Сабақтың тақырыбы: Соль минор тональдігінде Т5/3- 5/3- Д5/3 айналу жүйесі.
Сабақтың мақсаты: Үш дыбыстан құралған аккорд, оның айналу жүйесін құру
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, карточкалар, тест сұрақтары, магнит тақта.
Сабақтың жүрісі.
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: 1) Өткен сабақты сұрап тақтаға құрғызу.
2) Жаттығуды дирижерлау
3) Тест сұрақтары.
4) Брейнринг (жылдам сұрақ-жауаптар)
5) Мадақтау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Соль# минор — qis moll
t5/3- S5/3- Д5/3 оның айналу жүйесі.
Соль# минор тональдігінде t5/3- S5/3 – Д 5/3 айналымын құру.
Соль# минор тональдігі 5# кілт белгісі бар минорлық тональдік. Параллель тон—гі Си мажор-H—dur
Үшдыбыстан тұратын,терция бойымен орналасқан аккордтар — t, S, D.
Үшдыбысты аккордтар үш айналымнан тұрады.
t5/3- тоникалық терцквинтаккорд
t6- тоникалық секстаккорд
t6/4- тоникалық квартсекстаккорд
S5/3- субдоминанталық терцквинтаккорд
S6- субдоминанталық секстаккорд
S6/4- субдоминанталық квартсекстаккорд
D 5/3- доминанталық терцквинтаккорд
D6- доминанталық секстаккорд
D6/4- доминанталық квартсекстаккорд
Басқыштары: t5/3-І-ІІІ-Ү S5/3-ІҮ-ҮІ-І D 5/3- Ү-ҮІІ-ІІ
t6-ІІІ-Ү-І S6-ҮІ-І-ІҮ D 6- ҮІІ-ІІ-Ү
t6/4Ү-І-ІІІ S6/4- І-ІҮ-ҮІ D6/4- ІІ-Ү-ҮІ
Соль# минор тональдігінде t 5/3- S5/3- Д5/3 айналымы. (натуралдық, гармониялық,мелодиялық) нота сызығында магнитті ноталармен оқушылармен бірге құру.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқушыларға t—S—D аккордтарын фортепианомен айтқызу.
Бекіту: Ми минор- Фа диез тональдігінде магнит тақтаға аккордтарды құрғызу.
Ми минор- t5/3- S6- D6/4
Фа мажор — t5/3-S5/3- D6
ІҮ. Жаттығу. Ми мажор тональдігінде ¾ — өлшемін дирижерлау. ¾ — үш үлесті көлем қолды үш рет бұлғау арқылы көрсетіледі.
№ 346 жаттығуды орындау.
Талдау: 1.Тональдігін,өлшемін табу. 2.Нота ұзақтықтарын талдау 3. Оқушылармен бірге әуенсіз дирижерлау, содан кейін фортепианоның сүйемелдеуімен айту.
Ү. Есту қабілетін тексеруге арналған диктант.
Т5/3—Д6—2— S6/4— Д7— 8
ҮІ. Сергіту сәті. Оқушылар екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды жылдам орындайды:
1.Оқушылар берілген аккордтарды жылдам құру керек.
2.Берілген аккодтардың атауын табу.
- #, Ь кілт белгілерінің көбею реті.
4.тональдіктердің әріптік белгіленуін табу.
5.Т—S —Д аккордтарының басқыштарын табу.
ҮІІ. Қорытынды. Бүгінгі өткен t—S—Д айналымын, басқыштарын оқушылардан сұрай отырып
қайталап өту.
ҮІІ. Үйге тапсырма. 1. Ре Ь мажор— Qes dur тональдігінде Т5/3—S5/3—Д5/3 айналымдарын құру.
2.Ля,Ми дыбыстарынан т5—ү2—к3—т4—ү7—к6 интервалдарын құру.
3.№ 346 жаттығуды дирижерлап айту.
ІХ. Бағалау. Алтын кілт—5тік, Күміс кілт—4тік, Қола кілт— 3тік