Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия
Тақырыбы: «Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері»
Жас ізденуші:
10 «б» сынып оқушысы Мұхади Айсая
Ғылыми жетекшісі:
Биология пәнінің
мұғалімі Оспанбек Толқын Расбекқызы
Ғылыми кеңесшісі:
Биология ғылымдарының
докторы, профессор м.а. Қурманбаева Меруерт Сакеновна
Кіріспе……………………………………………………………………………………….
|
4
|
|
1 | Әдебиеттерге шолу………………………………………………………………
|
6 |
1.1
1.2 |
Өсімдіктерге ауыр металл туралы жалпы сипаттама……………………..
Ауыр металдардың (Cu, Zn) өсімдіктерге тигізетін улы әсері………..
|
6
8 |
2 | ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ………………………………
|
11 |
2.1 | Зерттеу объектісіне сипаттама……………………………………………………….
|
11 |
2.2 | Зерттеу әдістері……………………………………………………………………………..
|
11 |
3 | ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ………………………………………………………………
|
12 |
3.1 | Зертханалық жағдайда өсірілген соя тұқымының өну қарқындылығы мен өсу жылдамдығы……………………………………………
|
12 |
3.2 | Ауыр металл тұздарының соя сорттарының анатомиялық құрылысына әсері………………………………………………………………………….
|
16 |
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………
|
24 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….
|
25 | |
ҚОСЫМША………………………………………………………………………………….
|
27 |
АҢДАТПА АННОТАЦИЯ
Ғылыми жұмыста сояның өсуі мен дамуына ауыр металл Zn әсерін зерттеу негізгі міндет болып табылды. Сояның морфологиялық және анатомиялық құрылымдарына зерттеу жүргізу нәтижесінде, бірінші рет морфологиялық және анатомиялық құрылымдар параметрлерінде өзгерістер бар екендігі анықталды. Ұзақ мерзімді тәжірибеде анатомиялық ерекшеліктері, әсіресе ксилема мөлшері мен флоэма, өсірудің әртүрлі жағдайларында әсер ететіндігі анықталды. Талдау негізінде, флоэма мөлшері азайып, бірақ ксилема әдетте үлкен болып табылады, және ауыр металл Zn әсерінен флоэма ұлғайған. Ғылыми жұмыста Zn қосылған жағдайда ұзақ уақыт бойы зерттелген сояның морфометриялық сипаттамалары келтірілген. Қорытындылай келгенде, Zn қосылған жағдайда морфометриялық көрсеткіштер жоғары мәнге ие болғандығы салыстырмалы зерттеу нәтижесінен анықталды.
АННОТАЦИЯ
В научной работе статье ставится задача рассмотреть влияние тяжелего металла Zn на рост и развитие сои. В результате анализа углубленного изучения морфологических и анатомических структур сои, впервые выявлены изменения в параметрах морфологических и анатомических структур. Многолетний опыт и исследования анатомических структур сои показывает, что на анатомические признаки, в частности на размер ксилемы и флоэмы влияют различные условия выращивания. Но основе анализа впервые утверждается, что при уменьшений размера проводящих пучков, соотношения флоэмы к ксилеме изменяется, в контрольных вариантах обычно ксилема больше чем флоэма, а под влиянием тяжелого металла флоэма превышала ксилему. Особое внимание обращается на соотношения ксилемы к флоэме. Научная работа посвящена вопросам влияния тяжелого металла на морфометрические показателей сои, которого изучали долгое время, и на основе проведенного исследования сделан вывод, что при добавлениях различных химических соединений, обычно размер проводящих пучков уменьшается, но при этом размер флоэмы увеличивается.
a
ABSTRACT
In the scientific work we was research the impact of heavy metal Zn on growth and development of soybean. As a result of the analysis of enhanced studying of morphological and anatomical structures of soybean, for the first time there have been determined changes in parameters of morphological and anatomical structures. Long-term experience and researches of anatomical structures of soybean show, that anatomic features, particularly the size of a xylem and phloem, are influenced by various conditions of cultivation. Based on the analysis, it is claimed that with size decreasing of the conducting bundle, a phloem ratio to a xylem changes, in control options, the xylem is usually bigger than a phloem, and under the influence of a heavy metal Zn, the phloem exceeded a xylem. Special attention is paid on xylem ratios to a phloem. The scientific work is devoted to concerns about influence of a heavy metal Zn on morphometric characteristics of soy, which had been studied for a long time, and on the basis of the conducted research, To sum up, in case where added Zn morphometric indexes have high value revealed by the results of comparative investigations.
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың басында, ғылым мен техниканың дамуы өндіріс орындарының жедел өсуіне ықпал етті. Осыған орай алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [1]. Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға — 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді [2], ал Қоршаған ортаны қорғау комитетінің анықтауы бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді.
Жалпы ауыр металл дегеніміз, салыстырмалы атомдық салмағы 40-тан, тығыздығы 5 г/текше см-ден жоғары химиялық элементтер [3-6]. Ауыр металдарды улы элементтермен қоса есептегенде Менделеев таблицасының 2/3-дей бөлігі кіреді. Олардың ішінде кадмий, қорғасын және сынап элементтері ең улы ауыр металл болып саналады. 1980 жылғы UNESCO-нің шешімі бойынша бұған тағы сегіз элемент (V, Co, Mn, Cu, Mo, Nі, Zn, Cr) және үш металлоид (As, Se, Sb) қосылған болатын. Сонан соң олардың қатары тағы екі металмен толықтырылды (Tі, Sr) [6]. Осы элементтер тірі ағзаларға улы әсері жағынан мынадай кластарға жіктелген.
Соя жылу, жарық, ылғал сүйгіш өсімдік, тұқымы С-та көктейді, 5 — 7 см тереңдікке кең қатарлы тәсілмен°10 — 11 себіледі. Вегетациялық кезеңі 75 — 200 күн. Айқас тозаңданады. Қарашірігі мол қара топырақты жерде жақсы өседі, ал қышқыл, сор, батпақты топырақтарда нашар өседі. Соя ұнынан сүт, сүзбе, айран және кондитер тағамдары дайындалады, тазартылған майын тағамға пайдаланады. Соя белогынан жасанды талшық, пластмасса, желім алынады. Сояның майы сыр, бояу, сабын, маргарин жасауда, тоқыма өнеркәсібінде және медицинада қолданылады. Сондай-ақ соя — құнарлы мал азығы, шөбінің құрамында 36,4% шикі протеин, 6,5% май, 32,4% азотсыз заттар, 5,2% клетчатка, ал 100 кг шөбінде 51% мал азықтық өлшем болады. Республикада Жансая, Аврора, Гибридная-670, Волгоградка-1, Қазақстандық-200, Эврика-357, т.б. сорттары аудандастырылған. Негізінен, Алматы облысының суармалы егіншілігінде өсіріледі. Қазақстандағы соя егісінің жалпы көлемі 25,6 мың га, әр га-дан орта есеппен 14,5 ц өнім алынады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Соя Glycine max (L.) Merr. өсімдігінің морфогенез ерекшелігіне ауыр металл тұздарының әсерін зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Зертханалық жағдайда өсірілген соя тұқымының өну қарқындылығы мен өсу жылдамдығын анықтау;
- Егістік жағдайында өсірілген соя сорттарының морфогенез ерекшеліктерін зерттеу;
- Ауыр металл тұздарының соя сорттарының анатомиялық құрылысына әсерін зерттеп, бағалау.
Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 17.02.2014 № 4-2/102 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіміндегі дәнді бұршақтылар ішінде қытай бұршағы Glycine max (L.) Merr. түріне жататын сояның сорттары Жансая мен Эврика 357.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алматы облысы жағдайында соя өсімдігі алғаш рет зерттеу микроучаскілерде өсіріліп морфогенез ерекшеліктері анықталды. Зертханалық жағдайда Жансая мен Эврика 357 соя сорттарының бірінші рет өну қарқындылығы айқындалды. Алғаш рет зерттеуге алынған сорттарға ауыр металл тұздарының әсеріне баға беру үшін анатомиялық ерекшеліктері бақылау вариантымен салыстырылып зерттелді.
Жұмыс көлемі: Ғылыми жұмыс 26 беттен, кіріспеден, 26 әдебиеттерге шолудан, зерттеу объектісі мен әдістерінен, зерттеу нәтижесінен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу нәтижелері 4 кесте, 4 диаграмма, 31 сурет, оның ішінде 9 микрофотолармен дәлелденген.
- Әдебиеттерге шолу
1.1. Өсімдіктегі ауыр металл туралы жалпы сипаттама
Алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [7].
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға — 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді [2-8], ал Новосибирскідегі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің анықтауы бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді [3-9].
Ауыр металдармен ауаның, судың және топырақтың ластануы Қазақстанның ірі өндірістік орталықтарында да экологиялық өзекті мәселе болып саналады. Мысалы, Семей қаласының өндірістік орындарына жақын маңдағы топырақ құрамындағы кейбір ауыр металл концентрациялары қалыпты жағдайдағы топырақпен салыстырғанда мырыш-7,4, қорғасын-9,9, мыс-3,8, кадмий-13,3, марганец-1,3, кобальт-2,4 есеге жоғарылаған. Ауыр металдардың топырақтағы мөлшері, таяу маңдағы өсірілетін ауылшаруашылық өсімдіктері мен бау-бақша дақылдарында бақылағанда 2-3,5 есеге дейін жоғарылаған [10].
Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мамандардың алдына қойылып отырған бірінші мәселе-ауыр металдардың қоршаған ортадағы жалпы және белсенді мөлшерін анықтау. Екінші мәселе-табиғи объектілердің ластану деңгейін болжау мақсатында ластаушы заттардың таралуына қарапайым және айтарлықтай сенімді модельдерін жасау. Үшінші кезекте ластанудың келеңсіз әсерлеріне жол бермеу мақсатында ауыр металдарды ғылыми негізделген түрде залалсыздандыру және нормалау тұр [11].
Әртүрлі жолдармен ауаға тараған ауыр металдардың шаң түріндегі жалпы фракцияларында өте ұсақ бөлшектері (0,001-0,005 мкм) және орташа деңгейдегі фракциялары әр жерде ірі көлемдегі фракцияларына қарағанда 34-54 %-дай мөлшерін құрайды. Осындай ұсақ деңгейдегі фракциялар Дж. Уэсти (1988) мәліметтері бойынша адам тыныс алу жолдарындағы қан тамырлары мен тыныс алу жүйелері үшін ең қауіпті болып саналады [12].
Ғылыми деректерге сай, трофикалық байланыстар арқылы адам ағзасы тағам өнімдерінен 40-50 %, судан 20-40 %, ауадан 20-40 % улы заттарды қабылдайды [7,13].
Осындай жолмен түскен ауыр металл иондары адам ағзасында әртүрлі аурулардың қозуы мен пайда болуының басты себебі. Техногенді ластанған аудандарда асқазан ауруы бірінші орында, тыныс алу жүйелері аурулары екінші орында, қан айналу жүйелері аурулары үшінші орында тұр [8, 9,14].
Сондықтан қоршаған ортаны ауыр металл иондарынан тазарту және оны сақтау, кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып саналады.
Ластанған қоршаған ортаны қайта қалпына келтірудің физикалық, химиялық және биологиялық жолдары белгілі. Олардың ішінде химиялық немесе физикалық әдістермен топырақты тазарту өте қымбатқа түседі. Мысалы, АҚШ-та жоғарыдағы әдіспен бір тонна топырақты тазартуда 50-ден 1000 долларға дейін қаржы шығатындығы есептелген. Жалпы есептегенде 1 гектар жерді тазартуға 750 000 доллар шығын кетеді [10, 11,15].
Қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру, әсіресе топырақты ауыр металдардан мұндай жолдармен тазарту өте тиімсіз. Жоғарыда келтірілген әдістердің ішіндегі ең тиімдісі-биологиялық әдіс. Әсіресе, ластанған ортаны өсімдіктер көмегімен қайта қалпына келтіру жолдарын жасау соңғы жылдары аса қарқынды дамуда.
