Шахтинск қаласы
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп –лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Когабекова Аcель Тургинбаевна
«Менің елім—Қазақстан» мәнерлеп оқу сайысы
Мақсаты: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту,
Түрі: Өлеңді мәнерлеп оқу сайысы
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, суреттер
Барысы:
1- жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық.
2 -жүргізуші:
Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген.
- жүргізуші:
Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны –ақиқат, — деп сайысымызды бастаймыз.
2 -жүргізуші:
Сайыс екі кезеңнен тұрады.
1-кезең-«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас» дегендей
Туған жер ,Отан туралы ақын , жазушылардың өлеңдерін оқиды.
2-кезең- «Мен жас ақынмын» өз өлеңдерін оқиды.
1- жүргізуші:
Жас талапкерлерге өздерінің әділ бағаларын беру үшін әділ-қазылар алқасын сайлап алайық:
1. Мектеп директоры-
2.Тәрбие ісінің меңгерушісі-
3.Бастауыш сынып мұғалімі-
2 -жүргізуші:
Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі
Алтын арай таңғы жұпар самалдың. – дей келе мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс 3-4 сыныптар аралығында өтеді. Олар:
- 3 «А» сынып оқушылары –
- 3 «Б» сынып оқушылары –
- 3 «В» сынып оқушылары-
- 4 «А» сынып оқушылары –
- 4 «Б» сынып оқушылары –
- 4 «В» сынып оқушылары–
1-Жүргізуші:
«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы,-демекші, сөзді оқушыларға береміз.
1-нөмірлі сайыскеріміз
2-нөмірлі сайыскеріміз 12 сайыскеріміз
2 -жүргізуші:
2-кезең-«Отан, Қазақстан, Туған жер туралы шығарған өз өлеңдерін оқу.
1-нөмірлі сайыскеріміз
2-нөмірлі сайыскеріміз 12 сайыскеріміз
1-Жүргізуші:
Сайыскерлерге өздерінің әділ бағаларын беріп, марапаттау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Мектеп директоры
2 -жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз.
[bws_related_posts]