Басы » Бастауыш сыныптар » Мәдени мұра – халық игілігі

Мәдени мұра – халық игілігі

 

%d0%b7%d0%b5%d0%b9%d1%96%d0%bd%d0%b4%d1%96-%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d1%8b%d1%82%d1%83Алматы облысы  Ақсу ауданы

«Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

педагог- психологі

Ниязова Светлана Тоқтаровна

Мәдени мұра – халық игілігі

Мақсыты: Рухани мәдениетті тану, мәдени мұралардан тағылым алу.

 

Міндеттер:

  • Оқушыларға әдеби-мәденим мұралар, қазақ халқының салт-дәстүрі, атамекен, атакәсіп туралы түсінік беру;
  • Оқушылардың ұлттық құндылықтарға,мәдени мұраларға деген сүйіспеншіліктерн дамытуға ықпал ету,
  • Ата-баба мұрасын асыл қазына ретінде қастерлеуге, құрмет тұтуға және олардан тағылым алуға тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:

 

Әнгімелесу:

2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулығы қол қойды. Бағдарламаның орындалу барысында ғылыми ізденістер ауқымды нәтижеге жетіп, еліміздің барлық тұрғындары қатыстырылып, «халықтық» деген атауға ие болды.
Аумағы жағынан әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін қазақ жері ежелден — ақ сан түрлі мәдениеттердің тоғысқан орны болды. Мұнда көшпенділік пен отырықшылық өзара араласып жатты. Көшпенді өмір салтын бастан кешкен қазақ халқы ежелден – ақ табиғатпен етене араласып жатты. Табиғат аясындағы таным – тәжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз болып қоймай, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған. Солардың бір көрінісі аңшылық – саятшылыққа байланысты. Құсбегілік әсем табиғат аясындағы көңілді, әсерлі қызығы мол демалыс болып табылады. Тарихи деректерге қарағанда құсбегілік өнер бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Түзден ұстаған құсын үйрететін адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі құсты балапан кезінен бастап баулиды.

 

 

«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады».
 

 Н. Ә. Назарбаев

«Мәдени мұра»   –  әр ұлттын мәдени, экономикалық және әлеуметтік қор

Мәдени: әдебиет, өнер, ұлттық кәсіптер

Экономикалық – ата-кәсіптер

Әлеуметтік: салт-дәстүрлер

 

Дәптермен жұмыс
Қазыбек бидің аталы сөзін оқып, қазақ халқының бойындағы жақсы қасиеттерді дәптерге жазу.
1. Намысшыл.
2. Адал.
3. Өсиетті сақтау.
4. Өнерді тарату.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *