Қостанай облысы
«Арқалық қаласы әкімдігі
білім бөлімінің М.Әуезов атындағы
жалпы орта білім беретін №5 мектебі» ММ
музыка пәнінің мұғалімі
Сейдагалиева Жамига Галимовна
Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылымитехникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдерқатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ.Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақжүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым — әрбір сабақтың оқу — тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.Өз пікірінде көрнекті педагог
В. Сухомлинский «Өнер- өнегелі , ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті.
` Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Мен осы бағытарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: Интерактивтік тақтамен жұмыс, мультимедиалық көрініспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, — жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа , айтыс өнеріне үйретуде — ән – саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет.
Олар мыналар:- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін мүмкіншілігін түсіну:
— Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау:
— Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу:
Музыка пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыка әр саласындағы белгілі композиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі композиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты композиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты компазиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздері де, сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындайды. .
Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының артатыны сөзсіз. Оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс тәсілдері болып табылады. Бұл-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, музыкаға деген бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арсында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.
Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнату
Атап айтсам: Кім шапшаң?, Әуенді тап, Сөз жұмбақтар т.б сонымен қатар ұлттық музыка әлеміне байланысты сабақты түрлендіріп өткізуге жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орыны орасан зор.
Қобыз — бағзыдан келе жатқан таңғажайып аспап
Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген.
Аспап ысқысы бар аспаптардың қатарына жатады. Мұндай аспаптар Орта Азия, Повольжья, Закавказья, Сібір халықтарында сақталған. Әр халықтың ысқылы аспабының атаулары басқа болғанымен, ойнау тәсілдері ұқсайды.
Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады. Төменгі бөлік терімен қапталып, оған тиек қойылады. Екі ішегі жылқы қылынан тартылады. Аспап мүмкіндігі зор, әрқилы дауысты, оның ішінде табиғи дыбыстарды айнытпай шығарады.
Қобыз сөзі «қобыздан шыққан дыбыс» деген мағына береді. Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш-қуат береді. Аспап туралы осындай қызықты мәліметтерді бере отырып, оқушының ұлттық аспапқа деген құрметін, қызығушылығын оятамыз.Әрі қарай осы аспап туралы тапсырмалар, ойнау шеберлігіне байланысты ережелермен таныстырамыз. Қобызда ойналатын күйлерді тыңдату баланың әуенді қабылдау қабілетін дамытады. Әр сабақты жауапкершілікпен, қызығушылықпен өткізсе, оқушылардың музыка пәніне деген сүйіспеншілігі артатыны сөзсіз
[bws_related_posts]