Басы » Баяндамалар » Ел болашағы – саналы тәрбие мен сапалы білімде

Ел болашағы – саналы тәрбие мен сапалы білімде

Қарғалы ауданы

Кемпірсай бастауыш мектебі,

Таскалиева  Мейрамкул  Жалгасбаевна

 Ел болашағы – саналы  тәрбие мен сапалы білімде

  

         Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы –  бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі таңда мектептерде оқу-тәрбие жұмысын түбегейлі қайта құру мен жаңалап,жаңғырту жұмысы жүріп жатыр.Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімнің міндеті – әр оқушының психикалық-физиологиялық даму жөне қалыптасу ерекшелігін білумен бірге,мұғалімнің педагогикалық тұрғыда оқушылармен қарым – қатынас орнату негіздерін білу қажеттігі туып отыр. Қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин өзінің «Хрестоматиясында» баланың жас және өзіндік ерекшелігімен санаса отырып,былай деген еді: «Мұғалімнің жүмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса,онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс.Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай,жұмсақ сөйлесу,шыдамдылық етуі керек,әрбір нәрсені ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек»деген болатын.Бұл жерде ол оқытушының терең білімі «оқытушының өдістер жөніндегі өте тапшы,үстірт қана түсінігі бар екенін»айтып,білім беруде оқытушының әдіс-тәсілді жете меңгеруін қалайды.

Белгілі ақын,педагог М.Жұмабаевтың соңғы шыққан «Педагогика»

еңбегі – баланың психологиясымен санасатын,үлгі алатын еңбек.Мұғалім жаңа материалды ұғындыру кезінде зейін тұрақтылығын да ескеру қажет.

Оқушыны жалықтырмау үшін әдіс-тәсілдің технологиясын білудің           қажеттігі туады.

Қазіргі таңда дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтарды ұлттық әдет-ғұрпымызға байланыстыра өткізу нәтижелі болар еді. Қазақтың ұмытыла бастаған ойындарын пайдалану арқылы сабақ құрылысын жаңарту,жаңа үлгіде өту оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырары сөзсіз. Ана тіліміздің қасиетін алдымен,қазақ оқушыларының бойына,ойына,салт-санасына сіңіруіміз қажет.

Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі — танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.
Оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұғалім өндірістің дамуына ғылымның қалай әсер еткенін айтып, білімділік еңбек өнімділігін арттырып, жаңашылдыққа әкелетінін дәлелдейді.
Қазіргі заманда  еліміздің мектептерінде заманауи көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер  көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.

Сонымен қатар сабақта оқыту,түсіндіру әдістерін жаңартып,түрлендіріп отыру керек. Мысалы: тәжірибелік,мәселелік,түсіндірмелі-иллюстративтік,зерттеуәдістері,индукциялық,дедукциялық тәсілдер
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипаты және әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді:
• белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;
• білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.
Жаттығулардың ерекшеліктері:
Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді, оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі — ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар,кесте құрастыру, диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі.
Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді қолданып, көптеген жаттығулар жазады.
Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер.
Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар:
• оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы;
•жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға, оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.
Қазір ақпараттар техникалық құралдар арқылы да берілуде. Олар арқылы ғалымдармен, жазушылармен, суретшілермен, әртістермен, т.б. кездесу өткізуге болады.
Мәселелік әдісті қолданғанда оқушылар орындайтын іс-әрекеттен шығармашылық іс-әрекетке көшеді. Мәселелік әдістің орта және жоғары сыныптарда пайдасы көп.
Қиын жағдаят мәселені шешуге керекті білімдерді, ақыл-ой жұмысына қабілетті, үлкен белсенділікті талап етеді. Оны оқушылар өз беттерімен немесе мұғалім көмегімен шешеді.
Мәселелік жағдаятты тудырудағы мақсат — оқуды қиындату арқылы оқу материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету. Мәселелік жағдаят сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді талдату арқылы жасалады. Оқылып отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы жасалады. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін естеріне түсіреді. Мәселелік әдіс оқушыларды тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді.
Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс. Оқушыға мәселені өз бетімен шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Эвристикалық әдіс арқылы сабақ өткізетін мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді.
Эвристикалық әңгіме үшін құрастырылған сұрақтар мәселелік сипатта болады. Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын көрсетеді.
Зерттеу әдісі шығармашылық жұмыс тәжірибесін жақсы үйрену үшін қолданылады. Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным әдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтайды.
Тіл мамандары сонымен қатар,қазақ тілі сабағында индукциялық-дедукциялық  тәсілдерді жақсы қолдана білу арқылы проблемалық мәселелерді шешу барысында орындалатын тапсырмаларды оқушылардың өздеріне жүктей отырып,сапалы білімге қолдарын жеткізеді.

Индукциялық тәсіл – тақырып бойынша білім беру барысында тілдік материалдардың ғылыми жүйесін,мазмұнын түсіндірудемүғалімнің дара фактілерді,дара ұғымдарды қолдану арқылы дәлелдеуі,соларды оқушылардың өзіне жинақтатып,қорытындылауы.
Дедукциялық тәсіл —  тілдегі жалпы тәсілдерді оқушылардың өздеріне іздестіру жолымен өтілген тақырыпты жинақтата отырып,мұғалімнің нақты ой қорытындылауы. Оқушылардың өздерін ойландыра отырып,алдыңғы айтылған жалпы пікірлерден жаңа ой қорытындысын шығарады.Бұл тәсілдерді жаңа тақырыпты түсіндіргенде де,бекіту сабағында да,қайталау сабағында да қолданады.
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек.   Педагог,ақын М.Жұмабаев «ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі» деп көрсетеді.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін таңдау — күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен кө-леміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Қорыта келгенде, мұғалім болашақ үшін жауапты тұлға, осы сенімді ақтайтын,ұрпақ тәрбиелеуде  аянбай еңбек етеді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ы.Алтынсарин.Алматы: Жазушы,1988.
    2. А.Ысқақов. Ана тілін оқытудың тиімді мәселелері. Алматы,1972.
  2. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы,1993.
  3. С.Қазыбайұлы. Алматы, «Рауан»1997.
  4. Ж.Нұржан. Қазақ тілін оқыту технологиясы.Алматы, «Ғылым»ғылыми баспа орталығы,2003.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *