Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
«Алатау» балалар клиникалық санаторийі
Тәрбие –оқыту бөлімі
Тәрбиеші – Салтанат Болатқызы Мұхамеджанова
«Көңілді старт» спорттық жарыс
Мақсаты: Санаторийде дем алып жақтан балаларды жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа үйрету, денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Тапсырмаларды көңілді, барынша ережемен орындауға, спортқа деген қызығушылықтарын жетілдіре арттыру.
Түрі: «Көңілді старт» спорттық жарыс
Қажетті спорт құрал-жабдықтары: Доп, секіртпе, шелек, әр түрлі фигуралар, үлкен доп, ысқырық.
Жарыстың барысы:
- Құрметті тәрбиешілер,балалар!
- Емделуші балалар арасында ұйымдастырылып отырған «Көңілді старт» спорттық жарысына қош келіпсіздер!
Әріптестер назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысын денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Түсінеміз спорт пен дос болғанда-деп ортаға қатысушы балаларын шақырамыз.
(Балаларды сапқа тұрғызып, саптық санақ бойынша екі топқа бөліп алу, спорттық тақырыпта әр топтың атауын белгілеу).
Бүгінгі жарыс 6 кезеңнен тұрады.
Тапсырмаларды дұрыс орындаған және бірінші келген команда жеңімпаз атанады. Барлық кезең 1 ұпаймен бағаланады.
- Ал біздің сайысымызды тамашалап қана қоймай, әділ бағаларын беретін әділқазылар арамызда отыр. (әділқазыдармен таныстыру)
- Ал жарысымызды бастайық, іске сәт!!! (балалардың орындарын көрсете, дұрыс тұрғызу)
1.Балалар қолымызды бірге жоғары көтеріп, бір-біріне доп беру арқылы жарысады.
2. Аяқтың арасынан допты бір-біріне беру арқылы жарысады.
3.Допты оң жақ
- және сол жақ бүйірмен беру арқылы жарысу.
- Картоп егу және жинау. (қажетті фигураларды қолдану арқылы)
5.Үлкен резеңкі доптың үстіне отырып, белгіленген жерге дейін секіріп жарысу.
- Паравоз ойыны (бір-бірінің белінен ұстап, белгіленген жерге дейін жүріп, қайту)
- Секіртпемен белгіленген жерге дейін және қайта жүгіріп келу.
Ойын барысында ескерілетін мәселелер: екі команданың ұпайын есептеп, жеңген команданы анықтау. Әр ойынның қорытындысын уақытымен айту.
- Балалар, мінеки спорттық жарысымыз өз соңына жетті, қай команданың жеңіске жеткенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. (әділқазалар әр команданы жеке мадақтау, марапаттау)
- .Өмірлеріңіздің әр күні осындай жеңістер мен сәттіліктерге толы болсын!
- Қатысқан балаларға мың да бір алғыс.
- Марапаттарың құтты болсын!
- Келесі жарысқа дейін сау-саламат болыңыздар!