Басы » Баяндамалар » ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ  ҚАРҚЫНДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

Жансүгір Зейнегүл Қадірбекқызы

№6 орта мектебі

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында    ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»                                                                                                                              Н.Ә.Назарбаев

 

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп-  білім  жүйесінің ең  басты буыны.  Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен  еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны,  ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.
Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»  деген болатын.  Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,  тарихи танымдық, педагогикалық — психологиялық сауаттылық,  саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.  Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп,  оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Қазіргі мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес,  ізденушінің рөлін де атқару қажет.  Оқушылардың  білуге деген  қызығуын  арттыру  үшін:
— оқушылардың өздерінің ізденістерін ұйымдастыру қажет;
— өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырыпотыру қажет;
— оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек;
— сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн.
Жалпыға жаппай орта білім беру кезеңінде мұғалім оқушылардың бәрін бірдей жақсы оқытуға міндетті.  Сондықтан қазіргі кезде мектептерде жаңаша оқытуға көшу жүйесі жасалынды,  пән мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет- оқушылардың білім деңгейлерін барынша жетілдіру.
Оқушылардың білім деңгейлерін төмендігі — олардың қабілетінің жоқтығынан емес,  өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты — оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету.  Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс-әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор.
            В.А. Сухомлинский «Сабақ —  бұл мұғалімнің жалпы және педагогикалық  мәдениеті,  оның  интеллектуалдық байлығының өлшемі,  оның ой-өрісінің көрсеткіші» яғни, сабақ сан қырлы болған  жағдайда  ғана оқушылар үшін,  мұғалімдер үшін де қызықты болады. Заманауи сабақты дайындау және өткізу үшін  бізге кіріктіру көмек береді.

Р. Декарттың «Барлық  ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың бәрін бірден оқыту – олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай» деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс білім берудің кіріктірілген технологиясының құрамына енеді. Оның ұғымының ауқымы кең.

Философиялық – педагогикалық ұстаным жағынан бұл технология – жеке тұлғаның ойлау дәрежесі мен бүкіл адамзат қауымы санасының сан ғасырлық даму дәрежесін ретке келтіруші, үйлестіруші қозғаушы күш.

Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы – ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады.

Бүгінгі жапппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.                                                                                                                            Оқытудың жаңа технологиясы — оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Қазіргі таңда Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді

Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:

—         зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;

—         кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;

—         кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.

Осы арқылы бір дидактикалық мақсатқа негізделген оқу бағдарламаларын жасауға болады. Пәнаралық байланыс құрамдық функционалдық талдау әдісіне сүйенеді, ол әдіс белгілі бір құбылысты тұтастай құрылымдық-бөлшектеу арқылы зерттейді, осы арқылы әрбір элементтің функционалды арнаулы қызметі қарастырылады және кіріктіріліп отырған екі (одан көп) пәннің құрылымдық элементтері анықталады (мөлшері, тақырыбы, бөлімі, дәйегі, ұғымы, заңы, теориясы) т.б. Нәтижесінде жалпы білім беретін пәндердің матрицасы қүрылады. Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуда. өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы құзіреттілікке алып келеді. Жүргізілген сараптамалар нәтижесі гимназиялардың оқу жоспарының 48 пайызы танымдық – ақпараттық құзырлылықты қалыптастыратынын көрсеткен.

Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.

Ұлы Абайдың «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болуы керек; екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну (үлгі) керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; төртінші ой-кеселді нәрселерден қашық болу керек» деген пікірінде оқушының жалпы құзіреттілігін қалыптастыру мәселесі жатыр.  Яғни оқушы ақыл (таным) арқылы ғылымды игереді. Ғылымды игеру үшін ол тек қабылдаушы ғана емес, өзінің танымдық қызметін ретке келтіруші, танымдық үрдістің өн бойында және оның нәтижесінде рефлексия жасаушы дәрежесіне көтеріледі.

Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Кіріктіру – бұл бір оқу мазмұнының  әр түрлі саладағы жан-жақты  білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.                                                                                                                                        Оқу үрдісінде пәндерді  кіріктіре оқыту:
-ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;

— сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;

— жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;

-білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан  жүзеге асыруға;
-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
-оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;

-сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
-оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;

— олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

Кіріктірілген білім негізінде оқушылардың білімі критериалды бағаланады. Критериалды бағалау дегеніміз –  оқушының білімі мен білігін алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның негізінде оқушыны бағалау. Критериалды бағалау кезінде алдын-ала бағалау шкаласы белгіленіп, оқушының алдына соған жету жоспары қойылады. Бағалаудың мұндай жүйесі білім алушының кемшіліктерін өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады,  бағаның айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ үрдісінде өткен тақырыпты қалай түсінгендігін мұғалімге күнделікті саралап отыруына жағдай жасайды. Осының барлығының негізінде мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс бағалаудың жалпы негізін ашады.  Яғни, критериалды бағалау оқыту – тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады.

Әлемде білім беру ісінің нәти­жесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте біз үшін оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін өмірлік тәжірибеде қаншалықты пайдалана ала­тын­дығы маңызды болып отыр. Ал біздің еліміздегі білім жүйесінде басым жағдайда оқушылар өздерінің алған теориялық білім деңгейімен бағаланып, сонымен ғана шек­теліп жататыны белгілі. Осы орайда оқушы білімін критериалды бағалау — педагогтарға нақтылық алып келетін бірден-бір жүйе.

Қазіргі таңда Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді. Осы мақсатта Зияткерлік мектептердің үздік практик мұғалімдері мен стратегиялық әріптесіміз – Кембридждің Халықаралық емтихандық кеңесінің кеңесшілері бірігіп, Кіріктірілген білім беру бағдарламасын  яғни жаңа бағдарлама жасап шығарды.

Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылатын білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.

Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге алады. Олар:

  • құрмет;
  • әріптестік;
  • азаматтық  жауапкершілік   қалыптастыру ;
  • ашықтық ;
  • өмір бойы  білім алу;

Белгіленген  құндылықтар аясындағы мектептердің  мақсаты – жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып,  дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау.

Кіріктірілген білім бағдарламасымен білім алған мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады. Нақтырақ айтқанда:

  • сын тұрғысынан ойлау;
  • білімін шығармашылықпен пайдалана білу;
  • зерттеушілік дағдылары;
  • АКТ дағдылары;
  • топта және жеке шебер жұмыс істей білуі;
  • коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда);
  • қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары секілді бірнеше дағдылар қалыптасады.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL), т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі.                                                                       Кіріктірілген  білім бағдарламасының  басымдылығы неде  және бүгінгі күні ол қандай? Жалпы білім беретін мектептер де осы бағдарламаны басшылыққа алса, қалай болады?  Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу  үшін  « Заманауи сабақты дамыту ресурстары:  интерактивті  технологиялар мен пәндерді кіріктіру» тақырыбы бойынша Зияткерлік мектептердің  Кіріктірілген білім беру бағдарламасын басшылыққа ала отырып, эксперименттік алаңдар ашып, кіріктірілген сабақ оқушыға құбылысты толығымен көруге мүмкіндік беретініне, екі пәннің (олар одан да көп болуы мүмкін) тоғысу нүктесі сабақтың шыңы, яғни оның  мақсаты болатынына,  бастауыш  мектеп оқушысының ой әрекеттерінің  қуатты  ынталандырушысы  бола алатынына көз жеткізсем деймін.

Қорыта айтқанда,әлемдік өркениет жолындағы үздіксіз даму кезеңінде  білім мен ғылымға баса назар аудару өзекті мәселелердің бірінен саналады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «Бәсекеге қабілетті экономика үшін» жолдауында: «Білім берудегі жаңалық – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -делінген. Немесе  бұл орынды пікірді Елбасымыздың тағы бір: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» — деген пікірімен жалғауға болады.                                                                                               ХХІ ғасыр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ғасыр екендігін ескерсек, сол ғасырда  үздік  оқытудың үлгісі бола алатын көшбасшы, ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыратын ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ұстаздың азаматтық парызы. Өйткені білім негізі мектепте қаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Красноборова А.А. «Критериальное оценивание в школе» учебное пособие, Пермь, 2010г.

 

  1. Красноборова А.А. «Оценка проектных заданий школьников» учебное пособие, Пермь, 2010г.

 

  1. «Оценивание учебных достижений учащихся». Методическое руководство. Бишкек, 2012г.

 

  1. «Критериальное оценивание в начальной школе». Пособие для учителей (Из опыта работы) Е.И.Матвеева, О.Б.Панкова, И.Е.Патрикеева. Москва, 2011г.

 

  1. Иманбекова Б., Әбдіреймова К, Маз\заржанова Қ. «Сабақ – оқытудың негізгі формасы». Алматы, 2003 жыл.

 

  1. Информатика негіздері журналы, 2008 жыл, №6

 

  1. Информатика негіздері журналы, 2010 жыл, №2

 

  1. 12 жылдық білім» Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журналы, 2006, №2.

 

 

Аннотация

 

З.Қ.Жансүгірдің «Оқыту үрдісінде қазіргі заманғы қарқынды технологияларды енгізу» тақырыбында жазылған педагогикалық идеясы қазіргі заман талабына сай инновациялық мәселелердің бірі. Оқытудың жаңа үлгісі- кіріктіріліп оқыту идеясы жан- жақты ғылыми зерттеулермен дәлелденіп, айғақталған.

Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Кіріктіру – бұл бір оқу мазмұнының  әр түрлі саладағы жан-жақты  білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Болашақта  кіріктіріп оқыту идеясының көкейтестілігін  « Заманауи сабақты дамыту ресурстары: интерактивті  технологиялар мен пәндерді кіріктіру» тақырыбында эксперименттік алаңын  ашып, Зияткерлік мектептердің  Кіріктірілген білім беру бағдарламасын басшылыққа ала отырып, заманауи әдістерді пайдаланып,  дәлелдесем деген   педагогикалық идеясы  жаңашылдық жобаға сұранып тұрғаны сөзсіз. Жаңашыл идея авторы өзінің кәсіби және шығармашылық қабілетін көрсете білген.

 

Аннотация жазған:  Мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С.Е.Оңғарбаева

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *