Басы » Баяндамалар » Жаңақала ауданындағы өсімдіктер жамылғысы

Жаңақала ауданындағы өсімдіктер жамылғысы

 %d1%8d  ЖАБЖТ және экология орталығының қосымша білім беру педагогы Э.Қ.Қайыржанова

 Аңдатпа

Бұл мақалада Жаңақала ауданынын өсімдіктер жамылғылары және түрлері оларды зерттеу әдістері туралы айтылған.

  Жаңақала ауданындағы өсімдіктер жамылғысы

Өсімдіктер әлемінің түрлері

 

1.1 Даланың өсімдік жабынын зерттеу әдістері

 

Даланың өсімдік жабынын зерттеу, байқау алаңқайларын салудан басталады. Байқау алаңқайы — зерттеуге алынған кез келген өсімдік қауымының әдейі бөлінген учаскесі (бөлімшесі).

Мұндай байқау алаңқайлары ботаниктің маңызды ғылыми құжаты болып табылады, себебі осының негізінде жалпы қорытындылармен шешімдер жасалынады.

Байқау алаңқайы табиғи өсімдіктің әртүрлі бұзылуларға ұшырамаған жерлеріне қарай, сол қауымдасқа ғана тән жерлерге салынады. Мұндай алаңқайды саларда мынадай бағытта жұмыстар жүргізіледі:

  1. Алаңқайдың көлемі — 10х10м; қолайлысы — квадрат немесе тікбұрыш; сызба нұсқасын арнайы қазықтар арқылы тағайындайды.
  2. Байқау алаңқайын анықтап, бөліп алған соң, фитоценоздың деңгейіндегі барлық негізгі мүшелер зерттелінеді. Мынадай белгілерді тағайындау керек: нөмір, сипаттаманың айы — күні, алаңқайдың көлемі, жағрафиялық орналасуы.
  3. Зерттелініп жатқан қауымдастықтың құрамына енетін фитоценоздың аталуы.

4.Алаңқайдың маңайындағы заттарға сипаттама: қандай қауымдастықтармен көршілес орналасқан, жолдар, тұрғылықты үйлер, вагондар т.б.

  1. Геоморфологиялық жағдайлар-жақын орналасқан тоғандарға, су айырмасына, жайылмаға, жайылма үсті террасасына байланысты, алаңқайдың орналасу ерекшелігі.
  2. Түрлік құрамы – байқау алаңқайында тіркелген барлық түрлердің тізімін жасау.
  3. Фенологиялық жағдай (фенофаза) зерттелген кездегі әрбір түрге бөлінеді. Фенофазаны белгілеу үшін В.В.Алехин ұсынған мынадай шартты таңбаларды білу қажет:

— — өсімдік тек вегетация кезінде;

^ — бүршіктенуі;

) — гүлденудің басы;

0 – максимальды гүлдену;

( — өсімдік гүлденуін аяқтауда;

+ — өсімдік гүлдеп болған, алайда тұқымдары пісіп-жетілмеген және төгілмеген;

# — тұқымдар пісіп-жетілген және төгілген;

× — өсімдік өлу үстінде.

  1. Байлығы — байқау алаңқайларындағы берілген түрдің дараларының саны.
  2. Жобалы жабын — байқау алаңқайында кездесетін берілген түрдің барлық өсімдіктерінің жер үсті бөлімдерінің жазықтық жоба нұсқасы. Жобалы жабын пайыз арқылы өрнектеледі.
  3. Өсімдік қауымдастықтарының өнімділігін анықтау үшін көлемі 1 м2 алаңқай салып, ондағы өсімдіктерді шаруашылық топтарына қарай кесіп алу керек. Әр шаруашылық тобының өсімдіктері таразыға салынып бөлек өлшенеді.

Зерттеу ауданында өсімдіктердің 48 түрі кездеседі (Кесте 2), олар 14 тұқымдастыққа жатады  [5, 6].

Кесте 1

Жаңақала ауданында кездесетін өсімдіктер түрлері

 

Қазақша атауы Орысша атауы Латынша атауы Тұқымдасы
1 Жауқияқ Острец Stratiotes астық
2 Қияқ Волоснец Elumus астық
3 Ақмамық Бескильница Puccinella астық
4 Құм еркек шөп Пустынный житяк Agzopuzon desertozum астық
5 Сынғақ еркек шөп Ломкий житяк Agzopuzon fragile астық
6 Бетеге боз Ковыль Лессинга Stipe Lessingiana астық
7 Тырсық селеу Ковыль сарептский Stipe sareptana астық
8 Мортық Мортук Ezemopyrum oriental астық
9 Қоңырбас Мятлик Poa bulbosa астық
10 Бетеге Овсяница Festuca астық
11 Ажырық Прибрежница Aeluropus littoralis астық
12 Қамыс Тростник Phragmites астық
13 Изен Прутняк Kohia prostrata алабұта
14 Ебелек Рогач песчанный Ceratocarpus arenarius алабұта
15 Көкпек Лебеда седая Atriplex cana алабұта
16 Қараматау Камфоросма camphorosma алабұта
17 Сарсазан Сарсазан Halocnemum strobilaceum алабұта
18 Бассия Бассия Bassia hirsuta алабұта
19 Итсигек Анабазис Anaba sis salsa алабұта
20 Қотыр көкпек Лебеда бородавчатая Atriplex hastata алабұта
21 Су жаға көкпек Лебеда прибрежная Atriplex littoralis алабұта
22 Ақ алабұта Марь белая Chenopodium album алабұта
23 Қызыл  сораң Солерос европейский Salicornia europaea алабұта
24 Шоған сораң Солянка малолистная Salsola foliosa алабұта
25 Сарыбарақ сораң Солянка содовая Salsola soda алабұта
26 Қараматау сораң Солянка лиственничная Salsola acutifolia алабұта
27 Сарбасқурай Гулявник sisimbrium Шаршы гүлділер
28 Жауылша Бурачок Allysum Шаршы гүлділер
29 Сармала дескурения Descurainia Шаршы гүлділер
30 Шытырмақ клоповник Lepedium Шаршы гүлділер
31 Түйе жантақ верблюжья колючка Aihagi Бұршақ
32 Кестежусан перитрум Pyrethrum Күрделігүлділер
33 Шоғыр жусан полынь песчанная Artemisia arenaria Күрделігүлділер
34 Бөрте жусан Полынь австрийская Artemisia austriasa Күрделігүлділер
35 Ақ жусан Белая полынь Artemisia leucodes Күрделігүлділер
36 Қара жусан Черная полынь Artemisia fragans Күрделігүлділер
37 Ассүттіген Латук Lactuca Күрделігүлділер
38 Түйетікен Чертополох Cardurus Күрделігүлділер
39 кринитария кринитария crinitaria Күрделігүлділер
40 Жүзгін елекшөп Жузгун ситник c.gunceut Қоғалар
41 Қияңкөлең Осока acuta Қияңкөлеңдер
42 Жерар елекшөп Ситник жерара Gancus gerardii Елекшөптер
43 Шөлді таран Горец песчанный  Polugonum  arenazium Қарақұмықтар
44 Иттабаншөп Грыжник многобрачный Herniaria polugama Қалампыр гүлділер
45 Иттабан Франкения Frankenia hirsute Иттабандар
46 Жыңғыл Гребенщик Tamaric grasilis Жыңғыл
47 Тасшыгүл Проломник Andrasoce elongata Наурызшешек
48 иманжапырақ подорожник Plantago иманжапырақ

Зерттеген ауданда (кесте 3) қосжарнақтылар тұқымдасы 69%, дара жарнақтылар (астық тұқымдастық, қияңкөлеңдер тұқымдасы, елекшөптер тұқымдасы) 31% құрайды  [9, 10, 11, 12].

 

Кесте 2

 Өсімдіктер тұқымдастығы

 

Тұқымдастық %
1 Астық тұқымдастық 25
2 Қоғалар тұқымдасы 2
3 Қияңкөлеңдер тұқымдасы 2
4 Елекшөптер тұқымдасы 2
5 Қарақұмықтар тұқымдасы 2
6 Алабұталар тұқымдасы 29
7 Қалампыргүлділер тұқымдасы 2
8 Шаршыгүлділер тұқымдасы 9
9 Бұршақ тұқымдастар 2
10 Иттабандар тұқымдасы 2
11 Жыңғылдар тұқымдасы 2
12 Наурызшешек тұқымдасы 2
13 Иманжапырақтылар тұқымдасы 2
14 Күрделігүлділер тұқымдасы 17

 

 

2.2 Биоморфологиялық талдау

Биоморфологиялық талдауға сүйенсек  бір жылдық 36%,  жартылай бұташық 17%, ұзынтамырлы сабақты 15%-ды құрайды, ал аз пайызды бос шырынды, бұталы, екі жылдық өсімдіктер құрайды [13]

 

 

 

2.3 Фитоценотикалық талдау

 

Фитоценотикалық талдаудың қорытындысы бойынша   далалық (27%),   шөл далалық (22%),  шөлейтті (19%)  өсімдіктердің көп пайыз құрайтынын дәлелдеді. Аз мөлшерде шалғынды-батпақты және космополит түрлері құрайды [14].

2.4 Экологиялық талдау

Экологиялық талдауға сүйенсек ксерофит 63%, мезофит 21%, гигрофит және мезоксерофит 8%  құрайды [15 ].

2.5 Шаруашылық талдау

Шаруашылық талдауға сүйенсек  мал азығы 66% арамшөптер 10%, ең аз пайыз құрайтындар техникалық  және бал шырынды өсімдіктер [16,17].

Қорытынды

Жұмысымды  қорытындылай келе мынадай нәтижеге келдім:

  1. Жаңақала ауданы жазық және  шөлейтті шекарада  жатыр.
  2. Өсімдік жамылғысында жазық зонада кездесетін (ақселеу, бозшөп, еркек шөп) қауымдастығы өседі. Жартылай шөлейтті зонада (изен, ақжусан,  кестежусан), шөлейтті зонада (көкпек, итсигек, қаражусан, сарсазан, қараматал) түрлері  кездеседі.  Батпақты шалғындардың орталық бөлігінде негізінен қамыс, құрақ, теңіз өлең шөбі, көл өлең шөбі мен Табернемонтан өлең шөбі өсінділері жақсы дамыған. Зерттеу ауданында өсімдіктердің 48 түрі кездеседі, олар 14 тұқымдастыққа жатады. Биоморфологиялық талдауға сүйенсек бір жылдық 36%,  жартылай бұташық 17%, ұзынтамырлы сабақты 15%-ды құрайды, ал аз пайызды бос шырынды, бұталы, екі жылдық өсімдіктер құрайды. Фитоценотикалық талдаудың қорытындысы бойынша далалық (27%),   шөл далалық (22%),  шөлейтті (19%)  өсімдіктердің көп пайыз құрайтынын дәлелдеді. Аз мөлшерде шалғынды-батпақты және космополит түрлері құрайды. Экологиялық талдауға сүйенсек ксерофит 63%, мезофит 21%, гидрофит және мезоксерофит 8%  құрайды.  Шаруашылық талдауға сүйенсек мал азығы 66% арамшөптер 10%  ең аз пайыз құрайтындар техникалық  және бал шырынды өсімдіктер.

Қорыта келе, ауданымыздың өсімдіктерін сақтап, қорғау үшін төмендегі ұсыныстарымды ұсынамын:

— Жаңақала ауданындағы табиғат ресурстарын тиімді пайдалану

— Жаңақала ауданындағы галофитті өсімдіктерді сақтау.

 

 

Қолданылған әдбиеттер

  1. Абдуллина С.А. Список сосудистых растений Казахстана. Алматы 1999.
  2. Александрова В.Д. Классификация растительности 1969.
  3. Алехин В.В. Комплексы построения экологических рядов ассоциаций //Бюлл. МОИП. Отд. биол. 1923-1924.
  4. Байтенов М.С. В мире редких растений. Алма-Ата 1986.
  5. Быков Б.А. растительность и кормовые ресурсы Западного Казахстана Алма-Ата 1955.
  6. Быков Б.А. Региональный анализ флоры и ботанико-географическое районирование Казахстана 1975.
  7. Геология СССР. М., 1970.
  8. Гордеева Т.К., Ларин И.В. Естественная растительностьполупустыни Прикаспия как кормовая база животноводства. 1965.
  9. Джубанов А.А. Климат // Природно-ресурсный потенциал и проекируемые обьекты заповедного фонда Западно-Казахстанской области Уральск 1998.
  10. Иванов В.В. Физико-географический очерк Западного Казхстана// Географический сборник. М;Л.,1953 Вып.2.
  11. Х.Тілемісов Е.Рамазанов Орысша-қазақша ауыл шаруашылығы сөздігі Алматы «Қайнар» 1992
  12. С.Арыстанғалиев Қазақстан өсімдіктерінің қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *