Басы » Тарих » Шоқан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»

Шоқан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

3 орта мектеп

 Шоқан Уәлиханов  «Жоңғария очерктері»

Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады.Бірінші кезең менің Жоңғарияға, яғни Жетісу мен Іле сыртындағы өлкеге және Ыстықкөлге баруым.Бұл жерлердің физикалық сипаты Сібір штабының түсіріп алған жақсы карталары бойынша да әбден мәлім болатын.Ал ғылыми жағынан оларды Шрень,Клангали,Семенов және Головей мырзалар зерттеп өткен.Алайда олардың бұл мәліметтері тек физикалық,география мәселелері ғана қамтып этнография мәселелерін мүлде қозғамаған.Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым.Онда полковник Коментовский бастаған алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым.Сонан соң Ғұлжада 3 ай тұрдым.Сөйтіп,Жоңғарияда барлығы бес ай болдым.Бұл өлкені Алакөлден Тянь-Шаньға дейін түгел аралап шықтым.Ал Тянь-Шань тауына сол жылы Шырғалақ өзенін бойлап шықтым.Жоңғар Алатауының бөктерінде терең із бар.Бұны қазақтардың айтуына қарағанда құландарды қыру үшін Жәнібек хан қаздырған екен.Ханның жас баласы атқа отыруға үйреніп жүрген кезінде,оның атын құландар өз үйіріне ілестіріп әкетіп баласы қаза тауыпты.Содан кейін Тарбағатайдан Ілеге дейін ор қаздырып,Жоңғарияның барлық құланын соған құлатып өлтіріпті.Ордан ұрғашы бір құлан құтылып,Балқаштан әрі өтіп,өзінің ұрпақтарына бұл жаққа енді жоламаңдар деп өсиет қалдырыпты-мыс деседі.Қазіргі уақытта Жоңғарияда екі түрлі халық тұрады.Бураттар немесе нағыз қырғыздар және жалпы алғанда үйсін деп аталатын ұлы жүз қазақтары.Бұлардың арасында молаттары бөлек өздерін көп және күшті халықтың қалдығымыз деп санайтын сары үйсін деген ұрпақ болатын.Көптеген қырғыз қазақтардың ертегілерін,мифтерін,эпос,жырларын және аңыздарын жинап жүріп олардың Еуропа халықтарының әсіресе славяндардың сол сияқты шығармаларының ұқсастығына таңғалдым.Бастапқы кезде мен бұл фактны Абель,Ребизаға еліктеп Үнді-Герман Орта Азия жерлерінде татар тұқымдарымен бірге өмір сүрген уақыттағы әсерінен және араласып кетуінен болған ғой деп түсіндім.Енді мен бұл мәселені шешудің кілтін Ұлы жүз бен қырғыздардың арасынан табармын.Сөйтіп өз жинағым үшін материалдар жинап алармын деп үміттеніп едім.Бірақ,ойым жүзеге аспай қалды.Мен бұл жерлерден бірде-бір ел кезер әнші,рабсот,бірде-бір жыршы боузер таба алмадым.Оныма қатты өкінемін,тіпті өлең-жырдың өзін сирек айтады екен.Ал айта қалса қара жорға туралы ғана айтады екен.Оның ішінде ән ырғағы әрқашан ойды айналып болып келеді екен.Поэзиядан құр алақан қалғанын үйсіндердің өздері де мойындайды.Олар былай дейді:бір кезде өлең жырлар олардың жанды татуласып жер жүзін кезіп ұшып жүріп үйреніпті,ән үйреніпті,ол ән біреулерге қонақ болыпты,ал біреулер арыстан дауысты естіп қалыпты,кейде ол Орта жүзе қонақ болып қалыпты,ал біз тек оның дауысын ғана естіппіз.Сондықтан оны ұмытыпта қалыппыз.Мен бұл жерлерден естіген ертектер мен әігімелерге қарағанда,поэзиясына қарағанда біздің қырғыздар мен ноғайлардың әндеріндей үнді-герман сарындар,славян дүниесімен араласу арқасында ғана көзім жетті.Этнографиялық очерктер …………………. мәдениеттерін тарихи хабарлар мен қырғыздардың әдебиетінің ескерткіштері.Ол …………. бірнеше …………… мақаламның …………… қадірлі мырзалар мен сіздерді ……………мұндай мәләмсіз болып келген  ……………. толығырақта ………………Ұлы жүз қазақтарына мен мүлдем тоқталмаймын.Өйткені олар қай жағынан болсада өздерінің Сібір мен Орынбор өлкесіндегі туыстарына ұқсас келеді.Халық ауызындағы  нақыл сөздер этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін ғалымдар әлдеқашан-ақ аңғарған болатын.Өйткені халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпын ондай сөздерден айқынырақ көрінетін.Ескілікті сүю ескі нақыл сөздерге бай келуге соңы.Азия мен Орта Азияны көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып табылады.Ондай нақыл сөздер не ру ескерткіштері ретінде мәселен ғұрып,аңыздар ретінде қариялар аузында қасиеттеліп сақталып не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырады.Қазіргі уақытта қолданылмайтын,айтылмайтын толып жатқан сөз құрылыстары мен сөз жүйелері өздерінің өте ерте уазытта шыққандығын көрсетеді.Шыңғыс хан тұқымы өсіп,өрбіген Гүлмәлеке ханша туралы аңыз бүкіл татар халықтарының арасына тараған.лге оны ғұндармен Аттилла туралы ертегідей ертегі деп санайды.Қырғыздардың қызыл тазыдан-езил,ұйғын және бір ханша мен соның қырық қызынан тараппыз дейтін аңызы өте-мөте ертедегі аңыз.Орта Азияның ертеден келе жатқан халықтарының өздерінің шыққан тегі туралы аңыздарының бір өзгешелігі сол оларын өздерін бір жануардан тараған екенбіз деп келеді.Қытай тарихының айтуына қарағанда гаво-гы басқаша айтқанда теле немесе чили деген халық қасқыр мен ғұнның сұлу ханшасынан тарапты-мыс. …………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

Және олардың өздерінен бастапқы редакциясының жақындығын және қырғыздардың қазіргі ұрпақтарының тұрғысынан қарағанда өте өрескел нәрселерді олардың ешбір  қаймықпастан салтанат етіп айтатыны бәрінен де жақсы дәлелдейді.Аңыздардың өте бір маңызды бөлігі шежіре жөніндегі аңыздар болып табылады.Ру туралы осы аңыздарға негізделген рулардың бір-бірімен қарым-қатынасы ру басыларының туысқандық дәрежесіне байланысты 1 тұқым 2-ші тұқымнан үлкендігі ата-бабаларының бұрын туғандығымен ажыратылады.Бұл жөніндегі аңыздардың маңызды болатын себебі олар бір халыққа жататын руларды және халықтың құралуын анықтайдықазақтардың,өзбектердің және ноғайлардың шежірелеріне қарағанда олар Алтын Ордамен ……………. Ордасы құлағаннан кейін түркілермен моңғол тұқымдарынан құралған одақ екендігі байқалады.Ол буруттардың шежіресіне қарағанда олардың көпшілігі түркі тұқымдас қырғыздардан құралады …………… оларға екі жат ұрпақ келіп қосылады.Бұл жат ұрпақтардың бірінен қыпшақ найман қытай рулары құралады.Олардың қырғыз халқы бола алмайтындығы шежіреде олардың бәріне қырғызбайдың баласы делініп ортақ бір атау берілгендігінде екінші бір қосылған жат ұрпақ ичкилик оларда өздерінің атасын қырғызбайдың баласы деп санайды бірақ басқа рулар оны мойындамай үшінші бөлімі нағыз қырғыздардың өздері болатын олаор оң қырғыз және сол қырғыз деп екіге бөлінеді.Олар осыдан бастап бірнеше арысқа бөлініп кете береді.Үшінші түрлі аңыздар ноғай жырлары болып саналады.Ол жырлар қазақтардың да,өзбектердің де,ноғайлардың да,қырғыздардың да арасында бар.

