Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Есік қаласы, Есік педагогикалық-экономикалық
Колледжінің информатика пән мұғалімі
Мұратбекова Бахыт Жайыққызы
Excel графикалық мүмкіндіктері .Диаграммаларды құру
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Тобы: | 110 | |||||||
Пәні: | информатика | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | Excel графикалық мүмкіндіктері .Диаграммаларды құру | |||||||
Оқу мақсаты: | Диаграммаларды құру жолдарын үйрену | |||||||
Табыс критерийлері | ||||||||
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: | ||||||
а) Excel-дегі Microsoft диаграмма ұғымы,түрлерін біледі | а) Диаграмма жасау қадамдарын және редакциялауды біледі | а) Excel-дегі диаграмма жасаудың 1-3 түрін жасап көрсетеді | ||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | мақсаты | Мұғалім не істейді | Оқушылар не істейді | Бағалау ресурс | ||
5 мин
|
Ұйымдастыру
Сыныпты түгендеу Амандасу, психология-лық ахуалды орнату |
Гистограмма, дөңгелек
Конустік диаграммаларды құрастыру суреттері арқылы топқа бөлу |
Ұйымшылдыққа,
бірін-бірі тыңдауға үйрену |
Жақсы позитивті көңіл-күймен амандасу | Берілген суреттер арқылы топтастыру | Гистограмма, дөңгелек
Конус суреттері |
||
8 мин
|
Білу
Миға шабуыл
|
1Балалар, сендер құрастырған суретте не бейнеленген екен?
Диаграммаларды қайдан кездестіртіңдер? Диаграмма не үшін қолданылады деп ойлайсыңдар? 2Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау 1. Тінтуір көмегімен Microsoft Excel бағдарламасының терезесінің элементтерін сәйкестіріңіз 2. Ұяшықтарды біріктіру амалдарын орындаңыз 3. Стандартты құралдардың қолдану қызметтерін көрсетіңіз |
Диаграмма жайлы негізгі түсініктерді қалыптастырады | Cұрақтар қояды?
|
Оқушылар өз жауаптарын айтады. Электронды оқулықтағы тапсырмалар-ды интерактивті тақтада орындайды | Бағалау критериі бойынша
|
||
15 мин
|
Түсіну
Жаңа сабақ |
1-топ
Microsoft Excel-дегі диаграмма түрлері 2-топ Диаграмма жасау қадамдары қандай? 3-топ Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру |
Әр топта оқушыларын бір-бірімен ақылдасып,бірлесіп тапсырманы орындайды. | Әр топ барып олардың сұрақтар бойынша не айтқанын бақылау. Сұрақтан ауытқып бара жатса түрткі сұрақ қою | Әрбір топ постер арқылы сұрақтарын қорғайды | А3,маркерлер
Сұрақтар жазылған слайд |
||
15мин
|
Қолдану Компьютерде іс-тәжірибе | 1 практикалық жұмыс: Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз. Қазақстан-2017 Универсиадаға келген қонақтардың үлттық құрамы(%) 2 практикалық жұмыс Тапсырма: Колледжіміздегі есептеу техникасының мамандығына түскен әр жылдардағы оқушылар саны «Барлық оқушы саны» деген жолды Автосумма арқылы қосып шығарыңыз. 3. практикалық жұмыс Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)
|
Теориялық білімін практикада қалай қолданылатын тексеру | Оқушылардың берілген тапсырмалар-ды орындауын қадағалау. | Компьютерде оқушылар жеке тапсырмалар орындайды | Критерий арқылы бағалау | ||
7 мин
|
Талдау
Өткен сабақты пысықтау |
Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау
1. Диаграммалардың атын түрі бойынша сәйкестендіріңіз 2. Өрнектер шеберін пайдаланып қорытынды шығарыңыз 3. Диаграмма шеберін пайдаланып диаграмма құрыңыз
|
Бүгінгі тақырып бойынша оқушының не түйгенін білу? | Студенттерге электронды оқулықтан тапсырма беру | Оқушылар тақырыпты бекіту мақсатында электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындайды | Критерий арқылы бағалау | ||
5 мин
|
Жинақтау. Активвойт тесттік құрылғысы арқылы білімдерін қорыту. | Активвойт тесттік құрылғысы арқылы білімдерін қорыту.
Тест сұрақтары 1. Жол мен бағанның қиылысуы нені білдіреді? a) ұяшықты; b)сызықтық кестені; c) тіктөртбұрышты кесте;.d) блок 2. Бастапқы деректермен қайсібір операцияларды орындаудың нәтижесі болатын ақпараты: a)алғашқы ақпарат; b) туынды ақпарат; c) формулалық деректер; 3. Қазіргі компьютерлерде қандай кестелік процессор кең тараған? a) SuperCalc b) Microsoft Excel; c)VisiCalc d)Microsoft Word. 4. Электрондық кестеде дерек сақтауға арналған ең кіші элементі: a)баған; b)ұяшық; c)жол; d)ұяшықтар диапазоны; e)бет. 5. бесінші жол мен үшінші бағанның қиылысуында тұрған ұяшықтың адресі: a)5С; b)С5; c)3Е; d) Е3 e) 35; f) 53 6. Электрондық кестедегі іргелес ұяшықтар тобы: a) жол; b) блок; c) баған; d) кесте; e)адрес. 7. Бес жолдан және бес бағаннан тұратын кесте берілген, үшінші жол қандай адреспен анықталады? a)А1:А5 ; b) С1:С5 ; c) А3:Е3 ; d) А3:С3 ; e)А1:Е5; f) С1:С3 ; 8. Бес жолдан және бес бағаннан тұратын кесте берілген, үшінші баған қандай адреспен анықталады? a)А1:А5 ; b) С1:С5 ; c) А3:Е3 ; d) А3:С3 ; e)А1:Е5; f) С1:С3 ; 9. Бес жолдан және бес бағаннан тұратын кесте берілген. Екінші мен үшінші жолдардың және бірінші мен екінші бағандардың қиылысуларында тұрған ұяшықтар диапазоны қандай адреспен анықталады? a)А2:В3 ; b) В2:А2 ; c) А3:В2 ; d) В1:С2 ; e)С2:В1;; 10. А4: Д6 адресімен анықталған блокта неше ұяшық бар? a) 2; b)4; c)6; d)8; e) 10; f) 12.
