Ш. УАЛИХАНОВ «АБЫЛАЙ ХАН»
АУШАХМАНОВА Г.А.
Малайсары жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылы
Пәні: | Әдебиеттік оқу | Сыныбы: 4 «А» сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Ш. Уалиханов Абылай хан | |
Жалпы мақсат: | Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтарымен ке-ңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру, өз еліне, халқы-на, жеріне деген азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу. | |
Сілтеме: | Әдебиеттік оқу 85-86 -бет. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 73- беттер
интернеттен алынған «Абылай хан» видео. |
|
Оқу нәтижелері: | Топта бірлесіп өзіндік ойларымен бөлісіп, ортақ шешімге келе алады. | |
Ақпарат көздері, қолда-натын материалдар: | Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, тақырыпқа байланысты сурет-тер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, күлегештер. | |
Негізгі идеясы: | Абылай қазақ батырларының ішіндегі мықтылардың бірі екеніне көз жеткізу. | |
Әдіс тәсілдер: | Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: СТО: «Блум таксономиясы» ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша «Ойлаудың 6 қалпағы» кластер, «Өрмекшінің өрмегі», Дебат | |
Дереккөздері: | Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған видео. |
Тапсырмалар
Сабақ кезеңдері мен уақыты | Жұмыс түрлері | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының әрекеті | модуль |
2 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг «Күн». Сыныпты 2 топқа бөлу. «Жокей мен жылқы» оқушылардың парталарының шетінде сөйлемдер жабыстырылып тұрады. Оқушылар бір-бірінің сыңарын табу керек. Сыңарын тапқан оқушылар мағынасына қарай топқа бөлінеді. Топ басшыны тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. | |||
Білу
5 минут |
ІІ. Үй тап-сырмасын сұрау. | «Өрмекшінің өрмегі» арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Оқушыларға сұрақ қою ар-қылы жауап алу. 1. Мұхтар Әуезов кім? Оның әлемге танымал қан-дай еңбек жолын білесің? т.б. |
Оқушылар жіпті қолда-рына оратып, Мұхтар Әуезов пен «Абай жолы» романынан алынған үзінді бойынша алған білімде-рін көрсетеді.
|
|
ІІІ. Жаңа тақырыпқа бағытталу.
«Ой қозғау»
АҚ ҚАЛПАҚ
|
Жаңа сабақты өткен мате-риалмен байланыстыру.
Хан Назар сынды әділ хан, Абылай сынды ер сұлтан… Ақ найзаның ұшымен, Ақ білектің күшімен Дұшпанға қысым көрсет-кен, -деген жолдар кім тура-лы? Ендеше сабақтың мақсаты қандай?
Абылай хан» видеоролик «Ақ қалпақ» Видео, слайд арқылы және үйде қосымша оқып келген-дерімен бөлісу. Шоқан мен Абылай туралы көрген ки-ноларынан ойларында не қалғанын айтып береді.
Кіріспе әңгіме. Абылай хан -қазақ ордасының ханы. Қа-зақ мемлекетінің тарихын-дағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасын-да хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хан-дықты абыроймен басқар-ды. АБЫЛАЙ ХАН (шын аты Әбілмансұр) (1711-1781)- қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жасында жоң-ғарларға қарсы соғысқа қа-тысып, ерлік көрсеткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбет-пен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күрес-ке ұйымдастырады. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болады. Абылай -хан, өктем әкім, айлакер дипломат, өте ше-шен, үлкен өнер иесі-арқалы күйші. Оның «Алабайрақ», «Ақ толқын», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шаңды жо-рық» және тағы басқа күйле-рі әлі күнге дейін тартылып келеді. Ресей патшасы, Қы-тай империясы, Жоңғар, Бұқар, Хиуа хандары Абылай хан тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. Он сегізінші ғасыр-да Қазақстанды жаулап алу-ды көздеген Жоңғар ханды-ғымен Маньчжур -Қытай империясына қарсы күрес-те үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды. |
Балалар сабақтың тақыры-бы мен мақсатын ашады.
І топ. Абылай хан ІІ топ. Әңгіме авторы Шоқан Уалиханов туралы бұрын-нан білетіндері сұралады. Қысқаша фактілерді ай-тып береді. Топтар бір- бірлерін то-лықтырады. Үйде оқып келгендерін ортаға салып айтады.
Оқушылар түсінгендерін қысқаша ғана айтады.
|
Жас ерек-шеліктеріне сәйкес оқы-ту және оқу
АКТ Күлтешелер-мен бағалау
|
|
Түсіну
5 минут |
Оқулықпен жұмыс
«АҚ ҚАЛ-ПАҚ»
«Ұстап ал» доп лақтыру. |
1.»Абылай хан» мәтінін іш-тей және 2-3 оқушыға дауыстап, әдемі оқыту.
2. Жаңа сөздердің мағынасын ашу. Тауқымет -ауыртпалық, бейнет, азап Қонтайшы- жоңғар ханы 3.Жаңа сөздердің мағынала-рын ашып түсіндіреді. 4.Сұрақтар. -Кімдер қазақтарды аш бөрі-ше талады? -Олар қазақтарға не істеді? -Ол қай мезгілде болған оқиға? Оны суреттейтін сөз-дерді ата. -Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қазақ даласын қашан басып кірді? -Ол қандай мақсатпен жерді жаулап алды? -Абылай сол кезде кім бол-ған және оның аты қалай шыға бастады? -Абылай кімдерде тұтқында болды және ол тұтқыннан қалай шықты? -Орыс ұлықтары қазақ елін-дегі қарым-қатынасты кім арқылы жүргізді? -Қалдан Серен қашан қай-тыс болды және оның елін-де қандай оқиға болды? — Жоңғарияны кім басып алады? -Абылай балаларына қандай өсиет айтып және нені та-лап етті? Неліктен? -Абылай 1774 жылы кімді басшы етіп қойды? -Абылай хан қай жылы қай-тыс болды және қай жерде жерленді?
5.Мәтіндегі Абылай өмір сүрген кездегі елдің халін суреттейтін сөз тіркестерін тауып, дәптерлеріне жазың-дар. |
Мәнерлеп, дауыс екпінін келітіріп оқиды.
Жаңа сөздердің мағына-сын сөздіктен ашып ай-тады.
Оқушылар оқығандарын сұраққа жауап беру арқы-лы сұрағанда, толық жа-уап бере алады. Жоңғар- лардың қазақтарды қырып жаздағаны және сол кезде жас бала Әбілмансұр ай-лакерлігімен көзге ерекше түскенін айтады.
Қазақтың жерін жоңғар-лар қандай мақсатпен жаулағаны туралы айтып, ойларымен бөліседі.
Қалдан Серен қайтыс бол-ғаннан кейін елімен не болғанын айтады.
Қазақ елінің еңсесін басқан, тауқыметі мол, қажыған ел, қақаған қыс, қаһарлы жұт, аждаһа-дай аштық, қырғидай ти-ген жұт деген сөз тіркес-тер Абылай өмір сүрген кездегі халін суреттеген. |
ОүБ
Оқыту мен оқудағы жа-ңа тәсілдер
|
Қолдану
5 минут |
«Қызыл қалпақ»
Кластер құ-ру |
Оқушыларға қосымша ин-тернет көздерінен алынған материалды тарату.
І топ. Кластер құру /Абылай/ |
Оқушылар оқып, түсінген-дерін жұмыстарынада қолдана алады.
Оқушыларға қиылған ма-териалдар таратып, клас-тер құрғызу. |
Оқыту үшін бағалау жә-не оқуды бағалау |
Талдау
5 минут |
«Жасыл қалпақ» | ІІ топ. Абылай ханға мінез-деме беру.
1. Абылайдың ұлылылы-ғын, беделін дәлелдейтін, оны хан сайлау сәтінің көрі-нісі суреттелген жолдарға туралы не ойлайсыңдар? |
Абылай хан тереңген ой-лайтын, ержүрек, айлакер, ақылгөй, дана қолбасшы, т.б
«…ақ киізге отырғызып хан көтеріп, ел басқарған сұлтандар әр жақтан да-уыстай жамырап, оның даналығын, ақылгөйлігін, қолбасшылығын, ержү-ректігін, т.б. қасиеттерін айтып тауыса алмайды. Ақыры үстіндегі шапанын шешіп алып, тоз — тоз қы-лып жыртып, әрқайсысы тәбәрік ретінде талап әке-теді». |
Талантты мен дарын-ды балалар-ды оқыту
СТО
|
Жинақтау
10 минут |
«Сары және қара қал
пақ» /Дебат/ |
«Абылай заманы- қазақ ба-тырларының заманы» деген жолдарға келісесіңдер ме? Әлде жоқ па?
І топ. Жақтаушы ІІ топ. Даттаушы |
І топ. Жақтаушы. Біз Абылай заманы — қазақ батырларының заманы деп келісеміз. Себебі, ол қазақ елін жоңғарлардан құтқарды. Ол болмаса, қа-зақ елі қырылып қалушы еді. Өйткені 15 жасында көзге түсіп, өзінің ерлігімен жоңғарларға қарсы шығып, жеңіске жетті. Талай жерлерге шабуыл жасап, қазақ даласына жеңіс әкеп, құ-рылысын, сауда жағын, яғни экономикасын көр-кейтті. Кішкентайынан жетім қалып, өзінің өжет, мықты екенін дәлелдеп көрсете білді. Үш жүздің басын біріктіріп, қазақ даласына тату-лық, бірлік әкелді.
ІІ топ. Даттаушы. Абы-лай заманы деп қалай ай-тасыздар? Қазақ хандығы-на 550 жыл болды. Қазақтың хандығын құр-ған Абылай емес керей хан. Қазақ елінде Абылай-дан басқа Малайсары, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сынды батыр-лар де аз емес. |
Оқытуды басқару жә-не көшбас-шылық
СТО
Талантты мен дарын-ды балалар-ды оқыту
|
Үй тапсыр-масы: | 1. Мәтінді оқу. Сөзжұмбаққа жауап беру.
2. Интернеттен мәлімет алып, шағын әңгіме жаз. 3. Шоқан Уалиханов туралы оқып біліп кел. |
|||
Бағалау | Дескриптор-мен бағалау | Оқушыларға дескриптор ұсыну. | Сол дескрипторға қарап, өз-өзін бағалайды.
Өзінің қандай баға және не үшін алғанын дәлел-дейді. |
|
Рефлексиялық кезең.
3 минут |
«Көк қал-пақ»
5 саусақ |
-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
-Не білдің? Қандай жаңа-лықтар алдық? Болашақта нені білу керек? /Бас бармақ — неден қинал-дым? Балан үйрек-кімге көмек-тестім? Ортан терек- көңіл -күйім Шылдыр шүмек-қандай же-тістікке қол жеткіздім? Кішкентай бөбек- не үйрен-дім?/ |
Оқушылар сабақтан қандай әсер алғандарын айтады. Өз ойлары-мен бөліседі. |
[bws_related_posts]