Басы » Баяндамалар » Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Мармар Қабдуахитқызы Оразбаева,

Қамал Қадыржанов атындағы жалпы білім беретін

мектептің бастауыш сынып мұғалімі,

Таңсық ауылы, Аягөз ауданы ШҚО

 

 Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың функционалдық        сауаттылығын    дамыту

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет».
Н.Ә.Назарбаев

Білім алу – батылдық,  оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер.

ХХІ ғасыр – ақыл-ойдың дәуірі, ақпараттық қоғам, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бұл кезеңдегі әрбір елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының кілті – білімді де білікті маманнның қолында.

Ұрпақ  тәрбиесі – ел алдында мектеп пен ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті

Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі әлемдік тенденцияларға сәйкес мектептегі білім берудің жаңа басымдықтарын белгіледі. Олардың ішінде жетекші болып табылатын мектепте білім берудің сапасы Қазақстан Республикасының білім беру дамуының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, сонымен қатар 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты.

Әлемдік білім кеңістігіне еліміздің енуі мемлекет пен қоғамның талаптарына сәйкес келе жатқан ұрпақты оқытуды «Үздіксіз білім беру» концепциясын іске асыруға септігін тигізетін құзыреттілік қажеттілігін туындатады.

2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектеп білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет.

Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысында оқушының білімді күтілетін нәтижеге қарай сапалы меңгеруі, білім берудің әлеуметтік мәнін ұғыну арқылы кіріктіру мәселесі әлемдік білім кеңістігіне  толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз

«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді.    Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.

Функционалдық сауаттылықтың факторлары:

Ғылыми зерттеуді қамтамассыз етеді;

Білім беру жаңартылады;

Мониторинг, бағалау өзгереді;

Техникалық база жаңартылады.

Оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамытудың  4 түрлі механизмі қарастырылған. Біріншіден, білім берудің мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту, екіншіден, оқу нәтижелерін бағалау жүйесін өзгерті, үшіншіден, қосымша білім беру жүйесін дамыту, төртіншіден, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ата-аналардың барынша белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Өз іс тәжірибеде  оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліндегі диалогтік оқыту мен оқуды тандадым. Диалогтік оқытуды алғандағы мақсатым:
1) Оқушылардың ойлау, ой қорытындысын жасау мүмкіндіктерін дамытып өз ойларын еркін жеткізуге үйрету;
2) Диалогтік оқыту арқылы баланың тілдік қарым қатынасын қалыптастыру;
3) Сөйлесу әрекеті арқылы сөздік қорын молайту;
4) Топта жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін тындауға, өзгелермен ой бөлісуге дағдыландыру;                                                                               5).Алған білімдерін өмірде тиімді пайдалана білуге дағдыландыру;

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздеріне келер болсақ, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Оқу, жазу сауаттылықтарын қалыптастыруда, ең алдымен, кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау мен сөйлеуі маңызды орын алады.

Бүгінгі күн талабына сай жан – жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – диологтық оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты  дамыту.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті.  Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым — қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Диалогтік оқыту – “мұғалім-оқушы”, сондай-ақ “оқушы-оқушы” арасындағы шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдісі. .[ 1-98]

Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады. [  2-99]

Сол себепті өз сабақтарымда диолгтық оқытуды қолдану арқылы, оқушы тек тындаушы емес, белсенді қатысушы болуына көп көңіл бөлемін. Өзімнің іс-тәжірибемде функционалдық сауаттылықты басшылыққа ала отыра алдыма мынандай мақсат қойдым: Диологтық оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Соған байланысты міндеттер белгіледім.

  • анализ жасау арқылы қажетті әдебиеттермен оқып танысу;
  • оқу барысында ұйымдастыру принципы және диолог түрлерін анықтау;
  • сабақты дұрыс құру жолдарын қарастыру;
  • диологтық оқытуды қолдану барысында кездесетін кедергілерді анықтау;

Неліктен диолог? Диолог – ол бастауыш сынып оқушылары үшін таныс және қол жетімді қарым-қатынас.

Диолог арқылы әлемді таниды, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі.

«Адам адамға жолдас емес, дұшпан да емес, ұстаз» демекші, оқушылар диолог арқылы бір-біріне сұрақ қояды, жауапты тыңдайды, талдайды. Кейде дебатқа да айналып кетеді.

Өз сабағымда диологтың үш түрін қолданамын:

 

 

         Кумулятивті әңгіме құру үшін, сұрақтар қоямын. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. [3-101]

Сұрақтың екі түр

 

 

 

 

 

 

   Жоғары   дәрежелі
   Төмен      дәрежелі

 

 

 

 

 

Оқушылар сұраққа жұппен, содан кейін топта талдайды. Бір шешімге келіп жауабын айтады, дәлелдейді. Егер бір-бірімен әңгіме дұрыс құрылмай жатқан кезде мен мынандай көрнекіліктер қолданамын.

Сөйлейтін карточка:

  1. Бұл сұрақ бойынша сенің ойын….
  2. Неліктен олай деп ойлайсың?
  3. Тағы қандай идеян бар?
  4. Барлығы келісе ме?
  5. Кім келіспейді неліктен?

Аяқталмаған сөйлем немесе сұрақ.

  1. Менің ойым …..
  2. Мен мұнымен келісемін ………… , өйткені …………………..
  3. Мен мұнымен келіспеймін, өйткені ……………………..
  4. Менің ойымша ………………………..

Диолог арқылы өздіктерінен жаңалық ашуға дағдыландырамын. Әр оқушы белсенді қатысушы болуына , сұрақты дұрыс қоюына және дәлелдей білуге үйренеді.

Мұндай оқуда өзіндік қиындықтары да кездеседі.

  • бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы;
  • сөздік қорының аздығы;

Ұтымды жақтары:

  • бірлесіп жұппен және топпен оқу;
  • оқуға деген ынталарының артуы;
  • тіл, сөздік қорының дамуы;
  • бір-біріне деген сенімділіктің артуы;

Оқушылар бір-бірімен диологқа түсу үшін сыни тұрғыдағы

сұрақтар, тапсырмалар беру арқылы шығармашылық, ойлау қабілетін дамытуға түрлі әдіс-тәсілдер қолданып отырамын. Мысалы: «Дұрыс, дұрыс емес тұжырым», «кластер», «БББ», «жуан, жіңішке сұрақтар», «Блум текшесі», «Алты қалпақ»,  «Эссе», «Синквейн» т.б.

 

Дәстүрлі білім мен жаңа форматтағы білімді салыстырып көрейік

             Дәстүрлі сабақ

 

       Жаңа форматтағы сабақ
Барлығын үйретуге болады

 

Барлығына үйренуге болады
Сабақтағы белсенді қатысушы –

ұстаз

Сабақтағы белсенді қатысушы — оқушы
Оқушы — жайғана тындаушы

 

Оқушы – белсенді қатысушы.
Сабақ – спектакль,

Мұғалім – режисер және орындаушы.

 

Мұғалм – ұйымдастырушы, жоспарлаушы, режисер.  Білім пьсасының басты кейіпкері – оқушы.

 

Жаңа форматтағы біліммен қаруланған бала болашақта өз елінің білімді де, білікті азаматы боларына сенімдімін.

Жалпы сабақтарда диалогтік әдісті  пайдаланғанда тағы бір көз жеткізген жағдай бағдарламаның барлық модулі қамтылады.

Қортындылай келе, диологтық оқыту оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.  Білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.   Диалогтік оқытуды келесі сабақтарда тереңірек қолдана отырып, оқушылардың бір бірімен сыни тұрғыдан ойлана отырып,  диалогтік қарым қатынас жасауын дамыту.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлтық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).
  2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
  3. Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. — «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. — Б. 42-47.
  4. Мұғалімге арналға нұсқаулық. /ІІ деңгей/ .[ 1-98]; [ 2-99]
  5. Открытая школа 03(134) 2014ж.

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *