Сыныбы: 10 «а»
Сабақтың тақырыбы: «Электр зарядының өзара әсерлесуі. Кулон заңы»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Электр зарядтарының Кулон заңы бойынша әрекеттесетінін түсіндіру.
ә) Тәрбиелік: Сабақ барысында өз ойын ашық айтуға, тапсырманы дұрыс орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімін есеп шығару арқылы тиянақтау, белсенділігін арттыру, тез шешім қабылдауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, презентация, оқулық.
Сабақ түрі: жаңа сабақты игерту
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
- Ұйымдастыру бөлімі
Түгендеу, жұмыс орнын тәртіпке келтіру
- Үй тапсырмасын тексеру, бағалау: «Миға шабуыл»
Сөз жұмбақ :
«ЭЛЕКТРОСКОП»
- Янтарь грек тілінен аударылғанда? (Электрон)
- Электрді өткізбейтін дене? (пластмасса)
- Барлық өндірісті автоматтандырудың негізі? (электр)
- Зарядтар еркін қозғала алатын заттарды (өткізгіштер)
- Атомдағы протон мен электрон заряды тең . Ол (бейтарап)
- Электр құбылыстарындағы физикалық шама (заряд)
- Атом электрондардың біразын жоғалтып, оның оң заряды артса. Оны (Оң ион)
- Қандай зарядар бірі-бірі тебеді? (аттас)
- Барлық денелер неден тұрады (молекула)
- Атомға артық электрондар келіп түссе, атом теріс зарядқа ие болса. Оны (теріс ион)
- Ядродағы оң зарядталған бөлшек (Протон)
Жаңа сабақты түсіндіру
Электрлік өзара әрекеттесу күшінің шамасын анықтауға бола ма? Француз ғалымы Ш.О.Кулон 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашты.
Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше есе кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.
Көптеген тәжірибе жасап Кулон электрленген шарлардың өзара әрекеттесу күші – олардың арасындағы арақашықтықтың квадратына кері пропорцианал деді.
Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың ара-қашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.
– зарядтардың шамасы
r – зарядтардың ара қашықтығы
k – пропорционалдық коэффициент
SI жүйесінде, әдетте, шамасы енетін заңның рационалды жазылуы пайдаланылады. тұрақтысы электр тұрақтысы деп аталады, сан мәні
Осыны ескеріп Кулон заңын жазайық, ол
түріне ие болады.
-отраның диэлектрлік өтімділігі
Егер таңбасы бірдей болса, онда зарядтар тебіледі. Егер зарядтардың таңбасы қарама-қарсы болса, зарядтар тартылады.
Сабақты бекіту: Есептер шығару
- Арақашықтығы 2 см, ал зарядтары 2*10-9Кл және 4*10-18 Кл болатын бірдей екі кішкене шар вакуумде қандай күшпен әрекеттеседі?
- Бір-бірінен 5 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4 мН күшпен әрекеттеседі. Әр зарядтың шамасы қандай?
- 2*10-8см қашықтықта орналасқан екі электрон бірін-бірі қандай күшпен тебеді?
- Вакуумде өзара 30 см қашықтықтағыдай күшпен әрекеттесетін екі бірдей электр зарядының диэлектрлік өтімділігі ε болатын май ішіндегі арақашықтығын табыңдар.
- Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары сәйкесінше 20 Кл және 30 Кл. Бұлттардың орташа арақашықтығы 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?
Қорытынды:
- Қандай заряд нүктелік заряд деп аталады?
- Кулон заңын тұжырымдаңдар.
- Кулон тәжірибе жасау үшін нені қолданды?
Бағалау.
Рефлексия. «Шығу картасы»
- Маған оңай болды __________________________________________________________
- Мен өзімді _________________________________________________ мақтай аламын.
- Мен топтағы кластастарымды ____________________________________________________________мақтай аламын.
- Менің ойымша ___________________________________________орындай алмадым,
- себебі ___________________________________________________________.
- Келесіде________________________________________________________ ескеремін.
Рефлексия. «Шығу картасы»
- Маған оңай болды __________________________________________________________
- Мен өзімді _________________________________________________ мақтай аламын.
- Мен топтағы кластастарымды ____________________________________________________________мақтай аламын.
- Менің ойымша ___________________________________________орындай алмадым,
- себебі ___________________________________________________________.
- Келесіде________________________________________________________ ескеремін.