Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектеп
Биология пәнінің мұғалімі Ерман Назгүл
Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер (жарыс сабақ)
Мақсаты: Оқушылардың жануарларға деген қызығушылығын ояту мақсатында 8 отрядқа жататын жануарлар суретін интерактивті тақтадан көрсету. Сол арқылы Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілердің 8 отрядын анықтап алу. Ерекшелігіне тоқтала отырып қысқаша сипаттама беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жарыс сабақ
1.«Біз іздендік» кезеңі:
Смайлдарды 4 топқа бөлемін және 2отрядты бөліп беремін.Мұнда оқушыларға алдын ала берілген 2 отрядты үйден зерттеп келеді
- «Менің есте сақтауым» кезеңі:
1 минутта 20 сөз оқылады. Есте қалғанын дәптерге түсіру қажет.
- Кірпі Жарқанат 11.Сілеусін 16.Қарбарыс
- Жертесер Сиыр 12.Борсық 17.Сусар
- Кәмшат Шошқа 13.Құлан 18.Мысық
- Құндыз Аю 14.Түлен 19.Қабан
- Қали Қасқыр 15.Күзен 20.Бұғы
- 3. «Білім минуты»кезеңі
Кім жылдам қойылған сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беруі шарт.
- Қасқырдың аталығы(Арлан)
- Аққудың балапаны(Көгілдір)
- Бұғының мүйізінен жасалатын дәрі(Понтокрин)
- Шошқаның аналығы (Мегежін)
- Қәзіргі жылқының арғы тегі(Тарпан)
- Барсакелмес қорығы қай жылы құрылды(1939)
- сойдақ тісі өте күшті дамыған отряд(Жыртқыштар)
- сүтқоректілерді зерттейтін ғылым(Мальмология)
- Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген терісі бағалы аң (Құндыз)
10.Аюдың ұрпағы(Қонжық)
- 4. « Биалогиялық эстафета»кезеңі
Бір жануарды атап соның соңғы әріпінен басталатын келесі жануарды жалғастыру:
Доңыз-Зебра-Ақбауыр. Жарқанат-Түйе-Елік…
- «Дыбыстан анықтау» кезеңі
«Білім беруге арналған интерактивті құралдар технологиясын» пайдалана отырып жануарлардың дыбысын анықтау.
6.«Білім минуты» кезеңі
Интерактивті тақтадан бір жануарлардың суретін және сол жануардың ағылшынша атының әріптері беріледі.Әр шаршыға дұрыс атауын тауып, әріптерді дұрыс орналастырса әуен ойналады.
— Aю, Медведь
|
|
— Піл,Слон
|
|
|
|
— Жылқы,Лошадь
Қазақша,орысша атын ауызша айтуға болады.
Сабақ қорытындылады.
Бұл сабақ топ бойынша жүреді. Сабақ соңында білімді, белсенді оқушы бағаланады.Оқушының ой- өрісін дамытып, белсенділігін арттыру үшін тиімді болмақ.
[bws_related_posts]