Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Абилдаева Тынышкүл Нуржановна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің анам»
Мақсаты: Тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыруды үйрету, ойлау қабілеті мен тілдерін дамыту, ананы сыйлап, аялай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралы: жұмыс дәптері, көркем суреттер, «Ана» деп жазылған үлгі, әйелдердің әшекей бұйымдарының суреттері.
Сөздік жұмыс: үн қатасың
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік, Күлкі менен түлейік. Қабақ түйген не керек? Күліп өмір сүрейік! Доп лақтыру арқылы, балалардың аналары қалай еркелетіндерін білу. |
Балалар іс-қимылдарын көрсетеді
Құлыным, күнім, жаным, айым т.б. |
Ұйымдастыру-іздестіру | Тосын сый. Қонаққа қоян кіреді. (Қоян анасын тыңдамайтынын, суранбай кетіп қалғанын баяндайды).
Педагог балаларға өлең жолдарын мәнерлеп оқып береді. Құшағына кіргенде, Жылынамын бір демде. Не жетеді көзіңе Мейірімдң күннен де. Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. (Н. Айтов)
— Балалар, өлең кім туралы деп ойлайсыңдар? — Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол – көркем, сүйікті әрі ұлы сөз. — Әрқайсысымыздың да анамыз бар, дұрыс емес пе? — Ендеше өз аналарыңды суреттеп, «Менің анам» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар. Педогог балаларға көмек ретінде қосымша сұрақтар қояды. — Балалар, аналар туралы кім тақпақ біледі?
— Балалар, ана туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? — Ендеше, балалар, «Үш ана» көрінісін сахналап көрсетейік. Көрініс «Үш ана» Жүргізуші: Ойыннан келген Әйгерім Қуыршағын іздейді. Столдың астынан тапты да, Хал сұрауды көздеді. Әйгерім: Қызым, менің қалайсың Томсырайып қарайсың. Қарның ашып отырмай, Тамақ ішсең жарайсың. Егер тамақ ішпесең Қу сүйек боп қаласың. Отыр қане қасыма, Тамақтанып аласың (Қуыршағын алдына алып отырады) Жүргізуші: Әйгерімнің осы сәт, Анасы үйге кіреді. Тағат таппай қызының Қалын сұрап біледі Анасы: Әйгерімжан, бүгін сен, Тамақ ішіп көрдің бе? Қызықтап әлде ойынды, Кешке дейін жүрдің бе? Күнде саған ұмытпай, Тамағыңды іш деймін. Тіл алмайсың қырсығып, Осы сені не істеймін (отырады) Жүргізуші: Анасының артынан, Аптығып әже кіреді. Ол – дағы өз қызының Қалын сұрап біледі. Әжесі: Айналайын, алтыным Шаршадың ба, жарқыным. Ішпедің – ау тамақ та, Жайын ойлап жалпының. Қарашығым, қарағым, Түсіңкі ғой қабағың. Сөткемен тұрып жұмыста Болмай қалды – ау тамағын (отырады) Жүргізуші: Аналардың елжіреп, Ет бауыры барады. Әрқайсысы сұқтанып, Өз қызына қарады. Бәрі – үш ана: Қандай қиын, қараңдаршы, Қырсық мінез бала болу. Бәрінен де оңай емес, Білсеңіздер ана болу! Сергіту сәті. «Балдырған» әніне іс-қимыл көрсетіп, жаттығу жасайды Дидактикалық ойын «Мен сыйлар едім…» Тақтада бірнеше әйелдердің бұйымдарының суреттері ілініп тұр, балалар өздеріне ұнаған суреттегі әшекейді таңдайды. Дәптермен жұмыс. №12 тапсырманы орындау. Анасына таңдаған әшекейді түрлі түсті қарындаштармен бояйды.
|
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Балалардың жауаптары.
Балалар аналарын сипаттайды.
Балалар «О, Ана» тақырыбына тақпақтарын айтады.
Балалар көрініс көрсетеді.
Музыка ырғағына қарай билейді.
Балалардың таңдаңан суреттері.
Балалар дәптерде жұмыс жасайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік | — Балалар, бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылай келе «Аяулы анашым» әнін орындайық.
Қоян балаларға ризашылығын білдіріп, қоштасып кетеді. |
Балалар ән орындайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өз аналарын суреттеу арқылы әңгіме құрауды.
Игереді: өлеңде кім туралы айтылғанын.
Меңгереді: тақпақты тез жаттап алу дағдыларын.
[bws_related_posts]