Жамбыл облысы
Тараз қаласы
Тұрар Рысқұлов орта мектебі
Мұғалім: Бийимбетова Қойсын Смамутовна
Сабақтың тақырыбы: Кестелеу технологиясы. «Инені алға тігісі»
Сабақтың мақсаты: халқымыздың қол өнері , көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру
Білімділік: халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту. «Инені алға тігісі» тігілу технологиясын үйрету,
Дамытушылық : шығармашылық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік : ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғаммен жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сарамандық
Әдіс-тәсілдері: баяндау, , сұрақ –жауап, теориялық білім және сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, бейнелеу
Көрнекіліктер: видеоматериал, мата, жіп түрлері, қайшы, схема, суреттер.
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. . Ұйымдастыру Сәлемдесу.
«Шаттық шеңбері» балалар шеңбер құрып тұрып , бүгінгі күнге тілек айтады.
Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
1. Қол тігістерінің қандай түрлері бар?
2. Кестелеу дегеніміз не?
3. Сабақтаулы ине тігілер алдында матаға қалай бекітіледі?
4.Жұмыс орны дегеніміз не?
5.мата неден тұрады?
- талшықтардың түрлері
Психологиялық дайындық.(1минут)
Гүл ексең терлеп
Мұның аты еңбек
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты еңбек
қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек
Қызығушылықты ояту (2 мин.)
Мақалдың жалғасын тап.
Кесте туралы
1. Кестенің сыры түрінде, Кілемнің сыры ………………. (түгінде)
2. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз …………………..(сынайды)
3. Қыз еркем, кестесімен ……………………… (көркем)
4. Ұл еркем, өрнегімен ………………………… (көркем)
5. Шебердің қолы ……………., шешеннің тілі ………………..(ортақ) )
6. Шеберді өнер ………………….(асырайды)
7. Шебердің ісі ……………, шешеннің сөзі ……………..(мерген) )
8. Білім – инемен …………………….(құдық қазғандай)
9. Іздей білген ирімнен де ине ……………(табады
10. Жүніне қарай матасы, теміріне қарай ………. (балтасы)
Жаңа сабақ🙁8минут)
Мағынаны тану
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады
Кестелеу өнерінің сан ғасырлық тарихы бар.кестемен киімдер, ою-өрнектер салынған.Кестеленген бұйымдар сәндік ретінде де пайдаланылады.кестелеу жіп бисер және басқа да элементтер арқылы әшекейлеу технологиясы.Кестелеуге арналған жіптер негізгі матаның түсімен қалыңдығына сай болуы керек. Қазақтың белгілі суретшісі Ә. Қастеев былай деген:
Өнерді таудың бұлағынан
Қойдың құлағынан
Апамның киізінен
Ешкінің мүйізінен үйрендім деген.Қазір тәжірибе барысында сіздер өткір , үшкір заттармен жұмыс жасайсыңдар.
Адасқан әріптер
НЕИ
ЫШАЙҚ
ПЖІ
ААТМ
Шыққан сөздерге байланысты қауіпсіздік ережесін еске түсіру
1.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
2. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.
3. Инені киімге қыстыруға болмайды.
4. Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.
5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.
6. Жіпті қысқа сабақтау керек.
- мата кестеге сай гүлсіз мата болуы керек.
Видеоматериал көрсету 1минут
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)
Сарамандық жұмыс
Нұсқау карта ( тарату)
Инені алға тігісі –тігістің ең көп таралған түрі. Ол инені соңғы инешаншымнан алға жылжыта отырып, матаны тесіп өткенде пайда болған инешаншымдардың үзік-үзік сызығы болып келеді. Инешаншымдардың арақашықтығы мен ұзындығы бірдей болуы керек.(күй ойнатылады)
ББҮ (2 мин.)
ББҮ-ны толтыру ББ бойынша флипчартта жазу
Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?
Бағалау (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Үйге тапсырма (1 мин.) Жұмыстарын жалғастыру
Жұмыс орнын жинау (1мин)
[bws_related_posts]