Тексерілді: | |||
Күні: | 20.04.2017жыл | ||
Сыныбы: | 1 «Б» | ||
Пәні: | Тәрбие сағаты | ||
Тақырыбы: | «Кім боламын?» | ||
Мақсаты: | Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету | ||
Күтілетін нәтижесі: | Мамандықтар туралы түсінік қалыптасады
Мамандықтың пайдасы мен ерекшелігін ажыратады Мамандығын таңдап, болашағын байланыстырады |
||
Жұмыстың түрі: | Топтық жұмыс | ||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Постер қорғау, сұрақ-жауап,әңгімелеу, жеміс ағашы | ||
Қажетті құрал-жабдықтар: | А4 қағаздар,мамандықтар суреттер, постерлер,аудиожазба,маркер, желім,стикер т.б | ||
Кезеңдері: | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: | Ресурстар: |
1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Тәуелсіз жаңа заманда, Сұраныс көп маманға. Нағыз маман пайдалы, Мемлекет, қоғам, адамға. – Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер? – Ата – аналарың, аға – апаларың, қандай мамандық иелері? Оқушыларды мамандыққа байланысты топтарға бөлу |
Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Сұрақтарға жауап береді Оқушылар мамандыққа байланысты топтарға бөлінеді 1-топ: «Дәрігерлер» 2-топ: «Мұғалімдер» 3-топ: «Құрылысшылар» 4-топ: «Әртістер»
|
Шаттық шебері
|
2.Өткенді пысықтау:
(Білу кезеңі)
|
Мамандықтың бәрі жақсы. Тек оны жүрек қалауымен таңдай біл.Сонда ғана сенің сол мамандыққа деген қызығушылығың артады. Осы мамандықтың барлығы ұлы тұлға –ұстаз алдынан өтеді.
Ұстаз болу -жүректің батырлығы Ұстаз болу –сезімнің ақындығы Ұстаз болу –мінездің күн шуағы Азбайтұғын адамның алтындығы – демекші дана,экономистте, дәрігерде бәрі – бәрі де сөзі маржан,үні әнші де ұстаз алдынан өтеді. Ғылым иесі ғалымда , ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында , егін салған диқанда, мал бағып,терін төккен шопанда, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алады — Ендеше балалар тақтадағы мамандықтар туралы не білеміз?
|
Тыңдайды, түсінеді, айтады
Мамандыққа шолу жасайды
|
Маман дықтар суреті |
3.Қызығушылық-ты ояту:
(Түсіну кезеңі)
|
— Сендер өскенде кім болғыларың келеді?
— Қандай мамандық иесі болғыларың келеді? |
Дәрігер:
Ақ халатты абзал жан, Дәрігерге бәрі таң Емдеп жазып ауруды , Дәрігер болғым келеді. Әскери Келешекте ел қорғайтын Еліне бақыт сыйлайтын, Жамандыққа елін қимайтын Әскери мен боламын. Боксшы: Болашақта мен боксшы боламын, Жалықпай жаттығамын күн-түн демей. Әлемге елді танытқан, Серік ағам сияқты мен боксшы боламын Инженер: Мен инженер боламын, Жерден алтын табамын. Жолын қуған әйгілі, Академик ағаның. Ақын: Ал мен ақын боламын, Сусылдаған қаламым. Адамдардың жүрегін, Жырмен жаулап аламын. Суретші: Суретті керемет салатын, Суретші мен боламын. Абілхан атам сияқты Сурет жолын қуамын. Темір жолшы: Жұмысым қиын білемін. Қиын болса да төземін. Жүйіткіген пойыздың, Мен жолдарын жөндеймін. |
|
4. Мағынаны ашу:
(Қолдану кезеңі) Сергіту сәті
|
Топтық жұмыс
1-топ: еңбек туралы мақал-мәтел жазады 2-топ: Кім болғың келеді? Шағын әңгіме құрайды 3-топ: жауабын суретпен сәйкестендір 4-топ: маман иелерінің заттарын тап |
Ән: «Қошақан» рэп жанрда орындайды |
Қағаздар, маркер, суреттер |
5. Тақырып бойынша орындалатын жұмыс түрлері:
(Талдау кезеңі)
|
Ойын: «Қай мамандық иесі?»
1) Мектептің жүрегі, |
Балалар сұраққа жауап береді Мұғалім Дәрігер Тігінші Ғарышкер Аспазшы Полиция
|
|
6. Қорытынды | Елбасы Н.Назарбаев білім алу үшін барлық жағдайға жол ашқан .
Міне сол білімді саналы түрде игере отырып,Отанымыздың бір тетігіне сапалы маман болып қалану- біздің басты парызымыз. Бүгінгі сабақта мамандықтың қыр сырын меңгере отырып, болашақта кім болғың келеді? |
Балалар болашаққа таңдаған мамандығымен ой бөліседі |
|
7.
Рефлексия |
«Жеміс ағашы» әдісі | Оқушылар бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, тілек жазады | стикер |
ІлмекКім боламын?