Батыс Қазақстан облысы
Бөкей Ордасы аудандық балалар саз мектебінің«Теория және сольфеджио» пәнінің мұғалімі ИхсановаГульфия Жоламановна
Егер сен алдыңа бір жылдық мақсат қойсаң-егін ек,бірнеше жылға мақсат қойсаң-ағаш отырғыз,
ғасырларға мақсат қойсаң-ұрпақ тәрбиесімен айналыс.
Халық даналығы
«Адамгершілік-рухани тәрбие»
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады» делінген.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің өзекті мәселелерінің бірі-жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру болып тұр. Білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа ұлттық патриотизмді қалыптастырып, адамгершілік-рухани тәрбие беру. Бала тәрбиесінің алғашқы қазығы-туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиенің маңызы зор. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, бойында ұнамды әдеттер, өзара сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар т.б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б.
Халық педагогикасы –нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті-халық педагогикасында деуге болады. Адамгершілік-адамның рухани арқауы.
Ұлы ғұламалардың еңбектерін оқи отыра біз ұлттық тәрбиенің баланы қарапайым санауға, жаттауға, оқуға, есептеуге, есте сақтауға, үйренуге қажетті ықпал ету құралы ретінде әулет дәстүрі мен тұрмыстық қарым-қатынаста қызмет етіп келгеніне көз жеткіздік.
Халық тәжірибесіндегі ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі өзегі әдіс-тәсілдер екенін айта келе оның төмендегідей жүйесін көрсетуге болады.
- Ақыл кеңес беру.
- Үлгі өнеге көрсету.
- Үйрету, көрсету.
- Түсіндіріп тоқыту, жаттықьыру.
- Салыстыру, құлаққағыс ету.
- Ынталандыру (аймалау, иіскеу)
- Мадақтау «сый-сияпат көрсету, араша түсу)
- Талап қою
ақыл айтып талап қою;
сенім артып талап қою;
өтінішпен талап қою;
қас-қабақ, ыммен талап қою;
қолпаштау арқылы талап қою;
сөгу арқылы талап қою;
шарт арқылы талап қою;
қорқыту арқылы талап қою.
Әлемдік рухани-мәдени құндылықтарды игеруді ұлттық озық мәдениет үлгілерін қастерлеуден бастау – ғылым мен білім, әр ұлттың рухани қазынасын адамзат игілігіне жарату, әдебиет пен өнер саласы, дін мен жалпы мәдениет атаулы да насихатталатын озық идеяларды оқу-тәрбие жүйесінде басшылыққа ала отырып оны баланың жүрегіне ұялату, сөйтіп ізгілік, имандылық, парасаттылық т.б. адами асыл қасиеттерді әрбір қоғам мүшесінің құрмет тұтуы-білім мен тәрбие ісінің басты қағидаты.
Ұлы ғұлама Әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- деген, олай болса білім мен тәрбие егіз екенін естен шығармай барынша бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелей отырып сапалы білім, саналы тәрбие беруді естен шығармайық.
Отбасы-болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ой-өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады.
Тәрбие-отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анағ, үлкен қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Атаны сыйлау, ата-бабаны, елді сыйлау, әжені құрметтеу. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» дегендей, білім бесігі мектептен отбасынан бастау алатындығын ата-анаға ұғындыру- ұстаздардың , яғни біздің парызымыз.
Жөргегінен бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген халқымыз адамды аздырып-тоздыратын: өтірік, өсек, еріншек, қыңыр, есер, жәдігөй т.б. сияқты мінездерден сақтанып келген. «Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деу арқылы өтірік-өсек айтудан, мақтаншақ болудан жас ұрпақты аулақ болуға шақырады.
«Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Көпті жамандаған көмусіз қалар», «Көппен көрген ұлы той» т. б. мақал-мәтелдер адамгершілікті, білікті, ел тілегін ойлауды дәріптейді. Көпшіл болу-атадан балаға ғасырлар бойы өсиет етіліп келе жатқан нұсқа. Ол халықтың ұғымында азаматтықтың, адамдықтың басты белгісі.
Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата- ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгеошілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский « Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,-дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі.
Рухан адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз-оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарға және экологияға жақсылық тілеп, жасауы. Сондықтан рухани -адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Мектептегі, ұжымдағы, отбасындағы рухани адамгершілік тәрбие баланың Отанға деген махаббатын, еңбекке тағы да басқа нәрселерге қатынасын қалыптастырады. Рухани-адамгершілік тәрбиесі алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Қазіргі есепте жасынан оқылатын халықтың педагогикалық бағдарламасында адамгершілікті құрайтын қасиеттер:
- Әдептілік
- Ұят пен ар
- Намыс
- Шындық пен әділет
- Ынтымақ пен бірлік
- Жолдастық пен достық
- Құмарлық –деп көрсетілген.
Міне, осы қасиеттің бәрін балаға халықтық педагогиканы пайдалана отырып сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттің берік іргетасын қалағанымыз.
Әрбір отбасында осы әдептілікті сақтау белгісі заңдылыққа айналу керек. Ол үшін талап қоя білу, оның орындалуын қадағалау, әрбір әулет мүшелерінің міндеті.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы жастарды ізгілік пен рухани өнегелікке, әдеби кітаптар оқуға, өзін-өзі тануға, діни экстремизмге қарсы тұруға тәрбиелеу.
Бүгінгідей бейбіт күнде бір шаңырақтың астында достығы жарасқан сан түрлі халықтың басты арманы – ұрпағының жарқын болашағы екені хақ. Осы тұрғыдан алғанда, тәуелсіз Қазақстан Республикасында ел ертеңі үшін көптеген игілікті істер қолға алынуда. Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына әр қазақстандық азаматтар мен азаматшалар, өз үлесімізді қосуға міндеттіміз! Жолдауда айтылғандай, біз бәріміз бір атаның ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Отансүйгіштік және азаматтық тәрбие беру: жағдайы, мәселелері және шешу жолдары. Алматы-2009жыл
- Өзін-өзі тану. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №8 2016ж
- Өзін-өзі тану. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №2 2016ж
- Өзін-өзі тану. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №1 2016ж
- Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. Республикалық педагогикалық журнал №9-2013ж.
- Мектептегі кітапхан Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №1 2012ж.
- [bws_related_posts]