Басы » Cыныптан тыс » ір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуге арналған сайыс сабақ

ір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуге арналған сайыс сабақ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы

Аққолтық ауылы

«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Мұғалім: Рысқұл Рауан

 Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуге арналған сайыс сабақ

Мақсаты:                                                                                              Білімділік:  Оқушылырдың  ойлау  қабілeтін, ой ұшқырлығын, оқуға  ынтасын  арттыру;          Дамутушылық:   ұйымдастырушылық  қабілетін  дамыту;                                               Тәрбиелік:  оқушылырды ұйымшылдыққа,  нақты  пәнге  қызығушылыққа,  жауапкершілікке,  өзін — өзі  тәрбиелеуге  тәрбиелеу;                                                                                            Көрнекілігі:  карточкалық  тапсырмалар, логикалық  есептер, әр топқа  даярланған  үстел, плакаттар.                                                                                                              Түрі:  топқа  сайыс  сағаты                                                                                                                      Типі:  жарыс сабақ

Жоспары:

  1. Топқа бөліну.
  2. Тобыңды қорға
  3. «логикалық есеп»
  4. Шырпымен ойын
  5. Оқулықты ұмытпайық

1-Бөлім:  Тобыңды қорға

  1. Жиын: Сынып оқушыларының жиыны-A. Сыныптағы «ШАХМАТ» үйірмесіне қатысатын оқушылар жиыны-B. B және A жиындарының арақатынастарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеңдер.

 

 

 

 

 

 

 

3.Модуль: а)       жауабы: 3; -17

в)       жауабы: 5,7; -2,3

4.Координата: Координаталық түзудегі Е(1,5) нүктесі- Д(-3) және F нүктелерінен бірдей қашықтықтағы, қақ ортасындағы нүкте.

  • F нүктесінің координатасын табыңдар;
  • D және F нүктелерінің арақашықтығын табыңдар.

ЖАУАБЫ: 

            -3           -2            -1             0          1             2       

                                                                                         

5.Процент: Кітапханадағы 25000 кітаптың 40% -і оқулықтар. Олардың 12%-і математика оқулықтары. Кітапханада математика  оқулықтары нешеу?   Жауабы:   1200 кітап

  1. Теңсіздіктер: Мүшелеп көбейт, xy көбейтіндісін бағалаңдар.
  2. A) және      ЖАУАБЫ: 

В)          және       ЖАУАБЫ: 1< xy < 4

2.ЖИЫН   1. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шапталдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде шаптал ма? ЖАУАБЫ:   Алмұрт.

  1. Көшеде төрт қыз Әйгерім, Динара, Гүлсім және Назерке әңгімелесіп тұр. Жасыл көйлектегі қыз (Әйгерім мен Динара емес) көк көйлектегі қыз бен Назеркенің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызыл көйлекті қыз бен Динараның арасында тұр. Қыздардың әрқайсысы қандай көйлек киген?

ЖАУАБЫ:    Әйгерім – ақ, Динара – көк, Гүлсім – жасыл, Назерке – қызыл  көйлекте.

3.Модуль 2. Қаламсап дәптерден қымбат, ал қарындаш қаламсаптан арзан. Қайсысы қымбат – қарындаш па әлде дәптер ме?

ЖАУАБЫ: Екеуі тең.

  1. Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан кезекте тұр. Нұрланның билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін алатыны белгілі: Қанат пен Асан қатар тұрған жоқ, ал Омар Асанмен, Нұрланмен, Қанатпен қатар тұрған жоқ . кім кімнен кейін тұр?

ЖАУАБЫ:   Асан, Нұрлан, Қасен, Мақсат, Омар.

4.Координата 3. Арман, Ерлан, Нұркен және Мырзатай төртеуі балық аулады. Мырзатай балықты Нұркенге қарағанда көп ұстатады. Арман мен Ерланның ұстаған балықтарының саны Нұркен Мырзатайдың ұстағандарымен бірдей. Арман мен Мырзатай Ерлан мен Нұркеннің ұстағандарынан аз. Ұстаған балықтар- дың санына қарай кім қандай орын алғанын жаз.

ЖАУАБЫ: Бірінші орынды Ерлан, сосын Мырзатай, Нұркен, Арман алды.

  1. Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі – трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң  Әуез досын автобуспен аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан бтроллейбус өтіп бара жатқанда, үшінші досы терезеден: «Елнар, сен мектепке дәптеріңді ұмытып кетіпсің!» — деп айқалайды. Кім үйіне немен барады?

ЖАУАБЫ:  Әуез – трамваймен, Елнар автобуспен, Мырзатай троллейбуспен қайтты.

5.Процент: 4. 7 қарындаш 8 дәптерден қымбат тұрады. Қайсысы қымбат-8 қарындаш па

әлде 9 дәптер ме?

ЖАУАБЫ: Егер 7 қарындаш 8 дәптерден қымбат болса, онда 1 қарындаш 1 дәптерден қымбат, сондықтан 7+1=8 қарындаш 8+1=9 дәптерден қымбат.

  1. Бір мектепте үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Имашев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарынэдасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар. ЖАУАБЫ: Имашев – дәрігер, Боранбаев – мұғалім, Саматов – ақын.
  2. Теңсіздіктер 10. 4 қара сиыр мен 3 сары сиырдан 5 күнде қанша сүт сауылса, 3 қара сиыр мен 5 сары сиырдан 4 күнде сонша сүт сауылады. Қандай түсті сиыр сүтті көп береді-қара ма әлде сары ма?

ЖАУАБЫ: Сары түсті.

  1. Жарыста Қанат, Болат, Бақыт және Жанат алғашқы төрт орынды иеленді. Ешқандай екі бала бір орынды бөліскен жоқ. Кім қандай орынды иемденгені туралы сұраққа, Қанат: «бірінші,төртінші емес», Болат: «екінші» деп жауап берді. Ал Бақыт соңғы орында емес екендігі байқалды. Балалардың әрқайсысы қандай орынды иемденген?

ЖАУАБЫ:  Бақыт – 1-ші орын, Болат – 2-ші орын, Қанат — 3-ші, Жанат — 4-ші .

 

 

4.Шырпымен ойын

  • Бұлы ойында әр шырпы 1 бал болып ал ұшы күйген шырпы 10 балдық балмен есептелінеді.

5.Оқулықты ұмытпайық

  • Бұл кезеңде әр топтан бір оқушы тақатаға шығып Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу тақырыбынан бір есептен шығарады.
  • Дұрыс шыққан есепке 7 балдық бағамен бағаланады.

Жауабы: 1)  x<1;    2) x<-3      3)  x>25,5;    4)    ;  5)  x>7   6) x< -36

  • Үй тапсырмасы 1040 – 1041

 Cабақ презентациясы

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *