Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№56 «Жұлдыз» бөбекжайы
Тәрбиеші:
Бисенова Асемхан Ылымовна
Сабақтың тақырыбы: Бір уыс мақта
Сабақтың мақсаты:. Әңгіме мазмұнымен таныстыру, түсінгенін айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Еңбек қорлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ыбырай Алтынсариннің портреті. Интерактивті тақта, бейне таспа, топтастыру сызбалар,
Сөздік жұмыс: шапан, мамық, қиқым
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
— Ал балалар, шеңберге тұрамыз. Алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш
Амандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.
Тәрбиеші : Балалар, баріміз « Интерактивті тақта» қараймыз.
Күз мезгілі. Күз мезгілінде жемістер,көкіністер жиналады.Астық қанбаға толады. Сол сияқты мақтада күз мезгілінде жиналады. Бұл мақта адамдардың ерекше күтімімен және еңбегімен келеді. Мақта — аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта алғаш рет Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Біздің елімізде Орта Азия республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. Енді баралар біз күнделікті қолданып жүрген мақтадан жасалған заттармен таныстырып өтейін.
Осы мақта туралы біздін ақын жазушыларымыз өлендер, аныз аңгімелер жазқан.
Бұл суреті: Ы. Алтынсарин қазақтың аса көрнекті ағартушы — ұстаз, тұңғыш рет қазақ даласында мектеп ашып балаларға сабақ берген және талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға бар күшін салды. балаларға арнап тәрбиелі көптеген өлеңдер, ертегілер, әңгімелер жазды. Бүгін мен сендерге автордың «Бір уыс мақта» атты әңгімесін оқып беремін.
Әңгімені мәнерлеп оқып беру.
«Бір уыс мақта»
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
— Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
— Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп.
Шешесі:
— Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.
Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті.
Қыз әжесінен:
— Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? — деп сұрады.
Әжесі айтты:
— Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.
Балалар біздің бүгінгі әңгімеміздің ішінде күнделікті қолдана бермейтін сөздер кездесті. Осы сөздерге тоқталып кетейік.
Сөздік жұмыс:
Шапан, мамық, мақтаның қиқымы суреттерін көрсете отырып, сөздік жұмыс жүргізу.
Шапан — астарына жүн не мақта салып тігілген сырт киім.
Мамық — құстың үлпілдеген мамық жүні
Қиқым — бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы, мақтаның қиқымы.
Балалар біз аңгімемізді тыңдадық енді кане орнымыздан тұрып бір серігіп алайық.
Сергіту сәті: «Егін жина»
Әңгімені сахыналау.
Құстардың дыбысы шығады.
Әңгіме мазмұнына байланысты сұрақтар қою.
— Үйдегі анасы мен қызы не істеп отыр еді?
— Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?
— Мақтаны не іліп алып кетті?
— Торғайға мақта не үшін қажет болды?
Мақтамен жұмыс:
Сендер үлкендердің еңбегі туралы қандай мақалдар білеміз бе?
Қортындылау.
Балалар бүгін мақта туралы көптеген мағұлмат алдық.
Балалар бүгін қандай әңгімемен таныстық?
Мақтаның қандай пайдасы бар?
Бұл әңгіменің авторы кім?\
Бұл әңгімеден нені ұқтыңдар? Яғни кезкелген нәрсенің өзі пайдаға асатынын білдік. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
[bws_related_posts]