Павлодар облысы
Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл
Академик Әлкей Марғұлан атындағы мектебі
Керпишбай Ханыша
Сабақтың тақырыбы: Тура санды теңдіктер
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, тура санды теңдіктердің қасиеттерін қолданып есептер шығару;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен жұмыс жасауын дамыту; ИБТ-мен жұмыс жасауға машықтандыру.
Тәрбиелік: бір-бірлерін тыңдауға, жылдамдыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: формулалар, карточкалар, ИБТ
Бағалау тәсілі: өзін-өзі бағалау
№ | Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ескерту |
Кіріспе
(1 мин) |
Оқушылармен амандасады. Көңіл – күйлерін сұрайды.
-Өткен сабақта қандай тақырып өттік? -Осы тақырыпты қорытындылаймыз. Мақсытымыз қандай? |
Сұрақтарға жауап береді.
Тура санды теңдіктер
-Ережені пайдаланып есептер шығару |
Психологиялық ахуал туғызу
Оқушылармен бірге мақсат қою |
|
І | Сандарда бар бір қасиет
(2 мин) |
Тақырып сандармен байланысты болғандықтан сандарға кейбір ұғымдармен танысайық. | 3 қадірлі: ырыс, бақ, дәулет.
7 жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ |
Пән аралық байланыс(әдебиет)
+мотивациялық кезең |
ІІ | Өткнеге шолу
(5 мин) |
Үй тапсырмасының дұрыс жауабы экранда көрсетіледі. | Әр оқушы өзі тексереді, қателіктерін табады. | Өзін-өзі бағалау |
ІІІ | Математикалық ой қозғау
(5 мин) |
Ал қазір өткен тақырыпты еске түсірейік. Тура санды теңдіе дегенімз не?
Санды теңдіктің қандай жақтары болады? Қандай қасиеттерін білесіңдер? |
-Екі санды өрнектің «=» белгісімен жазылуы. — оң және сол жағы.
-Ережені айтады. |
Сұрақ –жауап. |
ІV | Жұбын тап! (10 мин)
|
Карточкалардағы есепті шығарамыз.
Біз есеп шығару барысында қай жерде қиналамыз? |
Бір оқушы тақтада, қалғаны дәптерге орындайды. | Талдау. Бір –бірінің қателерін табу. |
V | Сандар бейнесі
(1 мин) |
Экраннан сандарды көрсету | Сандарды бейнелеу | Сергіту сәті |
VІ | Білімді мыңды жығар
(15 мин) |
Оқулықпен жұмыс №853 есеп. Тақтаға кім шығады?
-Оң жағы, сол жағын көрсету? есепті түсіндіріңіз |
Есепті шығарады.
Оң жағы, сол жағын көрсету. Түсіндіреді. |
Бекіту
Рефлексия.
|
VІІ | Олжа ағашы
(5 мин) |
Олжа ағашына алмаларды ілу керек. Қызыл алма — Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім. Жасыл алма- тақырыпты меңгердім, бірақ есептегенде қиналамын.
Сары алма- Маған тақырып түсініксіз. — Туран санды теңдікке бірдей санды қосып немесе көбейтсек тура санды теңдік шығады. |
Алмаларды іледі. | Мұғалімге оқушылардың пікірін білуге, әрі қарай шара қолдану үшін қажет.
Қорытындылау. |
Үйге тапсырма,
Бағалау (1мин) |
№853 аяқтау. 19 –бетте тапсырманы оқу. Түсіну. | |||
Өзін-өзі бағалау парақтарын жинап, баға қою |