|
||||||
5мин | Рефлекция Бағалау | Бағалау критериі бойынша студенттер бағаланады, бағалау қорытындысы диаграмма түрінде шығады. Студенттер өз білімдерінің қандай нәтиже бергенін интерактивті тақтадағы диаграммадан көре отырып саралайды | Өздеріне сараптама жасауға,өз ойларын толық жеткізуге үйрету | Дайын бағалау парағына студенттердің бағаларын жахза отырып, диаграмма арқылы білім нәтижелерін шығару.
Стикерлер тарату. |
Оқушылар өздерінің ойларын стикерге жазады. | Өз пікірлерін білдіреді. | ||
2 мин | Үйге тапсырма | Бүгінгі сабағымыз аяқталды.Оқушылар орындаған тапсырмалар деңгейіне байланысты бағаланды.
Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар! Диаграмма құру тақырыбын оқып келу Қосымша тапсырма: практикалықжұмысқа дайындалып келу.
|
||||||
Тапсырмалар орындаймыз!
- Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.
- Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)
1926 | 1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999
|
2009 | |
Қазақтар | 57,1 | 38 | 30 | 32,6 | 36 | 39,4 | 50,7 | 63,3 |
Орыстар, украиндар, белорустар | 33,1 | 51,5 | 52,1 | 51,1 | 48,1 | 44,3 | 37,7
|
23,3 |
Басқа ұлттар | 9,9 | 10,5 | 17,9 | 16,3 | 15,9 | 16,3 | 11,6 | 13,1 |
- Тапсырма: Колледжіміздегі есептеу техникасының мамандығына түскен әр жылдардағы оқушылар саны «Барлық оқушы саны» деген жолды Автосумма арқылы қосып шығарыңыз.
2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл | |
1211 | 95 | 102 | 89 | 83 |
1221 | 84 | 95 | 106 | 83 |
1231 | 96 | 86 | 93 | 104 |
Барлық оқушылар |
- Қазақстан-2017 Универсиадаға келген қонақтардың үлттық құрамы(%) мен туының суретін қою.
1-топ
Microsoft Excel-дегі диаграмма түрлері
Диаграммалар — мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграмма бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel — де 14 түрлі мынадай диаграмма түрлері бар:
Диаграммалар келесі типтегідей болып келеді:
Гистограмма түріндегі диаграмма.
Сызықтық диаграмма
Диаграммалар жасау үшін Диаграмма шебері пайдаланылады. Диаграмма шебері орындаған әрбір қадам барысында пайдаланушы диаграмма қандай күйде екенін көріп отырады. Кез келген сатыда артқа қайта оралып, істелген әрекетті болдырмай тастауға болады. Жұмыс аяқталған кезде экранда диаграмма пайда болады. Оның көрінісін көптеген батырмалар және пішімдеу әрекеттерінің көмегімен өзгертуге болады.
Диаграмма шеберін қолдану кезінде мынадай әрекеттерді орындаймыз:
1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз.
2. Вставка → Диаграмма мәзірін таңдап немесе Стандартты құралдар үстеліндегі Диаграммалар шебері ———- батырмасын шертеміз.
2-топ
Диаграмма жасау қадамдары
Диаграмманы салу үшін:
- Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу қажет.
- Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында ерекшелеу;
- Вставка (Қою) менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе Стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
- «Мастер диаграмм» (Диаграмма шебері) диалогтік терезесінде диаграмма түрін таңдау қажет;
- Келесі қадамға өту үшін <Далее> (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
- Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін <Готово>(Дайын) батырмасын шертуге болады, сонда Диаграмма шеберідиаграмманы құруды аяқтайды.
- Соңғы терезесіндегі <Готово>(Дайын) батырмасын шертіңіз.
Диаграмманың немесе басқа объектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тінтуірді шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диграмманың түрі мен параметрін
өзгерту үшін диаграммаға тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюіндегі қажет команданы таңдау керек. Диаграмманы жою үшін оған тінтуірді бір рет шертіп, Delete пернесін басамыз.
.
3-топ
Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру
Диаграммалардың тор, тақырыптар және аңыз (легенда) сияқты элементтері бар.
Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін пайдаланылады.
Аңыз (легенда) диаграммада ұсынылған мәліметтердің қатарын айырып тануға көмектеседі. Қандайда бір мәліметтердің (бағандардың немесе жолдардың мәндері) негізінде диаграмманы құру үшін диаграмманың таңдалынған типін құруға талап етілетін ұяшықтардың ауқымын көрсету қажет. Ал содан кейін кестелік процессорда бар диаграммалар шеберімен диаграмманы құру керек.
Диаграмманың кейбір типтерін мысалда қарастырайық: