Басы » Кембридж бағдарламасы » Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Қысқа мерзімді жоспар

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В.Натурал сандардың бөлінгіштігі Мектеп:КММ МГ №95
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Купеева Жанар Балпановна
Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.1.5- натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу

5.1.2.8 — натурал сандардың бөлгіштерін табу

5.1.2.9 — натурал сандардың еселіктерін табу

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Натурал санның бөлгіші мен еселігінің анықтамасын біледі. Сандардың бөлгіштері мен еселіктерін таба алады

Оқушылардың басым бөлігі: Натурал сандардың ортақ еселіктері мен бөлгіштерін ашып көрсете алады.

Кейбір оқушылар: Берілген натурал санның бөлгіштері жұптарының қасиетін біледі және есеп шығарғанда күрделі есептерде табуды біледі.

Бағалау критерийлері натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін анықтайды;

— сандардың ортақ  бөлгіштерін табады;

— сандарды ортақ еселіктерін таба біледі;

Тілдік  мақсаттар Берілген тақырып бойынша анықтамаларды айта алады. Бір-біріне сұрақ қойып, жауап бергенде де дәлелдер келтіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

«натурал сан», « бөлгіштер», «еселіктер», «натурал сандар тізбегі»

Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

«анықтамалар мен қасиеттерді дұрыс айта алады»,«есептерді талқылайды», «өз ойларын басқалармен бөлісе алады», «дәлелдейді» , «қорытыды жасай біледі».

Талқылауға арналған тармақтар: Қандай санды берілген а санының бөлгіші деп атаймыз? Қандай санды берілген а санының еселігі деп атаймыз? 2-ге, 5-ке, 10-ға, 3-ке, 9-ға бөлінгіштік қасиеттері қандай? Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба? Сіз неліктен … 3-ке бөлінсе, онда ол сан ол сан да 3-ке бөлінетінін білесіз бе?. Сіз неліктен … 9-ға бөлінсе, онда ол сан ол сан да 9-ға бөлінетінін білесіз бе?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Есеп шығарғанда бөлінгіштік қасиеттерін білу керек, өйткені… Егер натурал сан … аяқталса, онда ол … бөлінеді … санынын болгіштерін жаз … санының алғашқы … еселігін жаз

Құндылықтарды дарыту жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болу. «денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету».
Пәнаралық байланыстар Қоғамдық гуманитарлық пәндер тіл дамыту
Алдыңғы білім 5.1А Натурал сандар және нөл саны.

5.2.3.1 — натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау;

5.2.3.2 — натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу;

5.2.3.3 — натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу

                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру кезеңі :1.Психологиялық дайындық. Ынтымақтастық атмосфераны орнату. «Сәлемдесу» ойыны. Қатар тұрған оқушы бір-бірімен иықпен, қолмен,шынтақпен,баспен сәлемдеседі. Бұл ойын балалардың көңіл күйін көтеру үшін қажет. Шағын топтарға дыбыстау арқылы топтастырылады. Тақырыпқа байланысты оқушылар 2,3,4, ,,,,,, 6-дан топқа біріктіремін,(әр бөлінген сайын қалдықпен ,әлде қалдықсыз бөлінетіндігін анықтап сұраймын)

Ой қозғау.

Өзің оқитын сыныптың оқушыларын 2 топқа, 3топқа 4 топқа,5 топқа  бөлуге бола ма? Неліктен?

Ендеше 4-топқа топтасамыз.

Тапсырма 1 Үй тапсырмасы «Ыстық орындық» страте-гиясы бойынша тексеріледі. Дәптерлер тексеруге жинап алынады

Мақсаты: өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру, кері байланыс

Топ атауы жазылған парақшалар,

 

Сабақтың ортасы 

 

Жаңа сабаққа кіріспе: «Таныстырылым»,

Мақсаты: оқушылардың тақырыпты ашуы

16 саны қалдықсыз бөлінетін сандар…………

16-ға қалдықсыз бөлінетін сандар…………

Бөлгіштер-                     Еселіктер-

берілген сан                    берілген санға

қалдықсыз бөлінетін       қалдықсыз бөлінетін

сандар                               сандар

Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады?

Бүгінгі алға қоятын мақсатымыз не?

Ой шақыру

1)24 тің бөлгіштері:        5-тің еселіктері

42 нің бөлгіштері:       7-нің еселіктері

2)Жалғастыр:  3;6;9,,,,,

11;22;33,,,,,,

3)25саны 75-ке еселік пе бөлгіш пе ?

«Түртіп алу» стратегиясы Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды. Мәтінді  оқып, белгілейді:

Мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту

«V»-«білемін»

«-»-« мен үшін жаңа білім»

«+»-«білмеймін»

«?»-«мені таң қалдырды»;

Қорытындыны оқушылар өздері тұжырымдайды. ҚБ:

 «Бас бармақ»  әдісі арқылы жауап үлгісімен топтар бір — бірін бағалайды.

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан – жақты әрі нақты  қолдау көрсету. «Түртіп алу» стратегиясы арқылы тапсырма беріп, нәтижеге жетеледім. .

Сынып оқушыларын топқа бөлу (1,2,3,4 санау бойынша)

(Т)Тапсырмалар№1 мақсаты: санның бөлгішін, еселігін таба білу білімдерін есеп шығаруда қолдану

32 асықты асық саны өзара тең 2 үймеге, 3 үймеге,  4 үймеге 5 үймеге бөлу мүмкін бе? Тік төртбұрыштың ішіне тиісінше «болады», «болмайды» сөздерін жазыңдар.

2 үймеге
3 үймеге
4 үймеге
5 үймеге

Бағалау:төрт топ бірін-бірі бағалайды. «Бас бармақ» әдісі Топтар бірін-бірі тексереді.1 мен 3, 2 мен 4

Дескриптор:  Білім алушы — берілген санның (32) нің бөлгішін табады; Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында қолдау көрсету

    №2 тапсырма .Мақсаты : «Ия», «жоқ» стратегиясы  бойынша оқушылардың білімдік мақсаттарын бірлесіп шешетін оқу ортасын құру.

Тұжырымдардың ақиқаттығын анықтаңыз.

8 саны – 77 санының бөлгіші
60 саны – 5 санының еселігі
15саны – 90 санының бөлгіші
63 саны – 7 санының еселігі
20 саны – 3 санының бөлгіші

Саралау :

-Кестедегі сандардың  мағынасын ашуға қолдау көрсеттім.

-Еселік,бөлгіш ұғымын пайдану қажет деп ойлайсың ба ?

-Топқа 4 минут уақытта үлгеру тапсырылады.

Дескриптор:   Білім алушы  санның бөлгіштері мен еселіктері анықтамаларын пайдаланып, ақиқат тұжырымдарды көрсетеді.

Кейбір  топтағы  оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдау болады.

Кері байланыс    БІР МИНУТ

Бұл әдіс оқушыларда орындаған тапсырмаларындағы түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Осылайша екінші тапсырма бағаланады.

 Сергіту сәті. (2 мин)

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  •  Алақанды уқалау.
  •  Қолды қысу
  •  Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  •  Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
  •  Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3-4 рет айналым жаса

3-тапсырма

 Мақсаты: санның бөлгішін, еселігін таба білу білімдерін есеп шығаруда қолдану

1.      54 және 192 сандарының барлық бөлгіштерін жазыңыз.  Осы сандардың ортақ бөлгіштерін жазып, ішіндегі ең үлкенін көрсетіңіз.

2.      126 және  399  сандарының қайсысы 3, 7 және 19 сандарына ортақ еселік бола алады?

Жекелеген оқушыларға жылдамдыққа бағынып, нәтижеге жетуін қадағалаймын.

Дескриптор:

§   Білім алушы  санның бөлгіштері мен еселіктерін жазады,

§    Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті көрсетеді

«БББ» кестесі бойынша бағалау

 

 

Білемін Білгім келеді білдім
     
     
Слайд,

Оқулық,  Үлестірмелер,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бас бармақ» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бас бармақ» әдісі

1  минут миминут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд,

Сабақтың соңы

 

Кері байланыс «Шығу парағы» -сабақ аяғында оқушылар сұраққа(2-3сұрақ) жауап береді,ол сұрақтар сабақты қорытындылап, оқушының алған білімін, сабақтың қалай өткендігін бағалайды.

1)      Бүгін не үйрендіңіздер?

2)      Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

3)      Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек?

«Мадақтау» арқылы бағалау

«Смайлик» арқылы

Бағалау: Мұғалім тарапынан «жарайсың», «тамаша», «өте ұтымды жауап» сөздерімен мадақтау.

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

стикерлер

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау

Тапсырма мәтіндерін оқуға,түсінуге қиналған оқушыға  жеке қолдау көрсетіледі;

Оқушылардың бірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылы көшбасшылық қабілеттерінің оянуына ықпал ету

-топта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

-диалогта қатысады

-өзін-өзі бағалауға үйренеді

        Бағалау

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардыңжауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс арқылы бағалау. «Смайлик»

 

денсаулық

сергіту сәтін өткізу

 

 

 [bws_related_posts] 


 [bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *