Қысқа мерізімді жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
Сабақтың басы
6 мин |
— оқушылардың ойларын шоғырландыру;
санау арқылы «Жұп сандар» және «Тақ сандар» топтарына бөлу. «Сократ шебері» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы «Натурал санның бөлгіштері мен еселіктері», «Жай және құрама сан», «Бөлінгіштіктің негізі қасиеттері» тақырыптарға шолу жасау. Кері байланыс: Топтар өздерінің атауларына қысқаша анықтама беріп өтеді. |
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
(Ж) Жаңа сабаққа кіріспе
Мақсаты: «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларға сабақ тақырыбын, мақсатын өздері ашуына бағыттау. 1. 12034; 4320; 13271; 502025; 373819; 63633 сандарының арасынан 1) жұп цифрға; 2) тақ цифрға аяқталатын сандарды теріп жазыңдар. 2. 1) жұп цифрлармен; 2) тақ цифрлармен жазылған біртаңбалы сандар 2 санына бөлінеді ме? Тексеріңдер. 3. 2 мен 5-ке еселік болатын сегіз сан жазыңдар.Жазылған сандардың бірлік разрядында қандай цифр бар? Осы сандар 2-ге, 5-ке бөлінеді ме? 2-ге, 5-ке бөлінетін сандар қандай цифрмен аяқталады? 4. 1) 5 санына, 2) 10 санына бөлінетін 34 санынан үлкен, бірақ 51 санынан кіші екі таңбалы сандар қандай цифрлармен аяқталады? ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы |
Интерактив-ті тақта, 1 слайд, |
1-тапсырма
Мақсаты: «Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша оқушылардың білімдерін анықтау. Қалыптастырушы дағдылар: q Ойлау, шешім қабылдау; q Еркіндік, дербестік. Жұмыс алгоритмі: а) 971, 5042, 973, 980, 3401, 2600 сандарының қайсысы 2,5,10 сандарына қалдықсыз бөлінеді? б) 46* үш таңбалы санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда шыққан сан 2, 5, 10 сандарының әрқайсысына қалдықсыз бөлінеді? с) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды және биыл неше жыл толады? Бұл сандар 2, 5, 10 сандарының қайсысына бөлінеді? |
Интерактив-ті тақта, Жеке жұмыс
Конверт, түрлі түсті жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш фигуралары |
||||
Бағалау критерийі
Білім алушы — натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін анықиайды. |
Дескриптор:
Білім алушы — 2-ге бөлінетін сандарды теріп жазады; — 5-ке бөлінетін сандарды теріп жазады; — 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазады; — бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қояды; — берілген сұрақ бойынша сандардың бөлінгіштік белгілерін қолданып, шешуін табады. |
||||
Бағалау: оқушылар фигуралар арқылы бір-бірін бағалайды. | |||||
(Т) 2-тапсырма
Мақсаты: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша оқушылардың ортақ мақсатқа негізделген идеялар мен ойларды дамыту. 1 топқа: х — тақ сан болса, онда 5 х өрнегiнiң мәнi жұп сан бола ма? Тағы өзге қандай тұжырым жасар едің? 2 топқа: 8b өрнегiнiң мәнi 10 санына бөлiнедi. 12b өрнегiнiң мәнi 10 санына бөлiне ме? Жауабын түсiндiрiңдер. |
Оқулық, стикер
Үлестірме парақтары, бағалау парағы |
||||
Бағалау критерийі
Білім алушы — натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану. |
Дескриптор:
Білім алушы — берілген сұраққа қатысты тұжырым жасайды; — жауабын түсіндіреді, дәлелдейді |
||||
Саралау: Сыни тұрғыдан сұрақтар беру арқылы қолдау көрсету. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді?
— Оны қайдан білдің? — Сенде қандай дәлелің бар? ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды. 3-тапсырма Мақсаты: «Үшіншісі артық» әдісі арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамытуда, тарихи мәдениетін қлыптастыруда, алған білімін өмірде қолдану. Қалыптастырушы дағдылар: q Ойлау, шешім қабылдау; q Ақпаратты басқару; q Бірлескен жұмыс; Жұмыс алгортимі: 1 топқа: «Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Оның жасы 16-да болса, оның бойы 565 сантиметр болған.
|
|||||
2 топқа: Энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті «Ботай мәдениеті» ескерткішіне 2014 жылдар аралығында профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстары жүргізілді. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған.
Дескриптор: — артық деректі табады; — мәтіндегі сандардың ішінен 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазады. Бағалау. Бағалау парағына оқушылар өз-өздерін бағалайды. |
|
||||
Сабақты соңы
9 мин |
«Элективті тест» арқылы мұғалім сабақты қортындылайды.
«Бір минут» әдісі арқылы оқушылар сабақты қорытындылайды. Үй тапсырмасы «Кері байланыс бутерброды» рефлексия
|
Интерактивті тақта, презентация
|
|||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Оқушыларға диалог арқылы барынша қолдау көрсету. Кейбір оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады, сондықтан оларға қосымша тапсырмалар немесе сыни тұрғыда ойландыратын сұрақтар қою арқылы қолдап отыру,Оқушылар үнемі бағаланып отырады, сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру маңыздырөл атқарады. | «Басбармақ» әдісі, түрлі фигуралар , стикерлер арқылы бағалау,
«Екі жұлдыз, бір тілек», «Кері байланыс бутерброды» рефлексия |
Сабақта әрбір оқушының қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтап, жұмыс істеулерінеибағыт беріп отыру. |
[bws_related_posts]