Алматы облысы Ақсу ауданы
«Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог- психологі
Ниязова Светлана Тоқтаровна
Тақырыбы: «Өмірің өз қолыңда»
Мақсаты: әр адам өз өмірінің суретшісі екендігін және өмірі құндылығы туралы түсініктерін одан әрі терендету.
Міндеттері:
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек түсінік беру;
- шығармашылық арқылы өмірге құштарлықтарынды артыру;
- өмірлік мақсатарын анықтау, өмірдін мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: аудиотаспа,
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру;
ІІ. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Өмір қымбатсын маған» тақырыбында шығарма, өлен жолдарын, коллаж немесе кроссворд дайынлау. жазу.
ІІІ. Дәйексөз
ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 10 КІЛТІ
Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен:
-
Өзіңді таны – Сократ.
Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады. -
Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта – Мәулана.
Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді. -
Ең жоғарыда ғашықтық бар – Азиз Паул.
Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды. -
Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады – Альберт Энштейн.
Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету. Боббю Кенедидің айтқанындай: Адамдар дүниеге қарап «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір жүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын. -
Асқан әдемілік көзді шығармаса керек – Мэй Уэст
Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында «қанекей алға, өзіңді көрсет» деген леп бар. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс! -
Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі – Сун Цзу.
Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.
-
Не істе не істеме. Сынауға болмайды! – Иода.
Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады. - Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады – Антуан де Сент Экзюпери
Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да … Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күннің сәулесіне лупа ұстаған сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың.
9 Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды – Эмиль Золя.
Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады.
-
Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру … Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру – Аль берт Энштейн.
Шүкір етуді ұмытпау керек!
1. » Өмір жолы» коллаж дайындау. - Өмір несімен құнды?
- Өмір туралы слайд көру
Жаңа ақпарат:
Өмір сүру ережелері
1 Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе
2 Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы
тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр
3 Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым,
жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.
4 Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
5 Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп , қадірлей біл..
6 Тыныштық сақтай білуге үйрен, нәзік үнмен биязы ,
мәдениетті сөйлеуге үйрен
7 «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды
түсініп жадыңа ұста.
Ұстанымым:
- Жігер деген-Мен
- Күш деген-Мен
- Махаббат деген-Мен
- Кешірім деген-Мен
- Құдірет деген-Мен
- Жасөспірім деген-Мен
7.Жастық шақ деген-Мен
- Денсаулық деген-Мен
- Адалдық деген-Мен
- Жарқындылық деген- Мен
- Бар ғажайып деген-Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
«Өмiрiңе немқұрайлы қарама» әнің орындау.
[bws_related_posts]