Күні: 17.02.2017ж.
Сынып: 1 «Б» |
Қатысқандар саны: 20
Қатыспағандар саны: 1 |
||
Сабақтың тақырыбы: | Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі. Ашық сабақ. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Музыка, көркем еңбек | ||
АКТ қолдану дағдылары | Видеожазба , таныстырылым. | ||
Тілдік құзыреттілік | Фонарь-шам-lamp, фотоаппарат-суретке түсіргіш-camera, фонтан-су бұрқақ-fauntain. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру минут |
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тіліекпен. Амандасып алайық, Бір жадырып қалайық. Қайырлы таң!!! -Балалар, менің қолымда екі бірдей сурет бар. Мен оны сендерге тараптып беремін. Біз не істейміз қазір? — Жұпқа бөлінеміз. — Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабақта біз жұптық жұмыстар істейміз. Сынып ережесін қайталау: бір бірімізді мұқият тыңдаймыз, уақытты үнемдейміз, бір бірімізге кедергі келтірмейміз. — Балалар бүгін сендер тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайсыңдар. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттерді өз бойларынына жинайсыңдар. |
Шаттық шебері
Жұпқа бөлу парақтары
Сынып ережесі
|
|
Сабақтың ортасы
минут
|
№1 Оқылым.
— Балалалр, тақтада берілген сөздерді қайталап, хормен оқып шығайық. Әр сөздің мағынасын ашу. Кофе-хош иісті сусын түрі. Кафе-тамақтанатын шағын жер Ферма-шаруашылық орталығы Фирма-мекеме, жұмыс орындары Фото-сурет Факс-телефон арқылы жіберілетін хат Телефон – сөйлесу құралы Телеграф-телефон соғу орталығы Африка – елді мекен Суретпен жұмыс.(3тілде айтуды ұсыну) Фонарь-шам-lamp, фотоаппарат-суретке түсіргіш-camera, фонтан-су бұрқақ-fauntain. «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны. 3 қатарға тапсырма беремін, тақтаға орындайды. Мысалы: теле..он, …акс, …ото, ка…е. №2. Жазылым. Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашайық, Салақтықты тастайық. Қолға қалам алайық, Әдемілеп жазайық. (Жазу ережесін айта кетемін.) Сөздерге дыбыстық талдау жасап, әдемілеп сөздерді көшіріп жазады. №3. Тыңдалым. — Балалар, бірде Қожанасыр келе жатып, жолдан ұялы телефон тауып алады………….. осы мәтінді ары қарай жалғастырыңдар. (Оқушылардың жауаптарын тыңдаймын) — Жақсы балалар, маған сендердің әр айтқан ойларың құнды. — Сонымен жақсы адам не істер еді? (біреудің затын алмайды, иесіне қайтарып береді). Ел арасында Қожанасыр сияқты халықтың жағдайын ойлаушы, айлакер адам бар. Ол кім? — Алдар көсе. — Алдар көсе деген әрдайым байды алдап жүретін орақ ауыз, өткір тілді тұлғаның бірі. — Алдар көсенің мультфильмдерін кім көрді? — Ендеше мына суретке назар аударыңдар. — Алдар көсенің қай мультфильмінен үзінді? (Сиқырлы тон, алдамшы таяқ). №4. Айтылым. Көрініс көрсету. 3 қатарға тапсырма беремін. 1 қатар- Алдар көсеге мінездеме 2 қатар – Байға мінездеме 3 қатар – берілген сөзден мақал құрау. Адам көркі – ақыл. (ой қорту) |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Фотоаппарат, фонарь, фонтан суреттері
Тақтамен жұмыс
Суреттер
Тапсырмалар, суреттер
|
|
Сергіту сәті
минут |
Видеожазба
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ | |
«Адасқан әріптер» жұптық жұмыс жүргізу.
|
Парақшалар | ||
Қызықты тапсырма
|
Жұптық жұмыс. Адамның бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді іріктеу. | Суреттер | |
Сабақтың соңы
минут
|
Рефлексия
Жеттім Талпындым
|
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | 4-5 «5»
3-2 «4» 1-0 «3» Әр тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау ретінде жұлдызшалар таратып отырамын. Соңғы жиынтық бағаларын өздері шығарады. |
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Әр оқушыны мадақтаймын, мақтаймын, ынталандырамын. |
Музыка сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
ІлмекҰлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі