Басы » Тарих » Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі

Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі

 Фарида Несіпақынова

  Алматы қаласы №72 жалпы білі беретін мектептің

  тарих  пәнінің мұғалімі

 Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі

 ( 5-сынып Қазақстан тарихы)

 Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік интерактивті тақта арқылы ЦБР мен оқушыларға Қазакстанның аумағы бойынша әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі ретінде таныстырып, осы аймақта орналасқан жерлердің тарихи маңыздылығы туралы білімдерін тереңдету.
  • Қазақстан жер-су аттарын, орналасқан жерлерін карта арқылы көрсетіп, өзге мемлекеттермен жер аумағын салыстыра отырып оқуға дамыту.
  • Өз Отандарының тарихына қосатын үлесін байыпты айта білуге, түсіне білуге, өз туған жерін, қалаларын көркейтуге үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы. (ЦБР_9_5) «e-Learning  интернет арқылы  оқыту және тапсырмалар мен мультимедиалық  көрсетілім»
Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.

III Үй  тапсырмасын  пысықтау

  • Өздерің тұратын қала маңындағы жер-су,тау аттары олардың  шығу тарихы  туралы  не білесіңдер?
  • Еліміздегі халықтардың бейбіт  тату-тәтті  бейбіт  өмір сүріп  жатқандарына қандай жағдайлар ықпал етеді?
  • Қазақстан Республикасының картаснан мемекетіміздің шекарасын,қандай көрші елдермен шектесетіні туралы картадан көрсетіп баяндап бер.

VI  Жаңа тақырыптың жоспары:

    № (ЦБР_9_5)   Мәтінді тыңдату

  1. Қазақстан әлем картасында.
  2. Қазақстан — Еуразия кіндігі.
  3. Топонимика — жер-су атауларын зерттейтін ғылым саласы.
  4. Қазақстан Республикасы  дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің бірі. Өйткені, ол өзінің территориясы бойынша әлемдегі Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орынды иеленіп,солтүстігінен оңтүстігіне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Қазақстан солтүстік, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығысында Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытаймен, ал оңтүстігінде  Қырғыз, Өзбек және Түркімен елдерімен шектеседі. Еліміздің бас қаласы – Астана Қазақстанның солтүстік өңірінде орналасқан.
  5. Қазақ жері қаншалықты кең-байтақ болса, табиғаты да соншалықты алуан түрлі. Осы тұрғыда, әлемдік карталарда еліміздің ірі өзен-көлдері мен алып таулары айқын белгіленген. Мәселен, қазақ жерінің 10 пайызы таулардан тұрады.
  6. Қазақстан әлемдегі ірі құрлық Еуразияның дәл ортасында орналасқан, сондықтан ол «Еуразия кіндігі» болып табылады.

 

  1. Жер-су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым саласын топонимика деп атайды.

 

№1 тапсырма

Оқушылар  кесте толтырады.

 

Тарихи оқиғаларға байланысты жер-су атаулары Табиғат жағдайына қатысты койылған жер-су атаулары Тарихи тұлғалардың атына қатысты жер-су атаулары Пайдалы кен байлықтарына қатысты қойылған жер-су атаулары
       

 

 (ЦБР_9_5)   Бойынша № 2 тапсырма   «Қазақ»  сөзжұмбағын шешу

 

1 Еуразияның  кіндігі

2 Карта немісше  қалай аталған?

3 Ең  жоғарғы күші  бар нормативті  акт

4 Жер су атауларының  шығу тегін зерттейтін ғылым.

5 Қазақстанда  көмір шығаратын жер.

 

жауаптары: /Қазақстан,түпнұсқа,заң, топономика,Қарағанды/

Жаңа  сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша нешінші орында?
  2. Қазақстанды «Еуразия кіндігі» деп неліктен атайды?
  3. Елімізді жан-жақтан қоршап тұрған ірі тауларды атап шығыңдар.
  4. Топонимика нені зерттейді?
  5. Топонимика ғылымының тарихты жазуда маңызы қандай?
  6. Өз туған жерлеріңде Қазақстанға танымал тарихи тұлғалардың есімімен аталған қандай жер-су атаулары бар?

VI  Қорытынды: Өз Отанымыздың тарихын жақсы біліп, әлем картасындағы қазақ елінің тарихи-географиялық орынын  жетік меңгеру әр адамның басты мақсаттарының бірі  болуы керек. Тарихи-географиялық карталар арқылы  бізге әлемнің, соның ішінде тарих толқынындағы қазақ елінің шынайы бейнесін елестетуге зор мүмкіндік туып отыр.

 Бағалау:

Үйге тапсырма: 9-параграфты оқып келу. «Менің Қазақстаным» тақырыбында эссе  жазу.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *