Жамбыл облысы, Жуалы ауданы
№ 24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі
Аяпбергенова Ляйла Закировна
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Ашық сабақ:
Сабақтың тақырыбы: «Ә, ә» дыбысы мен әрпі»
Мақсаты: «Ә, ә «дыбысы мен әрпін таныстыру. Әдыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату; сөз, сөйлем құрап айтуға буынға бөле білуге дағдыландыру; қол жаттықтырудәптерлеріне ә әрпін жаздыру.
Дамытушылық: Ой – өрісін, тіл байлықтарын, дамыту Сөздік қорларын, дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, бір — бірінің ойын түсінуге, бірін — бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Әдіс — тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: көкөністер, жемістер, заттық суреттер, А әрпінің баспа, жазба түрлері, себет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Психологиялық дайындық.
1. Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!
III. Ой қозғау.
Сонымен бірге бізге қонаққа әже де келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Екі бала ауыл сыртындағы орманнан саңырауқұлақ теруге шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане. әжемізге көмектесеміз бе?
— Иә
— Ол үшін балалар сендер менің сұрағымды мұқият тыңдап, жауап беріп отырыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(Өткен әріпті пысықтау)
— Өткенде қай әріппен таныстық?
— І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
— Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?(ереже)
— Қане, сол І дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші
— Жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?
— — Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)
— Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)
— Олай болса біз осы уақытқа дейін өткен дыбыстарымызды өз үйіне орналастырайық
Дауысты — А О У І
Дауыссыз — Р Л Ш С У Д Т Н Ң Ғ Ж М
Оқудың түрлері:
Тізбектей оқу.
Тұтастай оқу
Өте дұрыс, біз әжемізге көмектесуге дайынбыз
— — Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек.
«Өзеннен өту»( өзеннің суреті)
Жұмбақтың шешуін дұрыс шешсеңдер әже өзеннен өтеді
Жауап берші, сен досым,
Жауап бер, қане, ойланбай.
Өтетін алғаш мектепте
— Алғашқы сабақ ол қандай? (Әліппе)
Жарайсыңдар балалар біз әжемізді өзеннен де өткіздік
— Әліппе
— Әліппе сөз қай дыбыстан басталып тұр?
— Ә дыбысынан
— Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ә дыбысы мен әрпі.
— Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп әндетейік.
— Қандай дыбыс екен?
— Дауысты
— Ә – Ауыз мол ашылып, тіл мен иектін төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады
— Олай болса ол әріпті дауыстылар қатарына салайық. (Әріптерді қалтаға салу)
Өзеннен де өтіп орманға келдік
— Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші
— ( балалар өз ойларын айтады)
— Қандай аңдарды білетін едік.
— Олай болса әжеге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын әрі қарай орындап біз әжеге көмектесейік.
1 — ші аң – қасқыр: Ол қандай аң?
Қасқырдың тапсырмасы: Ә әрпінен сөз ойлау, дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.
— Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз. Ә әрпінен басталатын сөздер ойлап, дыбыстық талдау жасаймыз, буынға бөлеміз.
— Ә
Шәлі
әнші
Әлім
— Өте жақсы.
— Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: Жолың болсын!
Сергіту жаттығуы: (көзге жаттығу)
Келесі кедергіде тұрған аң — кірпі.
Оқулықпен жұмыс:
Кірпінің сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін!»
Келесі кездесетін аң – аю
Аюдың тапсырмасы: «Ажырату»
а) Сөздерді буынға бөліп көрсет.
Әншілер, әпкелер, бәйшешек.
Ә) Буындардан сөз құрау
ән — ші
Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»
Дыбысты біз айтамыз, естиміз.
Әріпті біз жазамыз, көреміз.
Әріптің баспа, жазба түрі бар
Ә әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар:
Жоғарыдан —
Ә — бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.
Ауада жазу, тақтаға жазу.
Дәптермен жұмыс
Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.
— Әжесімен немерелері бір – бірімен кездесуге аз жер қалғанда алдарынан жайылып жүрген төрт түлік мал кездеседу. Төлдерді енелерімен қосу үшін келесі тапсырманы орындауымыз керек.
ІҮ деңгейлік шығармашылық тапсырма.
Әже туралы әңгіме құрастыру.
Әркім өз әжелері туралы ой қозғады.
Әжем қонаққа барғанда мені бірге апарады. Менің әжем әдемі.
Менің әжем бар. Әжем маған ертегі оқып береді. Әжемді қатты жақсы көремін.
Әжеміз немерелерімен кездесті. Барлығының қуанышында шек жоқ.
Қорытынды:
-Біз әрқашан әже ақылын тыңдап, әдепті, әдемі, мейірімді болып өсеміз. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар білімін бағалап, мадақтап «Менің әжем» деген өлеңді оқып беру. Әженің сыйлығы ретінде жұлдызша тарату.
Мадақтау, бағалау
Барлығы хормен:
Мұғалімнің айтқанын
Мықтап миға тоқимыз.
Бар ынтамен тыңдасақ,
Кілең беске оқимыз.
[bws_related_posts]