Ауыр металдардың өсімдіктерге сіңірілу және жинақталу процестеріне тамыр клетка қабығының атқаратын рөліне келетін болсақ, өсімдіктердің клетка қабығының негізі-целлюлоза. Одан басқа оның құрамында пектинді заттар, гемицеллюлоза, белоктар, бейорганикалық катиондар және тағы басқа заттар бар. Бұл заттар бір-бірімен байланысқан және кристалды құрылысты целлюлозалы-микрофибрилдермен клетка қабығының алғашқы қуыстарын түзеді. Өсімдік клетка қабығының биохимиялық компоненттері өсімдіктің түріне байланысты әртүрлі қатынаста. Бірінші кезекте иондарды сіңіретін, катион алмастыратын пектинді және гемицеллюлозалар қатынасы. Қосжарнақты өсімдіктердің тамырының клетка қабығында пектинді заттардың көп болуы еківалентті катиондармен жоғары байланыста болуымен, ал даражарнақты өсімдіктерде пектинді заттардың аз болуы гемицеллюлозаның көп болуы бірвалентті катиондармен байланысының артық болуында [13,16].
Тамыр клеткасы қабығының негізгі ион алмастырушы теріс зарядталған функционалдық топтар (карбоксилдер, гидроксилдер, фосфаттар) полисахаридтер және гликопротеидтер, сонымен қатар аз мөлшерде оң зарядталған белоктардың аминтоптары болады [14,17].
Қоршаған ортадағы ауыр металдардың жоғары концентрациясы өсімдік тамырының клетка қабығына сіңіріліп қана қоймай әртүрлі қосылыстар түрінде оның бетіне шөгіп қалады. Мысалы, мырыштың концентрациясы жоғарылаған жағдайда пияз өсімдігінің тамыр клеткасы қабығының бетіне онымен байланысқан гранула формасындағы көптеген преципитаттар мөлшері артатындығы туралы мәліметтер кездеседі [15,18]. Қорғасынды бос ион күйінде пайдаланғанда клетка қабығының бетінде көп кездескен, ал Pb-ЭДТА күйінде қолданғанда мүлде болмаған [16,19]. Хлорелла клетка қабығында қорғасын мен мырыш фосфатты комплекс түрінде байқалған [17, 20], ал алюминий гидроксид түрінде кездескен [18, 20].
Мысқа төзімділігі немесе сезімталдылығы бойынша өсімдіктерде бір тұқымдасқа жататын түрлер арасында да ерекшеліктер бар. Бұл элементке сезімтал жоңышқа, шпинат, қант қызылшасы т.б. өсімдіктер болса, төзімділігімен райграсc, қарабидай, бидай ерекшеленеді.
1.2. Ауыр металдардың (Cu, Zn) өсімдіктерге тигізетін улы әсері
Май бұршақ (Соя- Glycіne) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік туысы, бұршақ дәнді, майлы дақыл. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның ылғалды тропикалық және субтропиктік жерлерінде 10 түрі, Қазақстанда 1 ғана түрі – екпе соя өседі. Биіктігі 40 – 100 см, жапырағы күрделі, үш құлақты келеді, гүлі ұсақ, ақ не күлгін түсті. Сабағы ірі, тік. Жемісі – бұршақ. Сояның дәнінде 24 – 45% белок, 20 – 32% көміртек, 13 – 37% май, D, B, E витаминдері бар. Соя жылу, жарық, ылғал сүйгіш өсімдік, тұқымы 10 – 11 0 С-та көктейді, 5 – 7 см тереңдікке кең қатарлы тәсілмен себіледі. Вегетациялық кезеңі 75 – 200 күн. Айқас тозаңданады. Қарашірігі мол қара топырақты жерде жақсы өседі, ал қышқыл, сор, батпақты топырақтарда нашар өседі. Соя ұнынан сүт, сүзбе, айран және кондитер тағамдары дайындалады, тазартылған майын тағамға пайдаланады. Соя белогынан жасанды талшық, пластмасса, желім алынады. Сояның майы сыр, бояу, сабын, маргарин жасауда, тоқыма өнеркәсібінде және медицинада қолданылады. Сондай-ақ соя – құнарлы мал азығы, шөбінің құрамында 36,4% шикі протеин, 6,5% май, 32,4% азотсыз заттар, 5,2% клетчатка, ал 100 кг шөбінде 51% мал азықтық өлшем болады. Соядан пішен, жарма, сүрлем, күнжара, т.б. дайындалады. Республикада Аврора, Гибридная-670, Волгоградка-1, Қазақстандық-200, Эврика-357, Жансая т.б сорттары аудандастырылған. Негізінен Алматы облысының суармалы егіншілігінде өсіріледі. Қазақстанда соя егісінің жалпы көлемі 25,6 мың га, әр га-дан орта есеппен 14,5 ц өнім алынады [20].
Соя (май бұршақ) дүниежүзілік егін шаруашылығында ең кеңінен таралған, құнды, химиялық құрамы жағынан айрықша ерекшеленетін, өнеркәсіпте және ауылшаруашылығында жан-жақты пайдаланылатын дәнді бұршақ дақылы. Минералдық, органикалық, биологиялық белсенді заттарының бірегей құрамы, олардың функциялық қасиеттері дақылды көпқырлы және жан-жақты пайдалануын күшейтеді. Қазақстанда май бұршақ ақ уызын өндіру үшін шикізат алудың резервтері шектеусіз. Әсіресе республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарындағы суармалы жерлерде май бұршақ жоғары және тұрақты өнім береді. Қазақстанда 1,5 миллион га дейін таза егін алуға барлық мүмкіндіктер бар. Май бұршақ селекциясының өзекті мәселелерін табысты шешу және арнайы бағыт жолымен ауылшаруашылығында жаңа сорт шығару үшін морфо-анатомиялық және ауылшаруашылық құнды белгілерінің өзгергіштігін зерттеу аса маңызды мәселенің бірі.
Май бұршақ дақылын жиі «таңғажайып өсімдік» деп атау салыстырмалы жоғары өнім беруіне және құрамында май, углевод, белок мөлшерінің жоғары болуына байланысты. Май бұршақ құрамында жануар белогына ұқсас өсімдік белогы мөлшерінің орташа көрсеткіші 40%, жеке сорттарда 48-50%. Май бұршақ дүниежүзілік мәні зор кең тараған дәнді бұршақ дақылы. Май бұршақ 60 –тан аса елде өсіріледі. Май бұршақ дақылының отаны — Оңтүстік шығыс Азия. Соңғы жылдары Қытайда, Үндістанда, Жапонияда, Кореяда, Вьетнамда, және Индонезияда өндіріске ендірілді [21].
Май бұршақ дүниежүзілік егін шаруашылығында бидай, жүгері және күріштен кейін төртінші орынды, дәнді бұршақ дақылдар арасынан бірінші орынды алады. ФАО-ның деректері бойынша 1988 жылы май бұршақтың дүниежүзілік ауданы 54,6 млн га сәйкес, ал жалпы өндіріс 92,3 миллион тонна. Америка континентінде (40 миллион га) дүниежүзілік ауданының 73,0%, бүгінгі күн оның аудандары 91,4 миллион га, дәннің жалпы жиыны — 209,6 миллион тоннаға жетіп өсу шапшаңдығы өндірістегі барлық дақылдардан асып түсті. Органикалық, минералдық, биологиялық белсенді заттардың бірегей құрамы, оның функциялық қасиетінің көп қырлылығын, дақылдың универсальды пайдаланылуын күшейте түседі. Дәнде белоктың және майдың суммарлық көрсеткіші 70%-ға жетеді, яғни ФАО-ның белок көрсеткішінен асып түседі [22].
АҚШ-та май бұршақ 23,2 миллион га ауданда егіледі. Азияда май бұршақ дүниежүзілік аудандардын орташа көрсеткішінің 22% құрайтын 12,3 миллион га ауданда егіледі. Африкада және Еуропада бұл дақылдың аудандарының салыстырмалы көрсеткіші 434 және 1025 мың га сәйкес келеді, бұл дүниежүзілік 22% ортақ аудандарға сәйкес келеді. Май бұршақты ең ірі өндіруші және дүниежүзілік саудаға шағарушы АҚШ болып табылады [23].
Жалпы өндірістің 57,1 миллион тоннасы шамалы 50% май бұршақ өңдейді, ол мал шаруашылығының және азықтық өнеркәсіптің қажеттеріне жұмсалады, ал қалған өнімі басқа елдерге тасымалданады. Май бұршақты дүниежүзілік бас саудадағы импортерлері, мал шаруашылығы қарқынды дамыған елдер: Ұлыбритания, Франция, ФРГ, Италия, Бельгия, Нидерландылар, Испания, Жапония болып табылады. Жоғары концентрленген май бұршақ белогын өндіретін заводтар басқарушысы ADM, Central Soya, Protein Technology International (PTI), Cargil, Sogir, Solbar Halzof АҚШ, батыс Европа, Жапония және Израиль. Россиялық нарық саудасында PTI және ADM фирмаларының өнімдері неғұрлым кең таралған [24].
Май бұршақтың симбиозды азотфиксациясының маңызы өте зор. Түрдің айрықша бейімделгіштігі оны и оңтүстік жарты шардың 42 елінде, солтүстік жарты шардың 54 елінде өсіруге мүмкіндік береді. Май бұршақтың азық-түлік өндірісіндегі жыл сайынғы өсімі 450 мың тоннаны құрайды, Гэллана (қоғамдық пікірмен айналасушы ең абыройлы американдық ұйымның бірі) қорының тұжырымы бойынша, американдық отбасылардың 55% әрдайым май бұршақ азық-түліктерін сатып алады; АҚШ-тың ауылшаруашылық министрлігі әскери және мектептің тағам жүйелеріне азық-түліктің 30%-на дейін май бұршақты пайдалануды ұсынған [25].
Республикада әлеуетті азық өнімімен қамтамасыз ету агроөнеркәсіптік өндірістің құзырлық жүйесінің комплексті ұйымдастырушы-экономикалық шараларды қолдануына ғана емес, эколо-биологиялық талаптарды ескере отырып, май бұршақ сорттарының аймақ жағдайына бейімделіп дамуының биологиялық негізіне де байланысты. Бұл негіздер селекция міндеттерімен қатар май бұршақ нысанының эколого-биологиялық талаптарын есепке ала отырып, агротехникалық іс-шараларды шығаруды да қамтиды. Май бұршақ құнды бұршақ дақылының бірі. Өндіріс жағдайында өсірілген дән құрамында 39 дан 42% дейін белок, 19-23% май және көптеген минералды тұздар мен витаминдер бар. Табиғатта бірде бір өсімдік вегетациялық кезенде басқада қор заттармен дәл сәйкес келетін белок және май мөлшерін май бұршақ дақылы секілді жинай алмайды. Көп түрлігімен және жан-жақты қолданылуы бойынша ауылшаруашылығы дақылдарының ішінде теңдесі жоқ май бұршақ өндірістік, техникалық және жемдік дақыл. Сондықтан қазіргі кезде әлемдегі ғалымдардың қызу қайнаған назары, қызығушылығы май бұршаққа ауған.
Қазақстан жағдайында май бұршақ зерттелмеген. Республикада май бұршақ дақылын өсіруді дамытудың маңызы зор, бірақ май бұршақ өндірісін жетілдіруге негізгі кедергі факторлардың бірі ғылым мен өндіріс арасында байланыстың толық жетіспеуі. Май бұршақ дүние жүзіндегі көптеген елде егін шаруашылығында негізгі өнім. Дүние жүзінде104 млн га өсірледі, 91елде шығарылады. Май бұршақтың орташа өнімі 24,5 ц/га құрайды. Қазақстанда май бұршақ өсіру шаруашылығының дамуының маңызы өте үлкен, адам және жануар тағамында белок тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіншілік береді, сонымен қатар өсімдік шаруашылығында диверсификациясында маңызды болып табылады. Бүгінгі күні май бұршақ Қазақстанда 80 мың гектарға жуық егістік аймақтарында өсірледі.
Алғаш рет соя өсімдігі онтогенезінде, яғни барлық өсу кезеңдерінде толық фенобақылау жүргізілуі арқылы морфометрикалық құрылымының өнімділігіне әсері айқындалды. Қазақстанның оңтүстік аудандарына өсірілетін соя сорттардың өнімділін арттыру мақсатында оның морфологиялық және анатомиялық құрылысы терең зерттеліп өнімділігімен тікелей корреляция болатын белгілер көрсетілді. Алғаш рет соя өсімдігінің Эврика сортының өскін кезеңі зертханалық жағдайда және егістік жағдайында барлық кезеңдерінде морфометрикалық құрылысына терең талдау жүргізілді.