 

Моңғол тілінде сөйлеген көшпелі халықтардың бәрін қалмақтар деп атағандай-ақ бастапқы кезде Орта Азияда татар тілінде сөйлеген көшпелі түркі және моңғол тұқымдарының бәрі ноғай,ноғайлы деп аталуы тиіс.Ноғайлардың аңыздары он төрт ғасырдың аяғында,он бесінші ғасыр мен он алтыншы ғасырда болған.Бұл аңыздардың эпостық сияқты сипаты бар және ырғақты өлең қалпында сондықтан да олар халық әдебиетке ауыз әдебиетіне қосылады.Олардың тамашалығы сол олар халықтың рухын,ұғымдарын,әдет-ғұрыптарын,салт-санасын,тұрмыс-қалпын жақсы суреттейді.Олардың филологиялық жағынан да маңызы бар және тарихи жағынан да керегі жоқ емес.Азияда әбден кең өріс алып кеткен аңыздар мен ертегілер,өлең жырлар мен поэмалар өте көп.Академик Кастрен Лапландияда және әр елдерден Одессиядағы жалғыз көзді полинфем туралы ертегіні естіпті.Әрине олардың өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес өзгертілген түрін естіпті.Бұл ертек қазақ даласындағы жалғыз көзді дәу,алып адам жейтін жалмауыз деп айтады.Одессияның орнына қазақ халқы ер жүрек,батыр ханды келтіреді.Қырғыздардың ноғайлы заманына жататын жалғыз ғана эпосы «Манас».Манас бір кезеңге және адамның Манас батырдың төңірегіне жинақталған қырғыздардың барлық ертегілерінің,аңыздарының,ескі нақыл-сөздерінің,энцоклопедиялық жиынтығы.Бұл дала Иллиадасы сияқты бір нәрсе.Бұл орасан зор жырда қырғыздардың тұрмыс қалпы,әдет-ғұрпы,салт-санасы,географиясы,діни және медициналық түсініктері,олардың халықаралық қатынастары баяндалады.Біздің ойымызша бұл поэма жаңадан толықтырылып,өзгертілген сияқты.Оны қара сөз шумақтарынан,ертегілерден біртұтас жанрға айналдырудың өзісоңғы уақыттарда жүзеге асырылған болуға тиіс.Манас біртұтас нәрсе сияқтанып,толып жатқан жеке эпизодтан құралады.Семетай деген екінші бір эпос Манастың жалғасы болып саналады.Ал,мұны бұлардың Одессиясы деуге болады.Қырғыздар Манасты айтып шығуға үш күн,үш түн жетпейді Семетейге де сондай уақыт керек дейді.Бірақ мұнысы көтеріп айтқаны болар.Бірінші поэманың қаһарманы Жақыптың баласы батыр Манас бастапқы кезде Шу мен Талас арасындағы Ноғайлардың билеушісі деп поэманың басқа жерлерінде Әндіжан билеушісі деп аталады.Ал, кейде тіпті Самарқанның сары тегі делінеді.Тегіне қарағанда Манас ақсүйек болған емес.Яғни,Шыңғыс әулетінен емес,бірақ оның күші хандардан кем болмаған.Оның әкесі Жақып былай дейді:Мен Шудан Таласқа дейін даңқы жайылған жас Манастың әкесімін.Мен хан емеспін,бірақ хандардан кем емеспін хан Жақып деген мен болам.Манас айбарлы,сезімтал батыр ретінде суреттеледі.Поэманың өзіндегі соның сипаты мынандай ол Манас Әндежанда шала піскен нан мен Әндежанның көк алмасын жеп семіреді.Он екі жасында садақ тартты.Он үш жасында көк найза ұстап егескен.Жауын жеңді,қатын,балаларын атына өңкеріп әкететін болды,сұлу қыздарды алып қашты,батырмын дегендерді бақыртып көке дегізді.Он төрт жасында шатқалда отырған ауылдарға тиіп,асқар таулардан асырып жауларды айдап келді.Ал,он бес жасқа келгенде есепсіз көп халықты биледі.Сұңғақ бойлы Манастың қаны қары,қасы кере қарыс,жүзі суық еді.Бірақ дәні ақ,шұбар төс,көкжал еді.Батыр Манас кімге ұқсайды десеңіз ол көкжал тарлан қасқыр сияқты еді.Ашуланып,ызаланғанда Манас одан бетер айбарлы еді,одан бетер сақал мұрты түксиіп,көзі оттай жанып,аузынан жалын атушы еді.Ол бәйтеректей жіңішке тұлғасы алашықтай қырғыздар жорық кезінде үйлерді осылай дейді.Қазақтар жолыма үй дейді,орыстар лачуга деген сөзі осыдан шыққан,қабынып,ісініп кететін еді.Поэма жас Манастың өз әкесін Қараханның қызы Қанекейді айттыруға жіберуінен басталады.Поэмада Қанекейдің сұлулығы ақша беті жаңа жауған аппақ қардай,ақ бетінің қызылы қарға тамған қандай еді.Бұл ханшаның он бес жасқа толған кезі.Шашы өкшесіне жетуші еді,ақ тісі меруерттей,иісі жұпардай аңқушы еді деп суреттеледі.Манастың әкесі Жақып баласына қалыңдық іздеп,ұзақ сапар шегеді.Поэманың тілімен айтқанда оның мойыны ырғайдай,беті торғайдай болып жүдейді ақырында ол қыздың ауылына жетеді.Бірақ қыздың әкесі теріс жауап береді.Менің қызыма ханның ұлы лайық,сенің балаңа кедей бидің қызы лайық дейді хан.Манас ұрыс бастайды.Ханның қызын күшпен тартып алады.Мұнда Манас өзін өте өрескел ұстайды,өзінің әкесін тонайды.Сөйтіп қарт әкесі Жақып пен қартайған анасын шектен тыс кедейлікке ұшыратады.Бұдан кейінгі эпизодтарында ол әлсіздерді қорғайтын батыр болып шығады,қалмақтармен ұрысады.Сөйтіп өзінің батырлығын Жоңғарияның алыс түкпірінде де көрсетеді.Қырғыздар Үрүмшінің жанындағы Манас қаласы және Ертістің жоғары жағындағы Манас атты жер осы Манас батырдың атымен байланысты дейді.Көкетай ханның асы әрине Манас поэмасының ең бір қызықты жері болып табылады.Мұнда Ноғайлының Көкетай деген ханының Боқмұрын деген баласы өз әкесінің жылын беру үшін Ыстықкөл төңірегінен Қара Ертіске Алтай мен Хингалға көшіп барып,жолай Моңғол ханына паналағандығы баяндалады.Асқа барған Манас пен басқа көшпелі мұсылмандар дінсіздердің қыспағына шыдай алмай,төбелес шығарады.Содан соғыс басталады.Манас жолай ханның әскерлерін талқандап,оның өзін өлтіреді.Қытайдың жекпе-жек шыққан батырын да өлтіреді.Ақырында Манастың өзі Моңғолдың Насықхоры деген ханының қолынан өледі.Манастың баласы Семетейдің әкесінің кегін алуы Қырғыздың екінші халық жыры.Манас поэмасының бір эпизодын айтқанда Көкетай ханның асы эпизодын мен Қырғыз жыршысының аузынан жазып алдым.Бұл сірә қағаз бетіне тұңғыш түскен қырғыз сөзі болу керек.Мен қырғыз халқының бұл шығармасын орыс тіліне аударып жатырмын және метолистерді осы күнге дейін мүлдем мәлімсіз болып келген тілмен таныстыру үшін кішкене сөздік құрастыру керек.Қырғыздардың тілі басқалардан гөрі Бұхараның сөзіне ұқсас түркі тілінің бір тарауы.Бұл тілде араб пен парсы сөздері өте сирек кездеседі,тіпті жоқ деседе болады.Ал,оның есесіне моңғол сөздері мен түркі сөздері өте көп

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *