Сабақтың тақырыбы: «Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары».
Сынып: 10 «а»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: зарядталмаған денелердің электр өрісі арқылы әсерлесуін түсіндіру, электр өрісінің материялық ерекше бір турі ретінде қасиеттерімен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік: Өздігінен ізденуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: Электроскоп, шарлар эбонит және шыны таяқшалар, интерактивті тақта, плакаттар, видео
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Еске түсіру стратегиясы.
1. аттас және әр аттас зарядтардың қасиеттері
2. Оң және теріс зарядтар, заряды жоқ ол не?
3. Денелердің электрленгенін қандай құралмен анықтайды.
4. Электрон деген не? Заряды неге тең.
5. Атом құрылысын ашқан кім?
6. Кулон күшінің формуласы
- Кулон заңы тақырыбына байланысты тұрақты шамалар
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мысалы: Жер мен тас бірін – бірі белгілі күшпен тартады. Жер мен тастың арасында тартылыс өрісі бар. Сол сияқты қағазды ұсақ қиындыларына электрленген дене, мысалы үйкелген эбонит таяқшаны жақындатсақ, қағаз қиындыларымен таяқша біршама қашықтықтан тартылатынын байқаймыз. Яғни электрленген денелер (арасында) айналасында электр өрісі бар. Электр өрісін көзбен көріп, қолмен ұстай алмаймыз. Оны зарядталған денеге әрекетімен байқаймыз. Электр өрісі ұғымын ағылшын ғалымдары
М. Фарадей мен Джеймс Максвелл енгізді. Электр өрісінің әсері зарядталған денелер айналасында күштірек болады да, одан алыстаған сайын өріс әлсірей береді.
заряд тудыратын электр өрісінің кернеулігі
нүктелік зарядтың r қашықтықтағы өріс кернеулігі
Суперпозиция принципі
Күш сызығы деп бағыты өріс нүктесіндегі кернеуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанаманы айтамыз.
Күш сызықтарының қасиеттері:
- Күш сызықтары үзіліссіз. Олар оң зарядтан шығады және теріс зарядқа кіреді немесе шексіздікке кетіп жатады.
- Күш сызықтары еш жерде қиылыспайды. Егер олар қиылысса, онда қиылысу нүктесінде кернеулік векторының әр түрлі екі бағыты болар еді.
ІV. Ой дамыту стратегиясы.
1.Электр өрісінің бір нүктесіндегі 0,2 мкКл зарядқ 0,15 Н күш әрекет етеді . Осы нүктедегі өрістің кернеулігін анықта.
- Бетінің электр өрісінің кернеулігі 4*10 — 6 Н/Кл болса, радиусы 3 см металл шарға қандай заряд берілген?
- 10 см қашықтықтағы 2, 7*10 — 6 Кл нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Заряд суда орналасқан.
- 0,1 м қашықтықтағы 2,7*10-6 Кл нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар . Судың диэлектрлік өтімділігі 81-ге тең.
V. Еркін ізденіс стратегиясы.
1. Үріліп жіпке байланған 2 шарды газетке үйкеп – үйкеп бір – біріне жақындатыңыз. Олар бірін – бірі тебеді, неліктен?
2. Бір шарды газетпен үйкеп, екіншісін жүнмен үйкеп, бір – біріне жақындатыңыз. Олар бірін – бірі тартады. Неліктен?
3. Шарды газетпен үйкеп бөлме төбесіне апарып жіберіп қал. Шар төбеде біраз тұрып қалады. Неліктен?
VІ. Байланыс стратегиясы.
- 1. Электр өрісін кернеулігінің формуласы
- Күш сызықтарының қасиеттері
- Электр өрісінің кернеулігінің өлшем бірлігі.
а) Н/м; в) Н/Кл; с) Кл; д) Н; е) В.
4. Электр өрісінің күш сызықтары
а) оң зарядтан басталып теріс зарядтан аяқтады;
в) теріс зарядтан басталып оң зарядтан аяқталады;
с) эл. өрісі күш сызығы болмайды.
5. Электр өрісі ұғымын енгізген ғалымдар
а) М. Фарадей мен Дж Максвелл
в) Э. Резерфорд.
с) Ш. Кулон
д) А. Иоффе мен Р. Милликен
е) И. Ньютон
Бағалау.
Үйге тапсырма:16-жаттығу, 9-есеп
Рефлексия.
Мен нені білдім? | Мен нені білгім келеді? |
[bws_related_posts]