдында өз пікірін ашық жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгеру сабағы

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:Кесте, атластар, “ Дүние жүзінің саяси картасы”, видио –роликтер.

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын және жүрісін таныстырып өту:

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

 

«Кім жылдам?»

1.Неге энергетика және шикізат проблемасы ғаламдық болып есептелінеді?

2.70-жылдары энергетикалық дағдарыстың шығу себептері және зардаптары қандай болды?

3.Бүгінде д.ж. энергетикасы қандай шикізат көздеріне сүйенеді?

  1. Адамға озонның жойылуынан қандай қауіп төнуде?

5.Технологиялық қалдықтарды екінші реттік өңдеу дегенді қалай түсінесіңдер?

6.Шикізаттың тапшылығы және оның сарқылуы әлем елдерінің дамуында қандай жағдайларға әкеп соғуы мүмкін?

7.Қазақстан Республикасының энергетикалық және шикізаттық ресурстармен қамтамасыз етілуінің қазіргі жағдайы қандай?ІІІ.Жаңа сабақ.

 Демография–халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым.

Демографиялық жарылыс-халық санының артуы  зор жылдамдықпен жүру процестері.

Демографиялық   дағдарыс —әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы  халықтың ұдайы өсуінің тежелуі.

Демографиялық саясат — мемлекет тарапынан жүргізілетін, халық санын реттеуге немесе халық санын өсіруге бағытталған   шаралар   жиынтығы.

Қазіргі   уақытта  халықтың ұдайы өсу сипаты бойынша елдерді

4 топқа бөлуге болады

1.Демографиялық ауысуды аяқтағандар.

  1. Демографиялық ауысуды аяқтаушылар.

3.Демографиялық ауысудың басында  тұрған не оны бастаушылар.

  1. Халықтың ұдайы өсудің кемуі нәтижесінде, ел, аудан халқының санының азаюы.

                                      Ізденіс тапсырмалары

1 топ: Дүние жүзі халқының саны мен өсу қарқыны.

2 топ:Қазақстандағы демографиялық жағдай

Эпидемиялық індеттер

ЖҚТБ( СПИД) – ең басты ғаламдық  індет, ол  өзінің ауқымдылығы  жағынан, адамзат даму тарихында бастан өткен барлық індеттерді қосқандағыдай. Әлемдегі  ВИЧ-инфекциялардың таралуы жағынан ең қауіпті деп Африка аймағы саналады. Алайда, аймақтағы елдер бұл ауруды  жеңу немесе ең болмағанда  таралуын тоқтатуы үшін, алдымен экономикасын қалпына келтіруі, халқының өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында көп қаржы жұмсауы қажет. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау  Ұйымының мәліметі бойынша 2017 жылға қарай ЖҚТБ( СПИД) – мен ауыратындардың саны 35-45 млн. адамға жетуі мүмкін.

1 топ:                                              Кесте толтыру

 

Эпидемиялық індеттер түрлері Көп таралған

 аймақтар

1 Холера Ботсвана, Үндістан
2 Маляри Бразилия, Зимбабве
3 Оспа Үндістан
4 СПИД Зимбабве
5 Зика вирусы Латын Америка
6 Оба Үндістан
7 Көкала Қазақстан, Қызылорда
8 Шошқа тұмауы Мексика

 

 

2 топ                                Термин сөздермен жұмыс

СПИД, эбола, холера, маляри, оспа, оба, көкала, зика

вирусы, шошқа тұмауы.

 Ең үздік мектеп білімін беретін елдердің ондығы

1.Сингапур                           6.Гонконг

2.Оңтүстік Корея               7.Жапония

3.Тайвань                           8.Финляндия

4.Эстония                           9.Швейцария

5.Нидерланд                      10. Канада

 

 

Ал рейтингтің    ең   соңғы   орындарында

1.Оман

  1. Марокко

3.Гондурас

4.ОАР

5.Гана

 Мәдениет және білім беру проблемалары………»

тақырыбында эссе жазу.

ІV. Қорытынды.        

Тест жұмысы

 І нұсқа

1.Халық санының азаюы елді неге әкелді?

А) Демографиялық дағдарыс

Ә) Демографиялық жарылыс

Б) Демографиялық саясат

 

  1. Алғашқы халық санағы қай ммлекетте болды?

А) Грузия

Ә) Египет

Б) Ресей

3.Тәуелсіз Қазақстандағы бірінші халық санағы қай жылы өтті?

А)1991 ж

Ә)1995 ж

Б) 1999 ж

 

4.Дамушы елдердегі халықтың өсу қарқынын азайтудың жолдары

А) Демографиялық дағдарыс

Ә) Демографиялық жарылыс

Б) Демографиялық саясат

5.Халықтың ұдайы өсуінің кемуі туралы ғылымды не деп атайды?

А) Демография

Ә) Депопуляция

Б) Миграция

6.Үндістанда отбасын жоспарлау саясаты қандай?

А) Некеге тұру жасы кемітілді

Ә) Біз екеуміз — екеуімізге екеу

Б) Отбасының ұдайы өсуіне ықпал жасау

7.Қай ғасырда жер шарында халық саны 1 млрд адамды құраған?

А) ХV

Ә) ХVІІІ

Б) ХІХ

8.Демографиялық өтпелі кезеңдердің қайсысында халықтың табиғи өсімі жоғары болды?

А) Бірінші

Ә) Екінші

Б) Үшінші

9.Демографтардың есептеуінше 2050 ж. халық санының өсуі бойынша қай елдер алдыңғы

           ондыққа кіреді?             

А) Ресей және Жапония

Ә) Жапония және Бангладеш

Б)Бангладеш және Ресей

10.Қай мемлекет туу мен халықтың табиғи өсуін азайтуғабағытталған демографиялық

            саясат ұстануда?

А) Үндістан

Ә) Бразилия

Б) Австрали

ІІ нұсқа

1.Ғалымдардың  дерегінше, д.ж.кейбір елдер халқының басым бөлігі «қартайған» елге  айналуы мүмкін. Ол қай елдер?

А) АҚШ,Канада

Ә) Швейцария, Германия

Б) Испания, Франция

  1. Батыс Еуропа мемлекеттерінің экономикалық даму үшін қандай демографиялық түйінді мәселелер маңызды?

А) Халықтың тығыздығы

Ә)Қаладағы халықтың аса тығыздығы

Б) Демографиялық дағдарыс

3.ҚХР-дағы демографиялық саясатың негізгі ұраны қандай?

А) Бір отбаы – бір бала

Ә) Жоспарлы түрде бала туу

Б) Бала туу үшін жергілікті үкіметтен рұқсат алу

4.Аянышты кедейліктің ең ауыр зардабы- балалар өлімі. Қай елдерде бала тууға шектеу қойылады?

А) Австралия елдері

Ә) Африка елдері

Б) Еуропа елдері

5.Үндістанда отбасын жоспарлау саясаты қандай?

А) Некеге тұру жасы кемітілді

Ә) Біз екеуміз — екеуімізге екеу

Б) Отбасының ұдайы өсуіне ықпал жасау

  1. «Демографиялық жарылыс» қандай елдерде байқалады?

А) Дамушы

Б) Дамыған

В) Өтпелі экономикалы

7.Жер шары халқының  жыл сайынғы абсалют өсуі ХХ ғ.неше еселенеді деп ойлайсындар?

А)2 есе

Ә) 3 ее

Б) 6 есе

  1. Халық санының өсуі жағынан 1990 ж. алдыңғы бестік елдеріне әлемдегі қай мемлекеттер кірді?

А)Бразилия, Ресей

Ә) Жапония, Индонезия

Б) Индонезия, Бразилия

  1. Халықтың өсуі дегеніміз не?
    А) Туу, өлім және табиғи өсу процестерінің жиынтығы

Ә) Халық санының әркелкі өсуі

Б) Туу көрсеткішінің жоғары болуы

  1. Халық санының өсуіне қандай жағдайлар кедергі жасайды?

А) Дүниежүзілік соғыс

Ә) Аштық, табиғи апаттар

Б) Барлық жауабы дұрыс

Рефлексия.

ж2

 V.Бағалау:Сабақ соңында мұғалім бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларды «5» және «4» бағаларына сәйкес сертификаттармен марапаттайды.

 VІ. Үйге тапсырма

  • 26 оқып келу.

Елдер бойынша өмір сүру жасының ұзақтығы тақырыбына диаграмма құру.

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *