Басы » Кембридж бағдарламасы » Батыс Түрік қағанаты. (603-704 жж)

Батыс Түрік қағанаты. (603-704 жж)

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
№93 орта мектеп
Турганбаева Зибаш
Сабақтың тақырыбы: Батыс Түрік қағанаты

Тақырыбы:  §2. Батыс Түрік қағанаты. (603-704 жж)

Мақсаты: Қағанаттың күшеюі, саяси қарым-қатынастарын білу, елді басқаруға енгізген жүйеге баға беру, әлеуметтік жағдайы туралы  пікірлерін білдіру

Күтілетін нәтиже: Қағанаттың күшеюі, саяси қарым-қатынастарын біледі, елді басқаруға енгізген жүйеге баға береді, әлеуметтік жағдайы туралы  пікірлерін білдіреді

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Негізгі идея: Батыс Түрік қағанаты.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, психологиялық жайлы ахуал орнату, ақылдың алты қалпағы, ақиқат пен жалған, бір минут

Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық

Керекті құрал-жабдықтар:  оқулық, қосымша материалдар, стикерлер

Бағалау түрлері: бағалау парағы

Кері байланыс: Мадақтау сэндвичі

Сілтеме: Жолдасбаев С, Орта ғасырлардағы  Қазақстан тарихы, 7-сынып, «Атамұра»-2012 ж.

 

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Ресурстар
 

Кіріспе

Ұйымдасты-ру кезеңі

Сыныпта психологиялық жайлы ахуал орнату.

Сыныпты түгелдеу. Топқа бөлу.

Әр топқа бағалау парақтарын, кері байланыс түрлерін тарату.

«1,2,3» ойыны арқылы сыныпта көтеріңкі көңіл күй орнайды. Топқа бөлінеді. Бағалау парағын, кері байланыс түрлерін алады. ойын, бағалау парағы
 

А кезеңі:

Білу

Үй тапсырмасын сұрау: Қағып ал әдісі:

Тақырып көлемінде оқушылардың бір-біріне сұрақтар қоюын және жауап алуын қадағалау.

·  Түрік қағанатының алып жатқан аумағын картадан тап.

·  Халқының этникалық құрамының ерекшелігі неде деп ойлайсың?

·  Саяси жағдайына тоқталып хабарлама жаса.

Әр дұрыс, толық жауап берген оқушыларға шапалақ соғу арқылы құрмет көрсету.

Оқушылар қағып ал әдісі арқылы бір-бірлеріне сұрақтар қойып,  жауап береді. 1 минут әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылайды. Қағып ал әдісі, 1 минут, қолпаштау
Түсіну Жаңа тақырыптың мақсаты мен критерийлерін оқушылармен бірге құрастыру. Оқушылардың өз бетінше игеретін тақырыптарын оқулық бойынша бөлу.

1-топ: Батыс Түрік қағанатының жер аумағы. Этникалық құрамы.

2-топ: Қағанаттың саяси жағдайы. Қағанаттың әлсіреуі. Шығыс түріктері. Әлеуметтік жағдайы.

Джигсо: Оқушылар топ ішінде тақырып мазмұнын түсініп, өзара  әңгімелеуін, өзге топтармен бөлісуін қадағалау.

 

Мақсат, критерийлер құрастырады. Сабақ материалын жеке игереді, бірге бөліседі, топта талқылайды.

 

Критерийлер, Джигсо
В кезеңі:

Қолдану

Кесте: Пирамида: қағанаттың әлеуметтік құрылымы.

 

 

 

 

Қағанаттың әлеуметтік құрылымы туралы мәліметтерді толтырады

 

 

 

 

 

Кесте: Пирамида
Сергіту сәті Сергіту жаттығуын жасату Сергіту жаттығуын жасайды  

 

Талдау Ақылдың алты қалпағы:

Қызыл қалпақ – Түйсік. Менің түйсігім маған не дейді.

Сары қалпақ – Позитив. Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай?

Маған не ұнайды? Оң тармақтарын жазыңыз.

Жасыл қалпақ – Креатив. Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын? Барлық жаңасы қызықтысы.

Ақ қалпақ – Фактілер. Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет?

Білетіңізді ғана жазыңыз.

Қара қалпақ – Жағымсыз. Жағымсыз кезең-дерді көрсетіңіз? Қандай проблемалар бар?

Маған не ұнамайды?

Көк қалпақ – шолу. Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ? Мен оны қалай аша аламын?

Мен барлық қалпақты кие алдым ба?

Ақылдың алты қалпағы арқылы жұмыс жасайды. Тақырып толық талданады. Ақылдың алты қалпағы, талдау
С кезеңі:

Жинақтау

Ақиқат пен жалған:

Тақырыпқа сәйкес ақиқат және жалған сөздерді араластырып жазу және оларды ажыратын қадағалау.

Тақырыпқа сәйкес ақиқат және жалған сөздерді араластырып жазып және оларды ажыратады. Ақиқат пен жалған
 

Бағалау

Ешбар қағанның қағандықты басқаруда енгізген «он оқ будун» жүйесін қалай бағалайсыңдар? «он оқ будун» жүйесіне баға береді, пікір білдіреді Пікір, бағалау
Үй тапсырмасы 1.      Тақырыптың мазмұнын толық оқу, мазмұндауға даярлану.

2.      Хронология жасау.

3.      Тест жауабын табу

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады Күнделік
Оқушы білімін бағалау  

Топты және оқушыларды бағалау.

 

 Бағалау парағын толтырады Бағалау парағы
 

рефлексия

Кері байланыс жасау үшін мадақтау сэндвичін тарату Мадақтау сэндвичін толтырады Мадақ-тау сэндвичі

Пікір:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[bws_related_posts]

 

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *