Басы » Тарих » Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1838жж).

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1838жж).

Маңғыстау облысы

,Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің жоғары санатты оқытушысы — Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Тақырыбы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1838жж).

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Бөкей ордасының құрылуы жайында баяндау. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық күресінің себептері мен алғышарттарымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың белсенділіктерін арттырып, тарихи білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Тарих санасы қалыптасқан, отан сүйгіштік, патриоттық сезімдері мен ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Слайд, видеоролик, сызбалар,карточкалар,сазды әуен,домбыра.

Әдісі: Ауызша баяндау,түсіндіру, картамен жұмыс, мәтінмен жұмыс,кестемен жұмыс,слайдпен жұмыс.

Сабақтың типі: Ашық сабақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Пәнаралық байланыс: География, қазақ әдебиеті,музыка,өнер.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Қайталау сұрақтары
  • 3. Үй тапсырмасын сұрау. 
  • 4. Жаңа сабақты түсіндіру.
  • 5. Сабақты қорытындылау.
  • 6. Оқушыларды бағалау.
  • 7. Үйге тапсырма беру.

Жоспар: Оқушыларды екі топқа бөлінеді(араласып отырады).

  • Студенттермен амандасып аламыз.
  • Қайталау сұрақтары

20 сұрақ:

  • Тас дәуірі неше түрге бөлінеді?
  • Ерте палеолитте қандай еңбек құралдарын қолданды?
  • Сақтардың территориясын ата?
  • Үйсіндердің астанасы қай қала?
  • Ғұндар неше руға бөлінеді?
  • Қола дәуірінің мәдениеттерін ата?
  • Қанлылар көбінесе малдың қай түрін өсірген?
  • Қазақ хандығын құрған алғаш сұлтандар?
  • Қазақ халқы неше жүзге бөлінген?
  • Жоңғар хандығы қай жылы құрылды?
  • Жоңғарларды қалай атаған?
  • Аягөз шайқасы қай жылы болды?
  • Тәуке ханның заңдар жинағы?
  • Жоңғар шапқыншылығы кезінде қайғы-қасірет әсерінен туған ән?
  • Кіші жүздің биі?
  • ХVIXVII ғ.ғ. пайда болған жырауларды ата?
  • Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі батырларды ата?
  • Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қай жылдары болды?
  • Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс неше жылға созылды?
  • 1916ж. ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілері?

3) Үй  тапсырмасын сұрау.   (3студент шығып айтып,сұрақтар қойылады)

4) Жаңа сабақты түсіндіру. (оқытушы слайдпен түсіндіреді)

Жаңа сабақтың жоспары:

а) оқытушы слайдпен түсіндіреді;

ә) 2студент өмірбаянын слайдпен+әуенмен сипаттау;

б) бейнеролик кетеді (Махамбет «Жұмыр қылыш»);

в) М.Өтемісұлының өлеңдеріне кезекті береміз;

г) «Біз, Адаймыз!»жыр-терме… орынд.Яқияев Иса

5) Сабақты қорытындылау.

Екі  топқа қойылатын сұрақ: 1836-38жж Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс ұлт-азаттық сипат ала алдыма?

6) Студенттерді бағалау: сабаққа қатысқан студенттердің барлығын «4» пен «5»-ке бағалау.

7)Үйге тапсырма: §5 оқып келу, Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістеріне сиппаттама жасап, өлеңдерін еске түсіру,қосымща әдебиеттерден қарау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *