Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылы.
Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасының
дене шынықтыру пәні мұғалімі: Қорғанбаев Наурызбек Нұраділұлы
Пәні: Дене шынықтыру.
Сыныбы: 5.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды ұлттық ойынның жаттығулары мен тәсілдері және ережелерімен таныстыру, қауіпсіздігін сақтауға, жасалу тәртібін нақты орындауға дағдыландыру.Оқушыларды ептілікке,мергендікке,шапшаңдыққа және салауатты өмір салтына баулу.
Сабақ құралдары : Доп,свесток , асық,сақина,арқан т.б.
Сабақтың өтетін орны: спорт зал
№ | Сабақтың барысы | Мұғалім қызметі | Оқушы қызметі | Жаттығу мөлшері | Күтілетін нәтиже |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
I | Дайындық бөлімі:
Сапқа қатарға тұрғызу. Балалар мен амандасу. Кезекшінің мәліметін тындау. Сабақтың өтілуін, мақсатын түсіндіру. Саптағы жаттығулар (оңға, солға, артқа бұрылу жаттығулары ). Жүрудің түрлері : Бір орында жүру. Алға адымдай жүру. Аятың ұшы мен жүру. Аяқтың сыртымен жүру. Аяқтың ішімен жүру. Жартылай отырып жүру. Толық отырып жүру т.б. Жүгірудің түрлері: Жеңіл, баяу жүгіру . Оң, сол жанымен жүгіру.Кері,теріс жүгіру.Аяқты артқа лақтыра бааяу жүгіру.Тізені алға, Жоғары көтеріп жүгіру. Жеңіл баяу жүгіру. Баяу адымдай жүгіру. Спорттық жүріспен жүру.
Терең тыныс алып , жәй жүру демді басу.
ЖДЖ жасау |
Денесін тік ұстап тұру. Түзу жүруін қадағалау . Сабаққа дайындығын анықтау.
Аяқ қолды бірдей істету , қолды жоғары көтеріп жүру.Мүмкіншілігінше Жоғары созып жүру. Қолды жанынан созып , денені тік ұстау.Бір сызық бойымен жүруін қадағалау.
Аяқ ұшымен жүгіріп . Мұрнымен тыныс алып, өзін сергек ұстау. Жауырын, иыққа салмақ түсіріп қолды алға – артқа айналдырып жүгіру.Басты ғана бұрып жүгіру.Денені,тік ұстап аяқты қолға тигізуін қадағалау.
Оқушылардың терең демалуын қадағалау. |
Боймен сапқа тұру. Бұйрықтарды орындау.
Қолды жоғары көтеріп керілу.денені тік ұстау .Аяқты тізеден бүгу. Басын көтеріп алға тік қарау Жаттығуды дұрыс орындау. Ара қашықтықты сақтау.
Қолды артқа ұстау. Қолдарын дұрыс айналдыру.Қолды алға белден кейінде ұстау.Ауаны жұтып тез шығару.
Қолды жоғары көтеріп терең тыныс алып,төмен түсіргенде демді сыртқа шығару |
10-15мин
2-3рет
2-3 рет 2-3 рет 2-3рет 2-3 рет
2-3 рет
2-3рет
2-3 рет
2-3 рет
4-5 рет |
Бұйрыққа сәйкес саптағы жаттығуларды орындау.
Жат-ды орындау үшін қажетті ресурыстарды анықтайды.
|
II | Негізгі бөлімі:.
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар |
Дене қимылын аяқ-қол алысын қадағалау.
Оқушылардың ойын кезінде ойын тәсілдерін меңгеруін бақылау.
Қауіпсіздікті қадағалау |
Жылдамдықты дамытуды да өз уақытында бастау қажет.
Қауіпсіздікті сақтау |
27 мин |
Ұлттық ойынындағы жаттығуларын дұрыс жасау. Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу. |
III | Қорытынды бөлімі:
Оқушыларды бір қатармен сапқа тұрғызу,сабақты қысқаша қорытындылау,бағалау,үйге тапсырма беру,оқушылармен қоштасу,сабақты аяқтау.
|
Оқушыларды бағалау. Спорт залдан шығарып жіберу |
Допты,асықтарды тапсыру |
3 мин |
Оқушылардың денсаулығын нығайту. Икемділікке ептілікке, шапшаңдылыққа,төзімділікке, күштілікке үйрету. |
[bws_related_posts]