Қостанай облысы
Таран ауданы
Б.Майлин атындағы Таран орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сарина Нұргүл Қабдырашқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың белсенді әдістері
Мектепте көптеген жылдар жұмыс істеп жүрсекте, қандай да жұмыс жасамасақта, оқушыларымыздың тек 10 % ғана табысты оқиды екен. Бұл ешкімге құпия емес. Неге? – деген сұрақ туындайды. Жауабы қарапайым: тек адамдардың 10% ғана оқығанын түсінеді және есте сақтай алатын қабілеттері бар екен. Егерде олар айтатын болса және нақты болған жағдайда қатысқанда, 90% естерінде сақтайды.Сол үшін оқыту үрдісін ұйымдастырудың тиімді формалары, жаңа педагогикалық технологиялар, яғни оқытудың белсенді әдістері (ОБӘ) қажет.
(Қатысушы ұстаздар үш топқа бөлінеді. 1-ші топ –практикалық топ, 2-ші топ – теориялық топ, 3-ші топ бағалаушы топтар болады.Коуч 1 және 2 топтармен жұмыс жасаймыз, соңында 3 топ қорытынды жасайды).
Бүгінгі шеберлік сыныбының мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының әр кезеңінде оқытудың белсенді әдістерін қолдануды үйрену.
Сабақтың басында БӘ қолдануға мысалы
Сабақты қалыптан тыс бастауға болады, оқушыларға көзбен амандасуды ұсыну.
№1 «Әр күнге арналған рецепт» жаттығуы.
Алдымен күнді алып, оны көре алмаушылықтан, өшпенділіктен, қайғыдан, қытымырлықтан, бірбекейліктен, қарабасының қамын ойлаушылықтан, бәрібірліктен, сен тимесең – мен тимеден тазалаймыз.Сосын оған барлығына қатысты үш толы ас қасық оптимизм, бір уыс сенімділік, бір қасық шыдамдылық, бірнеше тал төзімділік,бір уыстай сыпайылылық және тәртіп қосамыз.Дайын болған қоспаға МАХАББАТТЫ құямыз.Енді дайын болған асты әсемдеуіміз керек: оны мейірімділік пен ықыластың жапырақтарымен әрлеп, адамгершілік қасиетімен безендіреміз.
Ұқсас жаттығулар: «Көзбен амандасу» жаттығуы және т.б.
Мақсаты – жұмысқа оң көңіл қою, оқушылардың арасында жақсы қарым –қатынас орнату.
— Құрметті ұстаздар бізде мастер –классымызды осы жаттығудан бастауымызға болады.
Мен барлығыңмен осылай амандасамын, сөз айтпаймын, үндемей – көзбен. Сонымен бірге, мен көзіммен, мен бүгін қандай көңіл – күйде екенімді көрсетемін.
Видеоролик «Могущая сила слов»- «Сөздің құдіретті күші» көрсету.
Мастер-класс тыңдаушыларының күтетін нәтижесі мен қауіптенулерін (кедергілерді) анықтау.
БӘ мақсаты, күтілетін нәтижесі мен қауіптерін (кедергілерді) анықтау.
— Оқушыларды оқытудың мақсаты, күтілетін нәтижесі мен қауіптерін анықтау үшін келесі әдісті қолданамыз:
№2 «Күзгі бақ» әдісі.
Бұл әдіс мұғалімге сыныпты және әр оқушыны жақсы түсінуге көмектеседі.Ал олардан алынған материалдар келесі сабақты дайындағанда мұғалімге қажет және сабақты өткізуге көп көмегін тигізеді.
Оқушыларға бұл әдіс білім алу мақсатын нақты анықтауға көмек береді, сабақтан не күтетінін және қандай кедергілер бар екенін парақтарға жазады.Педагог келесі сабақта жаңа әдістерді қолдану арқылы олады түсінуге және одан әрі не болатынын, қалай жұмыс жасау жолдарын анықтайды.
Құралдары: алдына ала 2 плакатқа салынған ағаштың суреттері керек.
- Құрметті ұстаздар бүгінгі мастер –класстан нені күтесіздер? Оны жасыл стикерге жазыңыздар.
- Неден қауіптенесіздер? Оны қызыл стикерге жазыңыздар.
- Енді өз жауаптарыңды дауыстап кім оқиды? (тілектеріңіз бойынша)
Менде сіздерден белсенді араласуларыңызда күтемін.
№3 «Бойжазу – Миға шабуыл» әдісі (5 сыныпта)
Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?
Жылқы қалай кісінейді?
Алпамыстың аты қалай аталады? (Тайбурыл)
Оны конвертке жапсырады.
Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді?
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
№4 «Бағдаршам» әдісі.
жасыл түс (келісемін),
сары түс (күмәндімін);
қызыл түс (келіспеймін)
Мен сіздерге бірнеше ОБӘ туралы ақпараттар айтамын.Егер олармен келісетін болсаңыздар, жауапты қолдарыңыздағы түстерді көтеру арқылы бересіздер.
- Оқытудың белсенді әдістері –оқушылар жаңа материалдарды игеру үрдісінде практикалық қызметі және әр түрлі ойлау қабілеттерін және белсенділігін қамтамасыз ететін — әдістердің жүйесі.(келісемін)
- ОБӘ сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады. (?)
- Сабақтың әр кезеңіне өзінің белсенді әдістері бар.(?)
- Сіз ОБ әдістерін аз білесіз.(?)
- Шеберлік сыныптың тақырыбын сипаттаңыздаршы, қандай болашақта өткізуге болады.Бізге қандай тақырыптар қажет.(Ұстаздардың жауабын тыңдау.)
Шеберлік сыныптың міндеттерін қойыңыздар:
Бүгін Шеберлік сыныптың соңында Сіздер жасай аласыздар:
- Оқытудың белсенді әдістері деген не екенін түсіндіре аласыздар;
- Оқытудың белсенді әдістерінің түрлерін басқа әдістерден ажырата аласыздар;
- Өз сабақтарыңыздың әр кезеңдерінде оқытудың белсенді әдістерін қолдану мүмкіндіктерін көре аласыздар.
— Енді, тағы да бір әдісті қолданып көрейік.
№5 «Карусель» әдісі.
— Құрметті ұстаздар, келесі әдісіміз алдымызда жүргізілген материалдар бойынша құрастырылады.Ол «Карусель немесе Әткеншек» деп аталады. Сұрақтар қайталанбауы шарт.
— Сонымен, «Оқытудың белсенді әдістері» деп жазылған қағазды алыңыздар. Мына сұраққа жауап жазыңыздар.
— 1) ОБӘ дегеніміз не? Яғни, негізгі сөздер мен негізгі ойларыңызды жазыңыздар.Топта ойланып, өз сөздеріңізді жазыңыздар. (Педагогтардың жауабы).
— Жазып алыңыздар. (ОБӘ дегеніміз — оқушылардың әр түрлі ойлану және тәжірибелік қызметі мен белсенділігін қамтамасыз ететін әдістер жүйесі).
— 2) ОБӘ сабақтың қандай кезеңдерінде қолдануға болады? (Педагогтардың жауабы тыңдау).
— ОБӘ сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады. Мысалы: (сыныпты ұйымдастыруда, үй тапсырмасын тексеру кезінде, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қоюда, жаңа сабақты түсіндіргенде,сабақты бекітуде, алған білімді қорытуда,өздік жұмысты ұйымдастырғанда, сабақтың нәтижесін жасағанда, кері байланыста ).
— Сабақтың кезеңдерінде нақты міндеттерін тиімді шешетін сабақтың әр кезеңіне өзіңіздің белсенді әдістеріңізді қолдануға болады.
— Біз сіздермен бірнеше ОБӘ түрлерімен таныстық, оларды атаңыздар және өздеріңе жазып отырыңыздар. («Әр күнге арналған рецепт», «Күзгі бақ», «Бойжазу – миға шабуыл», «Бағдаршам», «Карусель»әдістері.)
«Карусель» әдісінің сұрақтар: (қосымша сұрақтар)
- Оқытудың белсенді әдістері деген не?
- ОБӘ түрлері қандай?
- ОБӘ-н сабақтың қандай кезеңдерінде қолдануға болады?
- Біз ОБӘ қандай жаттығуларын білеміз?
- ОБӘ қандай кері байланыстары бар?
- «Әр күнге арналған рецепт» жаттығуын сабақтың қай кезеңінде қолдануға болады?
- Сабақтың соңында қандай кері байланыстарды пайдалануға болады?
- «Төрт табиғи құбылыс» жаттығуын қандай тақырыптарда пайдаланар едіңіз?
- Сіз «Коллаж» әдісін қандай сабақтарыңызда пайдаланар едіңіз?
- «Домино» , «Шығыс базары» әдістерін білесіз бе?
№ 6 «Төрт табиғи құбылыс» немесе ТТҚ жаттығуы. (Сергіту сәті)
— Бұл жаттығу «Төрт табиғи құбылыс» деп аталады. Бұлар жер, су, ауа, от.
- Егер мен «жер» десем, — сіздер төменге аяқтарыңызға отырасыздар және қолдарыңды еденге жеткізесіздер.
- Егер мен «су» десем, — сіздер қолдарыңызды алдыға созып, суда жүзу қимылдарын жасайсыздар.
- Егер » ауа» десем, — сіздер аяқтарыңыздың ұшымен көтерілесіздер және қолдарыңызды жоғары көтеріңіздер.
- Егер «от» десем, -сіздер қолдарымызды жоғары көтеріп, білектерімізбен қозғалтып құйын жасаймыз. Орындаймыз.
№7 «Коллаж» әдісі.
Мақсаты: топпен жұмыс жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сын тұрғысынан ойлауға, тез шешім қабылдауға, жүйелі түрде өз ойын айтуға жаттықтырады.
Оқушылар топпен жұмыс жасау барысында парталардың арасында қозғала алуы шарт. Сынып парталары арасы бос болуы керек.
- Сынып оқушылары 2-3 топқа бөлінеді.
- Әр топқа бір сөз немесе бір тақырып беріледі.Осы тақырыптың айналасында қолдарындағы бар материалды қолданып көрсетулері қажет. (газет, журнал, суреттер, қайшы, желім, картон, түсті қағаздар, маркерлер, фломастерлер). Мысалы: аяқ киім (суреттерден қиып түрлерін көрсету, қай мезгілде киетінін айту, оларға анықтама жазу және т.б.)
- Коллаж қызықты болу үшін мұғалім критерийлер қоюға болады.
а) уақыт белгілейді (1 ұпай);
б) бірнеше түстерді қолдану (1 ұпай);
в) сөз тіркестерін жазуға (1 ұпай);
- Жұмыс аяқталған соң басқа топтың жұмыстарымен танысу керек.
- Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
- Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
- Өздерін бағалауға уақыт береді.
Сергіту сәті. «Ит — жеті қазынаның бірі» әңгімесін айту.Әңгіменің соңын айтпай тоқтату керек.
Фокус топқа тапсырма: — мына берілген суреттер мен сөздерден «Оқытудың белсенді әдістері» атты тақырыпқа құралдармен қиып, сабақтың қай кезеңдерінде, қалай қолданатындарың туралы Коллаж жасаңыздар.
Фокус топ жұмыстарын аяқтауға 7-10 минут беріледі.
№8 Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
Мақсаты: Топпен және жеке жұмысты бағалау, өз жұмысын жақсарту, тапсырманы орындауға әр түрлі тәсілдер табуға жаттықтыру.
Ұйымдастыру: оқушылармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі басқаруға үйретеді.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылар сыныптың ішінде еркін қозғала алады, бір – бірінің жұмысымен танысуға мүмкіндіктері болуы керек.
- Ең алдымен өз жұмысын бағалайды.(төменгі 3 ретте берілген)
- Басқа топтардың жұмысымен танысуға мүмкіндіктері беріледі.
- Әр оқушыға бірнеше стикерлер беріледі.Осы стикерге өздеріне ұнаған екі сәттерді жазады және жұмысты жақсарту үшін бір тілектерін жазуы керек.
- Өз топтарының жұмысына қалдырғ ан тілектермен танысады, уақыт болса, жақсы тілектерін оқуға болады.
- Жұмыстарын жақсарту үшін қалдырған тілектердің тізімін жасайды да, топта өзара талқылайды.
Шеберлік сыныпты қорытындылау .
Шеберлік сыныпты қорытындылай келе келесі әдісіміз «Ақылды кеңес».ОБӘ технологиясымен әлі де таныс емес мұғалімдерге өздеріңіз білетін әдіс- тәсілдерді айтып үйретіп жүріңіздер. Бір-бірлеріңізден қызғанбаңыздар, сонда ғана біздің еңбегіміз алдыға жылжиды, сонда ғана технологиялар тарайды, қолдану аясы кеңейген сайын олар өзгеріп, түрленіп отырады, технология өзгеруі қажет, бір жерде жатып қалмауы қажет.
— Кімді осы ОБӘ қызықтырды, мен өзім дайындаған мақаламды сіздерге ұсынамын.
— Қорытындылай келе, барлықтарыңызға жұмыстарыңызға табыс тілеймін және ескертемін, әр таңдап алынған әдіс сіздердің мақсаттарыңызға, міндеттеріңізге, сабақтың тақырыбына, оқушылардың ерекшеліктеріне сай болуы қажет, міндетті.
Ұмытпаңыздар, оқытудың белсенді әдістері өте эмоциональды, сондықтан оларды біртіндеп енгізу керек.
Теориялық топқа тапсырма. Онда үш-үш адамнан 6 адам болуы керек. Құрметті ұстаздар, сіздер берілген әдістерді және жаттығуларды оқып шығып, топта талдап, оларды сабақтың қай кезеңдерінде қолдануға болатынын ашып жазыңыздар немесе баршаға айтып кетіңіздер. (Теориялық топтың жауаптары)
І нұсқа бойынша сіздерде: ІІ нұсқа бойынша сіздерде
- «Мен кіммін?» жаттығуы. 1) «Ешкім білмейді?» жаттығуы.
- «Стикердегі сұрақтар» әдісі 2) «Шығыс базары» әдісі
- «515» әдісі 3) «Бағдаршам» әдісі.
- «Бес саусақ» әдісі 4) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
[bws_related_posts]