Алматы облысы Ақсу ауданы
«Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог- психологі
Ниязова Светлана Тоқтаровна
Көмекші бағдарлама бойынша
3 сыныпқа арналған коррекциялық сабақ
тақырыбы: Зейінді дамыту
мақсаты: оқушының психологиялық қабілеттерін дамыту.
міндеттері:
әр-түрлі жаттығулар арқылы қолды және саусақтардың қимыл-қозғалыстарын жаттықтыру;
оқушыны табандылыққа және жүйелілікке тәрбиелеу;
зейінді дамыту;
сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: суреттік карточкалар-тапсырмалар.
Ұйымдастыру кезені: амандасу, оқушының көңіл-күйін бақылау, оқу орынға баланы орналастыру.
Артикуляциялық жаттығулар:
Терезе» «Ауызды кең ашу -» ыстық »
Аузын жабу -» салқын ауа шығару» 10 рет
«Сылақшы» тілмен таңдайды сипап, алдыға қарай шығару 10 рет
«Езу тарту — тұмсықша» тістер қосылған, езу тарту, сосоң күшпен ерінді түтікше етіп алдыға созу, 10 рет
«Құлыншақ» еріндерді тербеліске келтіру 10 рет
Еріндерді керіп қою. Ауыз аздап ашу, тілдің ұшымен таңдай қағу
«Жел» төменгі ерінді алдыға жылжытып жоғары қарата жел үрлеу 10 рет
Ұсақ моторикаға арналған жаттығулар:
«Қырыққабаттан салат әзірлеу» моторикалық ойын
1.Біз қырықабатты шабамыз, шабамыз (екі қолдың жанымен үстелді соғу).
- Біз қырыққабатты тұраймыз, тұраймыз (екі қолмен кескен секілді қимылдарды орындау)
- Біз қырыққабатты үгітеміз, үгітеміз (қырыққабаттың тұралған бөлшектерін бір-бірінен ажыратамыз)
- Біз қырыққабатты мыжимыз, мыжимыз. (екі қолымен мыжыған секілді қимылдарды орындау)
- Біз сәбізді тұрағыштан өткіземіз (екі қолды кезек-кезек сәбізді теркадан өткізген секілді қимыл-қозғалыстар орындаймыз)
- Біз бәрін аздап тұздаймыз, тұздаймыз. Тұз сепкен секілді болдық.
- Енді біз бәрін араластырамыз! Арастырған сияқты қимыл-қозғалысты
Не шықты енді бізде?
Негізгі бөлім:
І. Суреттік тапсырмаларды орындау.
№1. қиылған суретті құрастыру (пазлы құрастыру)
Мақсаты: оқушыны салыстыру және бақылаушылық қабілеттерін дамыту.
№2. Лабиринт «Пілді бананға жеткізу» І дәреже тапсырмасы
Мақсаты: ойының ұшқырлығын дамыту.
№3. Лабиринт «Кейіпкер Ваняны орманға жеткізу» кейпкерлерді жеткізген жолындағы есептерді шығару.
Мақсаты: ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту.
№4. Суреттерді салыстырып, айырмашылықты табу
Мақсаты: байқағыштығын, салыстырмалы еске сақтау қабілеттерін дамыту
№5. Суреттегі балапандарды тауып, сана.
Мақсаты: ойлау және қиялын дамыту.
№6. «Аттың суретін аяқтау» сандық нүктелер бойынша суретті аяқтау.
Еске сақтау , зейінді дамыту, қол-саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін жаттықтыру.
№7. Түсті шақпақтарға түрлі жануарларды орналастыру.
Ой-өрісін кеңейту, зейінді дамыту.
Қорытынды жасау. Сабақта не жасадық? Сен тапсырмалардың барлығын орындай алдын ба? Қандай тапсырма саған қиынға түсті? Қандай түрлі тапсырмаларды сен тағы да орындағын келеді?
Үйге тапсырма: №6 тапсырманы аяқтау.