Сояны пайдалану біздің жүрегімізге жақсы әсер етеді. Дәрігерлер күніне 25 грамм соя ағуызын қолдануға кеңес береді. Соя ағуызына негізделген емдәм және тағам үлесінен майларды алып тастау жүрек ауруларының пайда болу қаупін төмендетеді [26].
- ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1. Зерттеу объектісіне (нысанасына) сипатама
Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 17.02.2014 № 4-2/102 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіміндегі дәнді бұршақтылар ішінде қытай бұршағы Glycine max (L.) Merr. түріне жататын сояның Жансая және Эврика 357 сорттары, кесте 1.
Кесте 1— Зерттеуге алынған Қазақстандық соя сорттары
Сорт | Шығарылған жылы | Шығу тегі | Оригинатор мекеме | Рұқсат етілген облыс |
Эврика 357 | 1988 | Bayson х Merrit (Канада) | КазЕжӨҒЗИ; | Алматы,
Жамбыл |
Жансая | 2012 | Dekabig | КазЕжӨҒЗИ | Алматы |
2.2. Зерттеу әдістері
Зерттеу әдістері: Өсімдіктің өсуіне және дамуына фенологиялық бақылаулар тәжірибенің барлық вариаттарында зертханалық және егістік жағдайында жүргізілді. Өсімдіктің өсуіне және дамуына фенологиялық бақылаулар тәжірибенің зертханалық жағдайында жүргізілді. Тұқымды еккен күннен өскіндер толық өніп шыққан кезге дейін зертханалық жағдайда фенобақылау жүргізілді. Мемлекеттік ауылшаруашылық дақылдарының сорттарын сынау әдісі бойынша өсімдіктің бастапқы (өніп шығу) фазасынан соңғы (пісіп жетілу) фенологиялық фазасына дейін зерттеу жүргізілді. Өсімдіктің орналасу тығыздығы әрбір вариант бойынша жалпы ауданы 1 м2 болатын тұрақты бөліктерде есептелінді. Өскіндер толық өніп шыққан кезде танаптық өнімділігіне есеп жүргізілді. Биомассасының өсу динамикасын өсімдіктің даму фазаларынан анықталды. Зертханалық жағдайда және микробөлікте өсірілген соя сорты күнделікті морфологиялық көрсеткіштері өлшеніп, фотосуретке түсіріліп отырылды. Зертханалық жағдайда соя сорттары әртүрлі варианттарда өсірілді, 1-бақылау варианты болса, 2-вариант бойынша соя өсімдігі 2мл 0,05 % Zn қосылған жағдайда қарастырылды. Екі вариант салыстырылып, зерттелді. Анатомиялық зерттеулер үшін Страсбургер-Флемминг әдісі бойынша фиксация әрбір варианттан 15 өсімдікке жасалынды. Өлшемдер мен микрофотографиялар видео микроскоп Micros Австрия MCX100 камерасы 519 CU5.0M CMOS арқылы жасалынды. Уақытша препараттар глицеринде бекітілді. Анатомиялық кесінділер қалыңдығы 10-15 мкм. 100-ге жуық уақытша препараттар жасалынып, биометриялық талдау жүргізіліп микрофотографиялар жасалынды. Морфометрикалық талдауларға статистикалық өңдеу Лакин Г.Ф. бойынша жүргізілді [17].
- ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1. Зертханалық жағдайда өсірілген соя тұқымының өну қарқындылығы мен өсу жылдамдығы
Зерттелген сорттар зертханалық жағдайда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің биология кафедрасында, 400-аудиторияда зертханалық жағдайда Петри табақшаларына 4 рет қайталанымда 300 тұқым өсірілді, күнделікті фенобақылау нәтижесінде, соя тұқымы су құйылғанда сыртқы қабықшасы жиырылып, біраз уақыт өткен соң ісініп, қабықшасы қайта жазылатындығы байқалды, 1-3 суреттер.
Сурет 1-Соя тұқымын Петри табақшасына өсіру барысы
Сурет 2-Соя тұқымын Петри табақшасына өсіру барысы, 4 қайталаным
Сурет 3-Соя тұқымының Петри табақшасында өсірілуі
Сурет 4-Соя тұқымының Петри табақшасында алғашқы өну барысы
4-суреттен алғашқы ұрықтық тамырдың шығуы байқалған. Соя өсімдігі қосжарнақтылар класына жататындықтан, ұрықтық тамыр біреу, негізгі тамырды құрап, кіндік тамыр жүйесінен тұрады. Ұрықтық тамырлар шыққансоң гипокотиль фиолетовый түсті болып иіліп өсе батайды, гипокотиль дегеніміз ұрықтық тамыр мен тұқымжарнақ арасындағы астыңғы буын. Тұқымжарнақ етжеңді алғашқы қос жапырақ болып ашылады. 5-7 суреттер. Соя өскінінің 9 тәуліктегі көрінісі 8-суретте келтірілген. Екі тұқымжарнақ арасынан эпикотиль дамиды. Эпикотиль дегеніміз тұқымжарнақтар мен нағыз жапырақ арасында үстіңгі буын.
Сурет 5-Соя тұқымының Петри табақшасында өсу барысы
Сурет 6-Соя тұқымының Петри табақшасында өсу барысы
Сурет 7-Соя тұқымының Петри табақшасында өсу барысы
Сурет 8- Соя өсімдгінің 9 тәулікте өсу барысы
Жансая сортының өну қарқындылығы 95 %-ды көрсетті. Жансая сорты жоғары көрсеткішке ие.
3.2 Ауыр металл тұздарының соя сорттарының
анатомиялық құрылысына әсері
Соя өсімдігінің Жансая сортының гипокотилінің анатомиялық құрылысын зерттеу барысында, гипокотиль эпидермис клеткаларының сырты кутикулалы болып келген, алғашқы қабықта клеткалары жақсы дамыған, белгісіз қара заттар айқын байқалды. Екі ірі өткізгіш шоқ гипокоильдің екі жағында орталық шеңберде орналасқан. флоэмаға қарағанда ксилема жақсы дамыған. Өзек паренхималық клеткалары түссіз жұқа қабықшалы, клетка кабықшасында қара заттар бар, сурет-9.
Сурет 9-Гипокотильдің көлденең кесіндісі, бақылау варианты
Ескерту: 1-эпидермис; 2-алғашқы қабық; 3- өзектік паренхима 4-флоэма; 5-ксилема
Сурет 10-Гипокотильдің көлденең кесіндісі, Zn қосылған вариант
Ескерту: 1-эпидермис; 2-трихома; 3-алғашқы қабық; 4-өткізгіш шоқ; 5-өзектік паренхима
Ауыр металл Zn қосылған жағдайда зерттелген Жансая сортының гипокотилінің анатомиялық құрылысын зерттеу барысында, гипокотиль эпидермисінде трихома дамығандығы бақыланды, эпидермис клеткалары қатты кутикулалы болып келген, алғашқы қабықта клеткалар аздап ыдыраған, белгісіз қара заттар айқын байқалды. Өткізгіш ұлпа біртұтас шоқсыз құрылысты, флоэмаға қарағанда ксилема жақсы дамыған. Өзек паренхималық клеткалары түссіз жұқа қабықшалы, клетка кабықшасында қара заттар бар. Ортаңғы бөлігі қуысқа айналған (10 -сурет).
Сурет 11- соя гипокотилінің салыстырмалы анатомиялық құрылысы
11-суретте анатомиялық көрсеткіштерді салыстыру барысында, алғашқы қабық қалыңдығы бақылау вариантында жоғары көрсеткішке ие болса, цинк қосылған жағдайда керісінше орталық шеңбер ұлғайған. Өткізгіш шоқ көлемі Zn қосылған жағдайда артқан. Демек, ауыр металл қосылған жағдайда өткізгіш ұлпа ұлғаяды.
Сояның эпикотилінің көлденең кесіндісі берілген. Бақылау вариантында эпикотиль диаметрі 2418 мкм, алғашқы қабық қалыңдығы 122,11мкм. Орталық шеңбер диаметрі 2113,83 мкм, өткізгіш шоқ 485,34, ксилема 153,10 мкм, флоэма 318,06 мкм, 12-сурет.
Эпикотильдің көлденең кесіндісінен ішкі құрылысын анықтау барысында, эпикотиль эпидермасында трихомалар айқын білінеді. Эпикотильде эпидерма клеткаларының сыртқы клетка қабықшасы қалыңдаған. Алғашқы қабық клеткалары өте кіші көлемді клеткалардан тұрады, ірі өткізгіш шоқтар саны екі, 13 өткізгіш шоқ өте кіші көлемді ірі шоқтарда ксилема сәулелерінің саны 11, ал кіші шоқта айқын 1 ксилемалық сәуле 4-5 ксилемалық түтіктен тұрады, бір түтіктің көлемі басқа түтіктерден ірілігімен ерекшеленген, өзек кеңейген, 13-15 суреттер.
Сурет 12-Эпикотильдің микроскопиялық фотосы, бақылау варианты
Сурет 13-Эпикотиль Zn қосылған жағдай
Сурет 14-Эпикотильдің биометриялық көрсеткіштері, мкм
Сурет 15-Эпикотильдің биометриялық көрсеткіштері, мкм
16-суреттен Zn қосылған вариантта соя сабағының анатомиялық құрылысын бақылауға болады. Сабақта да трихома өте жақсы дамығандығы айқындалды. Алғашқы қабықта қабық паренхимасы клеткаларында қара белгісіз заттар айқын көрінген. Ірі шоқта флоэманың үстінде лубтық қалпақша склеренхималық клеткалардан құралған. Камбийден кейін ксилема 5-6 сәулесі дамыған. Әрбір сәуледен 6-7 ксилема түтігін айқын байқаймыз. Кіші шоқ склеренхималық клеткаларға батып жатқанын байқауға болады. Бір сәуледе 1 ксилема түтігі өте ірілігімен айқындалған, жалпы 3 түтік бақыланды. Өзектік паренхималық клеткалар мөлдір түсті қабықшалы, нәзік болып келген. Ал, бақылау вариантында сабағы әлі шықпады. Zn қосылған вариантта Жансая сортында тамыр жақсы тарамдалған, гипокотиль, эпикотиль және нағыз сабақтан және жапырақтардан құралған.
Сурет 16-Соя сабағы Zn қосылған жағдай
Тұқымжарнақтан кейін дамыған қос жапырақ дөңгелек пішінді ені мен ұзындығы бірдей 4см құрайтын жапырақтан тұратындығы айқындалды, анатомиялық құрылысын зерттеу барысында, жоғарғы және төменгі эпидермисте трихома дамыған. Жоғарғы эпидермис клеткалары төменгі эпидермис клеткаларынан қарағанда ірірек. Негізгі жүйкеде екі өткізгіш шоқ орналасқан. Мезофилл бағаналы және борпылдақ болып келген. Орталық жүйкеде түссіз паренхималық клеткалар әртүрлі пішінді.
Бақылау вариантында, жапырақ түкті, жоғарғы эпидермис 93,72мкм, орталық жүйке қалыңдығы 1668,34 мкм, төменгі эпидермис қалыңдығы 71,22мкм, төменгі эпидермисте трихомалар жақсы дамыған, 17-сурет.
Цинк қосылған жағдайда, жоғарғы эпидермис қалыңдығы 89,89 мкм, ірі өткізгіш шоқта 3 ксилема сәулесі әрқайсысында 2-3 түтіктен, орталық сәуледе ірі түтіктер дамыған. Флоэма төменгі эпидермиске бағытталған. Ксилема көлемі флоэмадан қарағанда екі есе артық, орталық жүйке қалыңдығы 1635,78 мкм, өткізгіш шоқ 286,36 мкм, ені 331,42 мкм, төменгі эпидермис қалыңдығы 61,02 мкм, жапырақ тақтасының қалыңдығы 693,66 мкм, 18-19 суреттер.
Сурет 18-Жапырақтың ішкі құрылымы, бақылау варианты
Ескерту:1-ж.э.; 2-бағ.м.; 3-бор.м.;4-өтк.ш.; 6-т.э.
Сурет 19-Жапырақтың ішкі құрылымы, Zn қосылған вариант,
Ескерту: 1-ж.э., 2- т.э., 3-бағ.м., 4-бор.м., 5-өтк.ш.; 6-трихома
Сурет 20- Жапырақтың морфометриялық көрсеткіштері, мкм
Соя тамырының анатомиялық құрылысын зерттеу барысында соя тамыры ризодермадан, алғашқы қабық және орталық шеңберден тұратындығын анықтадық. Орталық шеңберде ксилема тетраархты, 21-сурет.
Сурет 21-Соя тамырының анатомиялық құрылысы, бақылау варианты
Ескерту: 1-риз., 2-алғ.қ., 3-орт.шең., 4-кс.,5-фл.
Соя тамырының Zn қосылған жағдайдағы тамырдың анатомиялық құрылысында ризодерма, алғашқы қабық, орталық шеңбер орналасқан. Орталық шеңберде ксилема тетраархты екендігі байқалды. Орта бөлігінде ірі ксилема түтіктері айқын.
Соя тамырының Zn қосылған жағдайдағытамырдың анатомиялық құрылысында ризодерма, алғашқы қабық, орталық шеңбер орналасқан. Орталық шеңберде ксилема тетраархты екендігі байқалды. Орталық шеңбер диаметрі-1465,39.Орта бөлігінде ірі ксилема түтіктері айқын байқалады. Ал,бақылау вариантында алғашқы қабық қалыңдығы 769,04мкм. Орташа шеңбер диаметрі 720,34мкм, 22-сурет.
Сурет 22-Соя тамырының анатомиялық құрылысы, Zn қосылған жағдай,
Ескерту: 1-орт.шең., 2-кс., 3-фл.,4-пер., 5-алғ.қ.
Соя тамырының Zn қосылған жағдайдағытамырдың анатомиялық құрылысында ризодерма, алғашқы қабық, орталық шеңбер орналасқан. Орталық шеңберде ксилема тетраархты екендігі байқалды. Орталық шеңбер диаметрі-1465,39. Орта бөлігінде ірі ксилема түтіктері айқын байқалады. Ал,бақылау вариантында алғашқы қабық қалыңдығы 769,04мкм. Орташа шеңбер диаметрі 720,34мкм.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ауыр металл Zn қосылған жағдайда зерттелген Жансая сортының гипокотилінің анатомиялық құрылысын зерттеу барысында, гипокотиль эпидермисінде трихома дамығандығы бақыланды, эпидермис клеткалары қатты кутикулалы болып келген, алғашқы қабықта клеткалар аздап ыдыраған, белгісіз қара заттар айқын байқалды. Өткізгіш ұлпа біртұтас шоқсыз құрылысты, флоэмаға қарағанда ксилема жақсы дамыған. Өзек паренхималық клеткалары түссіз жұқа қабықшалы, клетка кабықшасында қара заттар бар. Ортаңғы бөлігі қуысқа айналған.
Соя өсімдігінің гипокотилін салыстырмалы зерттеу нәтижесінде, алғашқы қабық қалыңдығы бақылау вариантында жоғары көрсеткішке ие болса, цинк қосылған жағдайда керісінше орталық шеңбер ұлғайған. Өткізгіш шоқ көлемі Zn қосылған жағдайда артқан. Демек, ауыр металл қосылған жағдайда өткізгіш ұлпа ұлғаяды.
Бақылау вариантында, жапырақ түкті, жоғарғы эпидермис 93,72мкм, орталық жүйке қалыңдығы 1668,34 мкм, төменгі эпидермис қалыңдығы 71,22мкм, төменгі эпидермисте трихомалар жақсы дамыған.
Цинк қосылған жағдайда, жоғарғы эпидермис қалыңдығы 89,89 мкм, ірі өткізгіш шоқта 3 ксилема сәулесі әрқайсысында 2-3 түтіктен, орталық сәуледе ірі түтіктер дамыған. Флоэма төменгі эпидермиске бағытталған. Ксилема көлемі флоэмадан қарағанда екі есе артық, орталық жүйке қалыңдығы 1635,78 мкм, өткізгіш шоқ 286,36 мкм, ені 331,42 мкм, төменгі эпидермис қалыңдығы 61,02 мкм, жапырақ тақтасының қалыңдығы 693,66 мкм.
Соя тамырының Zn қосылған жағдайдағы тамырдың анатомиялық құрылысында ризодерма, алғашқы қабық, орталық шеңбер орналасқан. Орталық шеңберде ксилема тетраархты екендігі байқалды. Орталық шеңбер диаметрі-1465,39. Орта бөлігінде ірі ксилема түтіктері айқын байқалады. Ал,бақылау вариантында алғашқы қабық қалыңдығы 769,04мкм. Орташа шеңбер диаметрі 720,34мкм.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Добров О. П. Техногенез-мощная геохимическая сила биосферы // Природа.- 1987.- №11- С. 87-92.
- Овчаренко М. М. Тяжелые металы в системе почва-растение-удоврение // Химия в сельском хозяйстве.- 1995 г. — С. 4.
- Состояние окружающей природной среды Новосибирской облости 1997 г. Новосибирск, 1998.- с.
- Алексеева Ю. В. Тяжелые металлы в почвах и растениях // Л.: Агропромиздат, 1987.- 141 с.
- Дж. Уэст. Физиология дыхания // Основы. М.: Мир, 1988.- 200 с.
- Панин М. С. Влияние техногенных факторов и агрохимической деятельности человека на содержание и миграцию тяжелых металлов в системе «почва-растение» // Состояние и рац-ое испол-е почв Респуб. Каз. // Сб. мат-лов. научн. тех. Конф.- Алматы, 1998.- С. 76-79.
- Панин М. С. Формы соединений тяжелых металлов в почвах средной полосы Восточного Казахстана // Издательство «Государственный университет Семей» Семипалатинск, 1999.- 329 с.
- Мукашева М. А. Гигиеническая характеристика экологической нагрузки на организм по микроэлементному анализу (при натуральных и экспериментальных исследованиях. // Автореф. диссер. канд. биол. наук.- Алматы, 1998.- 25 с.
- Жансерикова А. Ж. Гигиеническая оценка и прогнозирование качества почвы в зоне Карашыганакского невтегазоконденсатного месторождения. // Автореф. диссер. кон. биол. наук.- Алматы, 1998.- 26 с.
- Rіtter W. F. and Scarborough R.W. A revіew of bіoremedіatіon of contamіnated soіls and groun-water // J. Envіron . Scі. Health. -1995.- 30,- P. 333-357.
- Cunnіngham S. D., Ow D.W. Рromіses and prospects of phytoremedіatіon // Plant Physі- 1996. -Vol. 110.- P. 715-719.
- Alіkulov Z. A., Boguspaev K. K. The phytoremedіatіon of soіls polluted wіth toxіc metals іn Kazakhstan. // Биотехнология. Теория и практика.- 2000.-№1-2. (13). — С. 5-11.
- Соколов М. С. Возможности получения экологически безопосной продукции растениеводства в условиях загрязнение атмосферы // Агрохимия, 1995. — №6- С. 107-125.
- Солдат И. Е., Нетребенко Н. Н., Шептухова Л. Г., Лукин С. В. Влияние уровия загрязнения почвы тяжелыми металлами на их накопление в зерновых культурах// Зерновые культуры, 1999.- №3 — С. 25-26
- Давидова С. Л. О токсичности ионов металлов //М.: Знание, 1991.- 32 с.
- Кулешов Л. Н., Литвак Ш. И. Научные основы мониторинга земель РФ // М.: АПЭК, 1992. — С. 33-51.
- Оксенгендлер Г. И. Яды и организмы: Проблемы химической опасности. СПб.: Наука, 1991.- 320 с.
- Серегин И. В., Иванов В. Б. Физиологические аспекты токсического действия кадмия и свинца на высших растения// Физиол. Раст.- Т. 48.- №4.- С. 606-630.
- Кабата-Пендиас, Пендиас Х. Микроэлементы в почвах и растениях// Пер с анг. М.: Мир, 1989. -439 с.
- Орлов Д. С., Малинина М. С., Мотузова Г.В. и др. Химическое загрязнение почв и их охрана: Словарь-справочник // М.: Агропромиздат, 1991.- 303 с.
- Давыдова С. Л. О токсичности ионов металлов. М.: Знание,- 32 с.
- Панин М.С. Эколого-биохимическая оценка техногенных ландшафтов Восточного Казахстана // Отв. ред. Ж. У. Аханов: МОН РК. Семипалатинский гос. Университет им. Шакарима.- Алматы,- 338 с№
- Растения в экстремальных условиях минерального питания // Под. ред. Н. Я. Школьника., И. В. Алексеевой- Поповой. Л., 1983. — 176 с.
- Новикова О. В., Кошелева Н. Е. Биогеохимия тяжелых металлов в городских ландшафтах // Тезисы ІІІ Международной научно-практической конференции «Тяжелые металлы, радионуклиды и элементы-биофилы в окружающей средең Семипалатинск-Казахстан,- С. 404-419
- Truby P. Dіstrіbutіon patterns of heavy metals іn forest frees on contamіnated sіtes іn Germany // Journal of Applіed Botany. Angewandte Botanіk.- -Vol. 69 — (3/4), september, — Р.135-139.
- Елпатьевский П. В., Аржанова В. С. Баланс и транформация миграционных форм тяжелых металлов в техногеосистеме// Миграция загрязняющих веществ в почвах и определьных средах. Тр. 4 Всесоюз. Совещ. Л.: Гидрометеоздат, 1985.- С. 89-97.
ҚОСЫМША
Сурет 1-Сояның үшқұлақты жапырағы
Сурет 2-Жансая сортының гүлі
Сурет 3-Гүлдеу кезеңі
Сурет 4-Дән байлау кезеңі
Сурет 5-Жапырақтың ұзындығы,см
Сурет 6-Жапырақтың ені,см
Сурет 7- Бұршаққаптың ұзындығы, см
Сурет 8-Толық пісіп жетілу кезеңі
Сурет 9-Пісіп жетілген дән
РЕФЕРАТ
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Ауыр металл иондарының соя өсімдігінң морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері»
Өзектілігі: Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
Соя (Glycіne) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік туысы, бұршақ дәнді, майлы дақыл. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның ылғалды тропикалық және субтропик. жерлерінде 10 түрі, Қазақстанда 1 ғана түрі – екпе соя өседі. Биіктігі 40 – 100 см, жапырағы күрделі, үш құлақты келеді, гүлі ұсақ, ақ не күлгін түсті. Сабағы ірі, тік. Жемісі – бұршақ. Сояның дәнінде 24 – 45% белок, 20 – 32% көміртек, 13 – 37% май, D, B, E витаминдері бар.
Сондықтан, соя аса құнды өсімдік болғандықтан оның дамып, жетілуіне ауыр металдардың әсерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Соя Glycine max (L.) Merr. өсімдігінің морфогенез ерекшелігіне ауыр металл тұздарының әсерін зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Зертханалық жағдайда өсірілген соя тұқымының өну қарқындылығы мен өсу жылдамдығын анықтау;
- Егістік жағдайында өсірілген соя сорттарының морфогенез ерекшеліктерін зерттеу;
- Ауыр металл тұздарының соя сорттарының анатомиялық құрылысына әсерін зерттеп, бағалау.
Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 17.02.2014 № 4-2/102 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіміндегі соя сорттары Жансая мен Эврика.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алматы облысы жағдайында соя өсімдігі алғаш рет зерттеу микроучаскілерде өсіріліп морфогенез ерекшеліктері анықталды. Зертханалық жағдайда Жансая мен Эврика 357 соя сорттарының бірінші рет өну қарқындылығы айқындалды. Алғаш рет Жансая сорттына ауыр металл тұздарының әсеріне баға беру үшін анатомиялық ерекшеліктері бақылау вариантымен салыстырылып зерттелді.
Жұмыс көлемі: Ғылыми жұмыс 26 беттен, кіріспеден, 26 әдебиеттерге шолудан, зерттеу объектісі мен әдістерінен, зерттеу нәтижесінен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу нәтижелері 4 кесте, 4 диаграмма, 31 сурет, оның ішінде 9 микрофотолармен дәлелденген.