Басы » Алғашқы әскери дайындық » Қарумен саптық тұрыс

Қарумен саптық тұрыс

 Умбеталиев Темиргали Темирболатович

 АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы.

Григорьев МБК, Бөрлі ауданы

Тақырыбы:  Қарумен саптық тұрыс.   /Алғашқы Әскери Дайындық .10-сынып/

Мақсаты:

а) оқушыларға  қарумен саптық тұрысты, автоматты  әр түрлі  жағдайда ұстауды,  қарумен  саптық  тәсілдерді  дұрыс  әрі  жылдам

орындауды үйрету; орнында тұрғандағы бұрылысарды  қайталау.

ә) саптық дайындық дағдыларын жетілдіріп, түсініктерін  дамыту.

б) Отанға деген сүйіспеншіліктерін нығайту, мерзімді әскери қызметке дайындау.

Сабақтың түрі:  практикалық.

Уақыты:  45 минут.

Өту  орны: Саптық алаң.

Әдісі:  баяндау, көрсету, жаттығу.

Көрнекілігі:  АӘД оқулығы,   АК- 74  макеті, плакаттар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі :

  1. Әскери сапқа тұрғызу
  2. Оқушылармен әскери тәртіпте сәлемдесу.
  3. Түгелдеу, формаларын тексеру.

ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі:

-бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?

-бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай  пәрмен бойынша жүргізіледі?

-бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.

-қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай орындайды?

IIІ. Негізгі бөлім:

Қарумен саптық тұрыс.  «Бауды – босат (тарт!)» пәрменін орындау.

Автоматты «Белдікте» жағдайынан «Кеудеге» жағдайына орындау тәсілі.

Автоматты  «Кеудеде» жағдайынан «Белдікке» жағдайына орындау тәсілі.

«Автоматты кеудеге! », «Белдікке!» тәсілдерін толық орындау. Тәсілді жұппен жаттығу.

«Қаруды – арқаға!», «Белдікке!» тәсілдерін орындау.

Автоматты «Арқада» жағдайынан «Белдікке» жағдайына алу.

«Қаруды – арқаға!»,  «Белдікке!» тәсілдерін толық жұппен  орындап жаттығу.

(Көрнекілік арқылы түсіндіріледі)

Қарумен саптық тәсілдерді орындау барысында кездесетін негізгі кемшіліктер:

-автоматты  иықтан алған кезде дененің алға еңкеюі, автоматтың денеден тым алшақтауы;

-саптық  ережесінің дұрыс сақталмауы;

-бауды бастан асырғанда бастың алға еңкеюі;

-автоматты және бауды жоғары көтермеудің салдарынан баскиімнің түсіп қала беруі.

Пысықтау бөлімі:  Бүгінгі сабақта нені үйрендік?  Не білдік?

Не  түсініксіз болды?(оқушылар жауабы)

ІV. Қорытынды:

  • Саптық тәсілдерді дұрыс әрі жылдам меңгерген оқушыларды атап өту және бағалау.
  • Негізгі кемшіліктеріне назарларын аудару және оны жою жолдарын көрсету.

Ү. Үйге тапсырма беру.  V тарау.  § 4, 203-206 беттер

  • Әскери тәртіпте қоштасу.

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *