Атырау облысы
Исатай ауданы
Аққыстау селосы
Абай орта мектебінің бастауыш сынып Төлекенова Шынар Сисенгалиевна
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Санды өрнектерді салыстыру»
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға теңдік, теңсіздіктер туралы түсінік бере отырып, , талдау, ынталарын арттырып, санды өрнектерді салыстыру және мәнін табу барысында есептеу тәсілдерін қолдануға жаттықтыру;
2.Есте сақтау,ойлау қабілеттерін,білім- білік есеп шығару дағдысын жетілдіру дағдыларын дамыту;
3.Топтасып жұмыстана білуге,ұйымшылдыққа, шеберлікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,слайд,стикерлер,баға түрлі түсті жапырақтар,қолшатыр АКТ презентация электронды оқулық,тапсырмалар топтамасы,жұлдызшалар,геометриялық пішіндер.кестемен жұмыс
Әдіс-тәсілдері: топтық,өздік тапсырмалар,сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері,сиқырлы шаршы,жадылық серуен,он сұрақ
Түрі: панорамалық
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Күтілетін нәтиже: Оқушылар есепті өз деңгейінде шығарып үйренеді.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
І. Амандасу
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді жүрекпен.
Сәлемдесіп алайық,
Бір жадырап қалайық
Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн,достар!
Бүгінгі күн,міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!!!
Бүгінгі сабақ ерекше өтеді. Себебі біздің сыныпқа мұғалімдер қонаққа келіп отыр.
Жаңа ғасыр ұланымыз
Жақсы оқу ұранымыз
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Санды өрнектерді салыстыру».
Сабақтың мақсатын айта кету.
Ал, балалар, көңіл — күйлеріңіз қалай?
Сабаққа дайындықтарыңыз ше?
Керемет Ынтаңыз ше?
Ендеше сабақ бастайық?!
ІІ. Топтастыру.
Жарайсыздар, олай болса қазіргі ауа райы туралы айта кетеик
Қандай мезгіл? Күз мезгілі. Күз айлары туралы әңгімелеу.Жапырақтардың түстері арқылы топқа бөлу
1 — топ « сары жапырақтар
2 — топ « жасыл жапырақтар
3 — топ «қоңыр жапырақтар
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ендеше үйге берілген үй тапсырмасына назар аударайық. Үйге қандай есеп берілді?
Әр топтан тізбектеп оқушылар сұралады
ІҮ.Жаңа сабақ
Ой қозғау
Салыстыру дегенді қалай түсінеміз?
Салыстырғанда қандай таңбаларды қолданамыз?
Кәне бәріміз есімізге түсіріп таңбаларды салып көрсетеикші.
Артық, кем таңбаларымен шығарылған есептерді қалай атаймыз?
Теңсіздік,теңдік атаулары туралы пысықталады.
Бір оқушыны шығару арқылы салыстыру,ережені пысықтау.
Өрнектерді салыстыру үшін,олардың мәнің есептеп,шыққан санды салыстыру керек. Мысалы: 30+6≤45+1
V.Бұлттар тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс. Ауызша есептеу.
30+5=35 67-7=60 89-80=9 38-8=30 50+7=57 14-6=8
VI.«Қолшатыр» ойыны. Тақтамен жұмыс.
Оқушы пікірі
Күзде жаңбыр өте көп жауады.
2 есеп
36<63 15<51 74>56 100>99 14<10+6 27<20+8
VII. Ұжымдық жұмыс 3есеп
30+5*30+7 15-6* 10+1 (35-5)+6*42-2
38-8* 39-9 18-8* 18-9 58-8*5+(56-6)
VIII. Сергіту сәті Қолдар тренингі — көк,сары,қызыл түсті саусактармен
Көк аспанның астында
Қол бұлғаймыз құстарға
Күн көзіндей жарқырап
Бөлейміз нұрға әлемді
Мейірім толы жүрекпен
Құшақ жайып көріскен
VIII. Топтық жұмыс Кестемен жұмыс
+ | 30 | 40 | 80 | 90 |
5 | ||||
4 |
+ | 6 | 5 | 8 | 7 |
8 | ||||
6 |
+ | 10 | 20 | 50 | 60 |
8 | ||||
6 |
5 есеп Суретпен жұмыс.
Сурет арқылы өрнек құру ,өрнектерді салыстыру.
7 есеп«Ойлан тап» Сиқырлы шаршы
2 | 7 | 6 |
5 | 5 | 5 |
8 | 3 | 4 |
4 | 3 | 8 |
9 | 5 | 1 |
2 | 7 | 6 |
Қорытынды.
Он сұрақ арқылы сабақты қорытынды жасалады
- Бүгінгі жаңа сабақ
- 85 санының ондық құрамы.
- Заттың құны дегеніміз не?
- Сандарды салыстыру үшін қандай таңбаларды қолданамыз?
- 5.Санды өрнектерді салыстырудың ережесі.
- Қандай өрнек түрлерін білеміз?
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен не өзгермейді?
- 8. Қандай ондықтарды білеміз?
- Ең кіші екі таңбалы сан?
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
Үйге тапсырма 6 есеп
Бағалау жұлдызшалар,төртбұрыштармен мадақтау
[bws_related_posts]