Басы » Кембридж бағдарламасы » Этнолингвистикалық атаулар

Этнолингвистикалық атаулар

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
10- сынып қазақ тілі Этнолингвистикалық атаулар
Арапова Маржан

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары Этнолингвистикалық атаулар туралы кеңінен     мәлімет беру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар этнолингвистикалық атауларға мәлімет бере алады.

 

  Оқушылардың басым бөлігі тақырыпқа қатысты сөздерді дәлелдеп жеткізіп бере алады.
   
Тілдік мақсат Кейбір оқушылар тақырыпқа байланысты  сөздерді әдебиеттен мысал келтіре алады.
Алдыңғы оқу Оқушылар осыған дейін меңгерген  білімдерін жаңа тақырыпты меңгертуге қолданады. Бір бірімен байланыстырады.
Жоспары    
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде                   жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелер)  

Ресурстар

Басталуы :15минут І.Шаттық шеңбері оқушылар бір біріне есімдерінің бас әріпінен  тұратын мақал -мәтел айтады.

ІІ. «Өрмекші торы»әдісі үйге берілген тапсырманы сұрақ- жауап арқылы  диалогқа түсіру. Оқушылар сұрақты бір- біріне бағыттайды. Өткен сабақты еске түсіреді.

10-сынып  қазақ тілі оқулығы. «Сұрақ- ілмек «түрлі- түсті стикерлер, маркерлер.
Ортасы  :25минут ІІІ. «Галерея» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгеруіне оқушыларға тапсырма беріледі. Әр топ тақырып бойынша постер қорғайды.  Тапсырманы бірге орындап,  дәлелдермен мысалдар келтіреді. Топ ішінде талқылайды. Сыныптың ішіне іліп, әр топтан бір оқушы қорғап шығады.  Оқулықтағы жаттығулармен жұмыс: 1- топ  52 –жаттығу. Мақал- мәтелдерді ұлттың дүниетанымы , тыныс тіршілігіне қатысты талдап көрсетіп, өз пікірлеріңмен бөлісіңдер.  2- топ   54-жаттығу. Сөйлемнің тыныс белгісін қойып, сөз жинақылығына ұйытқы болып тұрған сөйлем мүшесін анықтаңдар.

1-2 топқа  55-жаттығу. Берілген жүйе бойынша «Мен де бір ой айтайын…» деп басталатын бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне байланысты  2 минуттық пікір даярлаңдар. Сөйлеу барысында қыстырма сөздер айтылмауына баса көңіл аударыңдар.

«Сұрақ- ілмек «, СТО,

АКТ

Аяқталуы: 5 минут ІV.«Қара  жәшік»  әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

V. Бас  бармақ әдісі арқылы оқушылардың білімін бағалаймын.

VI.Үйге тапсырма беру: 56- жаттығу.  Берілген мәтіннен кестеге сәйкес өз пікір , болжамдарыңды толтырыңдар.

Түрлі -түсті стикерлер.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *