Пәні: физика | Сынып 8 а» «б» «в» | Өтілу мерзім : |
Сабақтың тақырыбы: | §38 Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр тізбегі. | |
Мақсаты: | Ø Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Меншікті кедергі жайлы мағлұмат беру
Ø Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Меншікті кедергіні күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету Топта бағалай білуге баулу |
|
Күтілетін нәтиже | Ø Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Меншікті кедергі жайлы мағлұмат алады
Ø Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Меншікті кедергі ні күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді Топта бағалай алатын болады |
|
ресурстары | оқулық, интер тақта, амперметр, вольтметр | |
Қолданылатын әдісі | «Мен саған, сен маған», «Қарлы кесек» |
№ | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1 | 5 мин | І Ұйымдастыру.
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу 1.2. Түгелдеу 1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді) |
оқу құралдарын түгелдейді,жаңа сабаққа назарларын аударады. Топқа бөлінеді. |
2 | 10мин | Үй тапсырмасын «Мен саған сен маған» әдісі арқылы сұрау,пысықтау.Бір-бірлеріне сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
|
«Мен саған сен маған» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді . Үй тапсырмасын пысықтап, тақтаға шығару арқылы есептерді шығарады. |
3 | 20мин | Жаңа сабақ Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігік заңын 1827 ж. Г.Ом ашты.
Ом заңы: тізбектің бөлігіндегі ток күші –осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал. Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шаманы кедергі деп атайды. R – кедергі. ХБЖ-да кедергінің өлшем бірлігі Оммен өрнектеледі.
|
Миға шабуыл әдісі арқылы өтілген тақырыптағы формулаларды табады,белгісіз физикалық шамаларды табады, есте сақтайды,есептер шығарады. |
4 | 5мин | Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» арқылы өтілген сабақты пысықтау. | Оқушыларға «Блум таксономиясы» әдісімен қорытынды жасап,пысықтайды. |
5 | 1мин | Үйге тапсырма§38; 18-жаттығу(барл) | Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. |
6 | 2 мин | Қорытынды Сабақта не сәтті не сәтсіз өтті? | Кері байланыс |
7 | 2 мин | Бағалау оқушыларды бағалау | Оқушылар бағаланады. |
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (5 минут)
1 | Білу | Ом заңы дегеніміз не? |
|
2 | Түсіну | Ом заңы ның формуласын жаз? |
|
3 | Қолдану | Тізбек бөлігіндегі ток күші 10 А, кернеу 12 В. Тізбек бөлігіндегі кедергіні табыңдар? |
|
4 | Талдау | Ұялы телефон мен телевизордың тұтыну кернеуін салыстыр? |
|
5 | Жинақтау | Күнделікті тұрмыста Ом заңының қолданылуына мысал келтір? | |
6 | Бағалау | Ом заңын білудің маңызы қаншалықты? |
|
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар | 18-ж. № 5 |
Кейінгі оқу | §38 Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы |