Леп белгісі

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайнша аданы
Тихоокеански орта мектебі
Хуан Амангул

Сабақтың тақырыбы: Леп белгісі

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның көңіл күйі, қуанышы, екініші, реніші, т.б. сезімдері лепті сөйлемдер арқылы білдіретіндігін меңгерту.

Көрнекілігі: кесте, сурет.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

III.      Жаңа сабақ

  1. Кіріспе әңгіме

Бастауыш сынып оқушылары үшін лепті сөйлемді меңгеру қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан лепті сөйлемді меңгертуге берілген сағаттарда көрнекі құралдарды пайдалану маңызды.

Сабақ үнтаспадан төмендегідей сөйлемдерді тыңдатудан басталады.

  1. Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
  2. Қап, бақшаның есігін жауып қоймаған екенмін!
  3. Қане, күнделігіңді берші!
  4. Шіркін, Айға самғап ұшсам ғой!

Оқушылардан әр сөйлем қандай мағынаны білдіріп тұрғаны сұралады. Мұғалім оқушы жауаптарын пайдалана отырып, төмендегідей кестені толтырады.

  1. Негізгі бөлім.

а) 1-жаттығу. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. «Футбол ойыны» тақырыбына әңгіме құрастырады. Құрастырған мәтіннен лепті сөйлемдерді тапқыздырылады. Лепті сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгісі еске түсіріледі. Мәселен:

  1. Алақай, біз жеңдік!
  2. Жарайсың, Марат!

ә) Ереже оқылып, лепті сөйлемнің өзіндік ерекшеліктері түсіндіріледі:

  • Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін (қуану, ренжу, өкіну, ұран, т.б.) білдіреді.
  • Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады.
  • Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.

Оқулықтағы жаттығуларды орындату арқылы төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

  1. Сөйлемді сазына келтіріп оқуға дағдыландыру.
  2. Лепті сөйлемнің қандай мағына (қуану, өкініш, реніш, ұран, бұйыру) білдіріп тұрғандығын анықтату.
  3. Лепті сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қоя білуге жаттықтыру.
  4. Оқушыларға лепті сөйлемдерге мысалдар келтірту.
  5. Хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтқызу.
  6. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың лепті сөйлемді қалай меңгергендігін пысықтау мақсатында қойылатын сұрақтар:

  1. Лепті сөйлем дегеніміз не?
  2. Лептік сөйлем қандай мағынаны білдіреді?
  3. Лепті сөйлем қалай оқылады?
  4. Лепті сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Сондай-ақ оқушылар лепті сөйлемді мәнерлеп оқу, мәтіннен лепті сөйлемді табу, лепті сөйлемдерді дұрыс жазу, лепті сөйлемдерді хабарлы немесе сұраулы сөйлемдерге айналдыру тәрізді тапсырмаларды орындау арқылы білім-білік дағдылары қалыптасады. Сабақта ұнтаспаны пайдаланып, лепті сөйлемдерді дауыс интонациясын дұрыстап келтіріп оқуды үйретуге болады.

  1. Үйге тапсырма беру.

5-жаттығу беріледі.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *