Басы » Шет тілдері » Winter. Қыс

Winter. Қыс

%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b0Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
№24 «Айналайын» бөбектер бақшасы
Шайхатова Динара Талгатовна
Тақырыбы: Winter. Қыс.

Тақырыбы: Winter. Қыс

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайту.

Міндеттері: 1)тірек сызба арқылы ағылшынша  «Қыс» тақпағын үйрету;

2)балалардың ойлау, есту, көру,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3)достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қуыршақ, доп,қыс мезгіліне тән демонстрациялы суреттер,магнитафон.

Лексикалық бірлік: a winter-қыс, a snow-қар, cold-суық, a holiday- мереке.

 

Мотивациялық -қозғаушылық

Мұғалім Микки маустың ойыншығын шығарып: Микки маус: — Hello! How are you? дейді.

Достар,Микки тоңып қалыпты қараңдаршы.

Балалар амандасады.

  • Hello!
  • Ок! How are you?

Фонетикалық жаттығу

[y-y-y-y], [d-d-d-d]   дыбыстарды бірнеше рет қайталайды.

Микки біраз жылынған сияқты. Ал сендердің есімдерінді білгісі келеді.

Қолына допты алып, балалардың атын сұрай “What is your name?” отырып балалардың біреуіне домалатып жібереді.

Балалар сұраққа жауап береді. Тілдерін жаттықтырады: My name is Aslan.

My name is Aya деп балалар өз есімдерін атап шығады.

Ұйымдастырушылық –іздестіру

-Oh, very good! I am glad to see you! But I am cold. Ол сендерді көргеніне өте қуанышты, бірақ тонып қалдым дейді. Неге? Қандай мезгіл?

A winter – қыс. Дұрыс айтасыңдар. Табиғатта қандай өзгерістер бар?

A snow- қар.

Cold –суық. Иә, күн суық. Бірақ қыс мезгілінде қандай сиқырлы мереке бар?

Holiday мереке.

Мұғалімнен кейін

Winter

Snow

Cold

Holiday сөздерін қайталап айтады.

-Yes, you are right!

«Қай мезгіл?» дидактикаылқ ойыны. М: жыл мезгілдерін ажырата білуге,ағылшынша атауға үйрету.

Ойын шарты түсіндіріледі.

-Let’s play! Ou, my friends are good!

All day and all night. Үстел үстінде гүл, қар, жапырақ, жеміс суреттерінен жыл мезілдерін дұрыс тауып, ағылшынша атайды.

Сергіту сәті

Ал енді Микки жылыну үшін сергіту жаттығуын жасайық.

Мұғалім сәтін әнмен өткізеді. Қолына жұмсақ аюды ұстап тұрады.

Teddy bear, teddy bear, turn around

Teddy bear, teddy bear, touch the ground

Teddy bear, teddy bear, touch your nose

Teddy bear, teddy bear, point to your toast.

Миккидің бізге әкелген «Қыс» туралы тақпағы бар екен.

Winter is snowy,

Winter is frosty.

The ground is white.

Тірек сызба арқылы,ағылшынша өлең шумақтарын қайталап, жаттау.

Рефлексивті -түзетушілік

Very good!

Балалар, бүгін сабақта не істедік?

Қонаққа кім келді?

Қандай ойын ойнадық?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Енді Микки мауспен қоштасайық.

Микки маус: Good bye, children

 

Күтілетін нәтиже:

Не білу керек: тірек сызба арқылы «Қыс» тақпағын.

Нені игереді: ағылшын тілінде сөздерді  дұрыс атауын

Не біледі: “What is it?” сұрағын естігенде түсінеді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *